Қазақша өмірбаян: Ақұштап Бақтыгереева (1944)
Ақұштап Бақтыгереева (1944 жылы 23 тамызда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжайықта туған) — қазақтың жайықтың ақ шағаласы атанған ақын қызы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). "Алаш" Халықаралық әдеби сыйлығының иегері. Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы (2017) Құрмет орденінің иегері (2005).
Өмірбаяны
Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген (1966). Облыстық “Орал өңірі”, республикалық “Қазақ әдебиеті”, “Жұлдыз” басылымдарында, “Жазушы” баспасында қызмет істеген. Тұңғыш кітабы “Өрімтал” (1967), кейіннен “Наз” (1969), “Қуанышым, іңкәрім” (1971), “ Сені ойлаймын” (1973), “Аққанат” (1975), “Бақыт әні” (1978), “Жайық қызы” (таңдамалысы 1980), “Белокрылая” (1981), “Ақжелең” (1985), “Сүмбіле” (1990) кітаптары шықты. Оның азаматтық үні “Трибун-ақын”, “Ақ Жайықтың көз жасы”, “Елдің елдігі — бірлігі”, “Оралдағы ойран” сияқты өлеңдерінде айқын көрінді. Туған елге деген сүйіспеншілік, ана тілі тағдыры, т.б. мәселелер ақын поэзиясының арқауы. Бақтыгерееваның шығармалары поэтикалық қуатымен, тілінің шырайлылығымен қазақ поэзиясына жаңа өрнек алып келді. Оның өлеңдеріне Ө. Бәйділдаев, Қалдаяқов, Т. Бақтыгереев, т.б. ән жазған.
Шығармашылығы
Жұлқыса жел есіріп,
Майысқанмен сынбадың.
Сыр айтпадың шешіліп,
Неше келіп тыңдадым.
Қысты жеңіп, шуаққа Жайраңдаған кезіңде,
Бойыңдағы қуатқа Қайран қалам өзім де...
Кеудемді жанап өттіңдер,
Жүр едім жырды бастамай,
Азайып неге кеттіңдер,
Даламның қарлығаштары-ай!...
Топтанып ұшқан үйірің
Достардай еді-ау жаны ізгі.
Адамнан кеткен мейірім,
Сендерде қалған тәрізді.
Махаббат, тағы саған қайта оралам,
Сен болшы тақырыбым қайталаған.
Өмір жоқ махаббатсыз, бақыт та жоқ,
Басқадай әңгімем жоқ айтар оған.
Ақ таңды сүю керек, нұрын күннің,
Ұната білу керек түрін гүлдің.
Қыздары ғашықтықтан өліп кеткен,
Аңызын оқу керек бұрынғының.
Жазғанмен махаббатты бұдан бұрын,
Қорғауға соны тағы шығам бүгін.
Жарын сүйе білмейтін жасықтардың
Елін сүйетіндігіне күмәндімін.
"Қыздары ғашықтықтан өліп кеткен!" Екінің бірінің аузына түсе бермес, қаламына орала бермес бейнелі жол. Мұнда қасірет те бар шығар, бірақ ол қалтарыста қалған. Қазақ қызына, оның махаббатына деген қүрмет осындай-ақ болар. Айтқан серттен айнымас арда сезімге, ұлттың кешегі ұлы махаббатына жыр жолымен қойылған ескерткіш секілді. Қазақы әдет-ғұрып пен өнегенің аясында тәрбие алған қыздың өзі сүйген жігіттің алтын басын ардақтап, бағалай білуі бүгінгі феминистік заманда тосын естіледі.
Шырағымбысың, Шынарымбысың, Қыранымбысың, Жыр-әнімбісің.
Бәрі де сен бол, мен әйел болам, Өзіңе ғана ұнауым үшін!
Бүл да тек Ақұштапша ғана айтылган айшықты ойлар, айрықша дара шумақтар. Мұндай өлеңдер, жасырып-жабары жоқ, бүгінгі саусақпен санарлық дарынды өйел-ақындардың кейбірінің жігіттерді кілең жігерсіз, жасық, ұсақ, күйкі тірлік иесі етіп көрсететін адуын жырларынан гөрі жаныма жағыңқырайды. Жігітті ардақтағаннан ақын қыздың лирикалық кейіпкері аласарып қалған жоқ, қайта өз бейнесі биіктеп, асқақтай түскен. Ол ақын да, ана да бола білген асылдардың санатынан.
Анамын бөбегін сағынған,
Ақынмын жыр болып, ағылған.
Көңілмін екіге бөлінген,
Жүрекпін екіге жарылған.
Осы өлеңді оқи отырып сүйсінесің, оқи отырып ерисің. Ақындығына тәнті боласың, аналығына басыңды иесің. Бұл да болса өлең-сөздің қүдіреті. "Әйел адамға 18 жасқа дейін жақсы ата-ана, 18-ден кейін жақсы көрік керек, 35-тен кейін жақсы мінез, 55-тен кейін жақсы ақша керек" деген екен атақты американ актрисасы Софи Такер. "Ал ақын әйелге ше?" — дейді біздің бір ойымыз. Меніңше, Аллаға шүкір, Ақұштап апайға осының бәрі де бұйырған. Бірақ нағыз ақынның көңілі бәрібір байыз таппайды, дүниенің бәріне алаң. Өйткені ол мынау мазасыз әлемге, азаттықтың асау арнасына, қоғамдағы қалтқымалы ахуалға, ауылдағы жадау түрмысқа, ұлттың тілі мен ділінің болашағына ақындық жауапкершілікпен, аналық жанашырлықпен қарайды. Сондықтан да ол: Ақ айдын айырбас боп тас қалаға, Тұрсам да жанға жайлы баспанада. Парлатып көздің жасын Жайыққа ұшқан, Мен, апа, секілдімін ақ шағала, — деп арыз-арманын жазса, шүбәсіз иланамыз — иланамыз да, ортамызда осындай арзу ақынның барына мың да бір тәуба айтамыз.
Марапаттары
ҚР тұңғыш президенті - елбасының Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке алғыс хаттарымен марапатталған.
2001 жылы «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі;
2004 жылы Орал қаласының Құрметті азаматы (құрметті атағы) берілді.
2005 жылғы президент жарлығымен «Құрмет ордені»мен марапатталған.
2008 жылы «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі
2011 жылы "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
2012 жылы ҚР тұңғыш президенті – елбасының қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.
2014 жылы ҚР Президенттік степендиясының иегері
2015 жылы "ҚР Конститутциясына 20 жыл" медалі
2016 жылы «ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі;
2016 жылы «Желтоқсан оқиғасына 30 жыл» құрметті төсбелгісінің иегері.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өмірбаян: Серік Тұрғынбеков (1946 жылы 1 наурыз)
» Өмірбаян: Жансая Мусина Ғалымжанқызы (1985 жылы 12 наурыз)
» Өмірбаян: Сара Тыныштығұлова Өрдембайқызы (1942 жылы 1 қаңтар)
» Қазақша өмірбаян: Тұманбай Молдағалиев (1935 - 2011)
» Өмірбаян: Мұрат Ахманов Ноянбайұлы (1959 жылы 1 маусым)

Іздеп көріңіз: