Өмірбаян: Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев (1 ақпан 1948 жылы)

Өмірбаян: Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев (1 ақпан 1948 жылы)

Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев (1 ақпан 1948 жыл, Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Қызылсай ауылы) – қазақстандық композитор, әнші. Қазақстан халық әртісі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қырғызстанның Халық артисі.

Өмірбаяны
Үшінші сыныпта оқып жүргенінде Бескемпір ағасы оған сегіз ішекті мандолинді қаладан әкеліп береді. Оның өзі де орыстың әлде бір частушкаларын, әндерін шебер орындайтын. Оның тағы да бір серігі гармошка болды. Ол он екі жасынан бастап гармошканы қайда барса, сонда алып жүретін әдет шығарды. Осылай Алтынбек қос музыкалық аспапты игеріп ән салу өнеріне алғаш қадам басты. Ағасы Бескемпір Алтынбекті Тараздағы (ол кезде Жамбыл қаласы) мәдени ағарту училищесіне он бес жасында оқуға тапсырады. Училищенің директоры – Қырғызбай Айнағұлов еді. Осында Алтынбек пианиноны ойнауды үйренсе, ұстазы Әбілахат Төлешов домбыраны тартуды үйретті. Енді ол төрт музыкалық аспапты ойнауды игерді. Алтынбек, әсіресе, күй тартуға құмарлана түсті. Әрине Құрманғазының «Сары арқасы», «Адай» күйлері қай қазақтың делебесін қоздырмаған. Сол жылдары Алтынбек баянда ойнауды да игерді.

Алтынбектің ұстаздарының кейбіреулері оны Мәскеу немесе Ленинград музыкалық жоғары оқу орындарына баруға үгіттейді. Училищені сол жылдары Шора Теміров басқарды. Шора Теміров Алтынбекті жетелеп әкеліп консерваторияның дирижерлік бөліміне оқуға орналастырады. Мұндағы ұстазы – Алдаберген Мырзабеков. Ұстаз Алтынбекті оқып жүрген кезінде-ақ, Құрманғазы атындағы оркестрге өткізеді. Сонда ол 1973 жылға дейін домбырашы болады. Алтынбек оркестр құрамында Финляндия, Қазақстан мен Ресейдің біраз қалаларына, елді мекендеріне барып өнерін көрсете бастайды. Оның есінде әсіресе Қазақстан халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевпен бірге Гурьев облысына 1972 жылы баруы өнерінің бір белесі болып танылады. Сол жылдары ол Кененнің «Бозторғайын» «Базар-Назарын» және «Қайран жастық» әндерін орындаған.

1973 жылдан Жамбыл облыстық «Алатау» эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі, сонан соң облыстық филармония директоры болып істеді. Халық сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «ата», «Сағындым атамды» әндерінің авторы.

Марапаттары
Мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін А. Қоразбаевқа

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты;
«Қазақ КСРның Еңбек сіңірген артисі»
1993 жылы «Қазақстан халық әртісі»
1994 жылы «Қырғызстан Республикасының халық артисі» құрметті атақтары берілді.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
2010 жылы «Парасат ордені»
2016 жылы елбасының қолынан ІІІ дәрежелі «Барыс ордені» алды.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев өмірі мен шығармашылығы, Алтынбек Коразбайулы Коразбаев биография омирбаяны акпарат малимет, Алтынбек Коразбайулы Коразбаев биография на казахском языке, Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]