Өмірбаян: Бөлтірік Атыханұлы (1870-1928)

Өмірбаян: Бөлтірік Атыханұлы (1870-1928)

Бөлтірік Атыханұлы 1870-1928 жылдары өмір сүрген. Ақыны, жыршы, күйші. Алматы облысы Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылында тұрған.

Құланаян Құлмамбеттің шәкірті. Бала кезінде ауыл молдасынан дәріс алған. Жасынан ел аралап, өнер қуған. Жетісу өлкесіне шұрайлы өлеңдерімен ақын ретінде танылған. Атақты Жамбыл, Майкөт, Үмбетәлі ақындармен айтысының үзінділері ғана жеткен.

Күйлері "Терме күй", Жыр күй", "Ән күй" шығармалары сақталынған. Ақын жырларының сақталуына үлес қосқандар Байниет Малыбекұлы, Қайырбек Мәңкеұлы, Садықожа Моштайұлы, Бура молда, Саурықов Сыдық, Әбдірасылов Шәуен ауыздан-ауызға жатқа айтып, ұрпаққа жеткізді. Академиктер Рахманқұл Бердібаев, Кеңес Нұрпейісов, ғалымдар Сәрсенбі Дәуітов, Сағатбек Медеубеков ақын шығармашылығы туралы зерттеулер жазды.

Алматы қаласындағы №36 қазақ орта мектебіне ақын есімі берілді. "Бөлтірік-Қасенбай" атындағы қор жұмыс істейді. Қор төрайымы Бөлтірік атаның немере қызы Бақытгүл Қасенбайқызы Бөлтірікова.

Шығармалары
1916 жылғы Қарқара ұлт-азаттық көтерілісі жайлы “Ел жарыла көшкенде” атты дастаны “Жаңа мектеп” журналында (1926, 1929 — 10), “16 жыл” (1936, 1940) кітаптарында басылды. Шығармаларының көбі хатқа түспеген. Кейбір айтыстары мен өлең-жырлары “Қазақ совет фольклоры” (1935), “Айтыс” (1 т., 1965), “Жамбыл” (1946) жинақтарында жарияланды. “Азамат болсаң” (1993), “Ел жарыла көшкенде” (1998) атты жеке жинақтары жарық көрді. Жинақталып 2001 жылы "Ұрпаққа өсиет" атты кітабы жарық көрді. Бөлтірік шығармаларының қолжазбалары Қазақстан Орталық ғылыми кітапханасының сирек қоры мен Әдебиет және өнер институты Қолжазба орталығында сақтаулы.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Бөлтірік Атыханұлы туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Бөлтірік Атыханұлы өмірі мен шығармашылығы, Бултирик Атыханулы биография омирбаяны акпарат малимет, Бултирик Атыханулы биография на казахском языке, Бөлтірік Атыханұлы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]