Өмірбаян: Доскей Әлімбайұлы (1850 - 1946)

Өмірбаян: Доскей Әлімбайұлы (1850 - 1946)

Доскей Әлімбайұлы (1850, Астана, Сораң атты жер - 21.09.1946, Қарағанды) - топжарғын ақын, айыр-көмей шешен, жезтаңдай әнші, дарынды композитор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық ақыны. Арғын тайпасының Қуандық руының Мойын Байдәулет бөлімінен шыққан.

Жасынан жетім қалып, байларда жалшылықта жүрген. Жас шағынан өнер мәдениетін - әйгілі Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Біржан салдардан үйреніпті. Доскей Орынбай, Кемпірбай сынды өнерпаздармен кездеседі, Үкілі Ыбырай және Ақан серімен айтысады. "Көмейің кең, тілің мірдің оғындай өткір екен…" - дейді Біржан, Доскейге домбрасын сыйлап.

Доскей әу бастан аңыз - әңгімелерге, ертегі - жырларға, ән-күйге құлағын түріп, зейініне тоқып, халықтың ақ жамбыдай асыл дүниелерін жадына ұстап жүреді. Жасынан жетім қалған, байлардың жалшысы болған ол 16 жасынан өзінің ақындығын таныта бастайды. Революцияға дейін Доскей патша үкіметі мен бай, билердің айуандық қылықтарын өзінің өткір жырларымен өлтіре шенеді. Халық ішінен шыққан ақын Доскей қанша қудаланып, қиындыққа кездессе де, үстем тап өкілдерінің алдына бас имеген. Кеңес заманы орнағаннан кейін Доскей көмірлі Қарағандыда өмір сүрген. Сондықтан шығармаларының негізгі тақырыбы Қарағанды кеншілерінің өмірі мен еңбегі болды. "Қарағанды", "Екі сайлау", "Жүрегім" деген өлеңдері ақынның таңдаулы шығармалары болып есептеледі.

Жасы жүзге аяқ басқан Доскей Әлімбайұлының ақындық дауысы майдан жылдарында ерекше екпінмен естіледі. Отан қорғау жолындағы әрбір жеңісті, әрбір жаңалықты, әр жауынгердің егжей-тегжейлі анықтап, сұңқарша саңқылдады. Алпыс дұшпанның көзін құртқан қазақтың батыры Досмағамбетовтың, Жұмалиевтың асқан ерлігін баяндады.

1943 жылы Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин Қарағанды қаласында болғанда, оны Доскей Әлімбайұлы өлеңмен құттықтайды. Доскей қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін, шешендік, тапқырлық сөздерді, тарихи адамдардың өмірі мен өнерін өте көп білген. Ақынның айтуында, Ақдәме қыз бен Асан ханның айтысы бар. Сондай-ақ Доскей - "Қажымұқан", "Бақыт іздеуші тазша", "Қара сиыр" дастандарының авторы. 1939 жылы Д.Әлімбаевқа Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының Указы бойынша "Қазақ халқының ауызша халық творчествосын өркендету ісіне озат еңбек сіңіргені үшін", "Қазақ КСР өнеріне еңбек сіңірген қайраткері" атағы, 1940 жылы "Құрмет белгісі" ордені берілді. 1940 жылы мамырда Доскей Әлімбайұлының жасының тоқсанға, ақындық қызметінің 75 жылға толуына орай республикалық көлемде мерейлі мерекесі аталып өтті. Бұл тойға Н.Байғанин, Н.Бекежанов, Н.Баймұратов, С.Мұқанов, Ш.Қошқарбаев, Қ.Әбдіқадыров, А.Тоқмағамбетов қатысты. Нүрпейіс, Шашубай, Нартай, Нұрлыбек сынды халық ақындары той иесіне жырмен шашу шашты.

Сезімі өткір, қиялы ұшқыр, ақын Доскей жасы жүзге таяп қалған күннің өзінде ел өміріндегі елеулі оқиғаларды, ұлан - асыр той мерекені қанатты шабытпен жырға қосатын. Ол өмірінің соңғы көп жылдарын өзі тұстас, өзінен кіші де ақындармен айтыспен өткізді. Мұнда көбіне Орталық Қазақстанның, көмірлі Қарағандының еңбек өрендерін, ақын - жыршыларды, ел қорғаған батыр-ерлерді, ана мен бөбектерді, халықтар достығын жырлады. Ол өзінің домбра күйімен, қарт үнімен Ұлы Отан соғысының ерлерін мадақтап, зұлым жауды жеңіп шығуымызға ізгі ниет -тілегін білдіріп отырды. Ән мен сөздің шебері - Д.Әлімбайұлының өмірі мен творчествосын зерттеп, халық арасына насихаттауда Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысы бойынша сол кездегі өкілдері Рахымбай Құлбаев, Айтбай Хангелдин, Әуезхан Көшімов, Қалижан Бекхожин, Аллажар Теміржанов, Жаппар Өмірбеков, Бүркіт Ысқақов.

Жасы жүзге таянғанда, 1946 жылғы 2 - қазанда Доскей Қарағандыда қайтыс болды. Ақынды арқа жұртшылығы, оның ішінде Қарағандылықтар көзі тірісінде де, қайтыс болған соң да қадір тұтып, оған зор құрмет көрсетті. Д.Әлімбаев есімімен Қарағандыда көше, жатқан жерінде - Бұқар жырау ауданында елді мекен аталды.[

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Доскей Әлімбайұлы туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Доскей Әлімбайұлы өмірі мен шығармашылығы, Доскей Алимбайулы биография омирбаяны акпарат малимет, Доскей Алимбайулы биография на казахском языке, Доскей Әлімбайұлы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]