Өмірбаян: Тамара Асар (1976 жылы 16 шілде)
Тамара Асар (1976 жылы 16 шілдеде Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында туған) — әнші. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2007). Құрмет орденінің иегері (2014).
Биография
Еліміздің батыс өңірі – Ақтаудан 16 шақырым жердегі «Ақшұқыр» деген ауылда ұстаздар отбасында өмірге келген.
«Жаратушы қиындықты тек көтере алатын адамына береді» дейді халқымыз. Осы сөзді өзіме ғана арналған деп қабылдайтын Тамара, тіршілікте басынан өткен түрлі ауыртпалыққа мән бергенді көңілі қаламайтын қайсар қыз.
90-шы жылдардың соңында ол жол апатына ұшырап, бір аяғынан айрылған болатын. Араға жылдар салып, денсаулығын қалпына келтірген әнші, өзін — өзі қамшылап өмір сүруді әдетке айналдырды. «Қиындық әркімнің басына болатын нәрсе, тек оны жеңудің кілті – жүректе» дейтін Тамара Асар өмірге ғашық адам кез-келген қиындыққа төзімді болып келеді деген пікірде. «Серпін» жастар сыйлығының иегрі Тамара Асар басқа әрпітестеріне қарағанда денсаулығына көбірек алаңдайды. Сондықтан қаланың қым-қуыт тіршілігінен шаршағанда көпшіліктен оң кетіп, баласымен демалғанды ұнатады екен. Туған жері Ақтауға жиі ат басын бұратын әнші жалғызсырыған сәтте қолына кітап алып, әдебиетпен сырласқанды жан рахатына балайды.
Білімі
Бала кезден өнерді өзіме серік етемін деп армандаған ол, алдымен Ақтаудағы музыка мектебінде білім алады. Кейін Алматыдағы қазіргі Елебеков атындағы эстарда және цирк коледжінде оқи жүріп, ілімін мұғалімдік мамандықпен ұштастырады. 8-ші сыныптан бастап Алматыда дәріс алған Тамара көпшілікпен етене араласуна танымал мектепте оқығаны септігін тигізгенін айтады.
Еңбек жолы
Өнердегі еңбек жолы Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы жанындағы Мұрат Өскімбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында басталған. Шығармашылықта жүрген 12 жыл ішінде көптеген жанрлар мен бағыттардағы: «Отырар сазы», «Ақжауын», Абыл Тарақұлы атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің, «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ән айтып, жұртшылықтың назарында жүр. Сонымен қатар, жаңашыл эстрадалық жанрда Қазақстанмен қоса, Еуропа, Азия елдерінің алдыңғы қатарлы сахналарында бар талап-талантымен өнерін өрнектеуде.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өмірбаян: Қыдырәлі Болманов Нұртайұлы (1964 жылы 19 мамыр)
» Өмірбаян: Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев (8 қараша 1976 жыл)
» Өмірбаян: Айгүл Қосанова (1974 жылы 21 шілде)
» Өмірбаян: Азамат Сатыбалды (1977 жылы 2 қараша)
» Өмірбаян: Мәдина Бақытжанқызы Сәдуақасова (1979 жылы 8 қыркүйек)

Іздеп көріңіз: