Өмірбаян: Қажым Жұмалиев (1907-1968)
Қажым Жұмалиев (1907-1968) 28 желтоқсанда қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында туған. Филология ғылымының докторы (1947), профессор (1950), 1946 жылдан Қазақ КСР ҒА-ның корреспондентмүшесі, 1967 жылдан академик. 1925-1932 жж. Орынбор мектебінде, Шымкент ауылшаруашылық техникумында оқыған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1932).
1932-1937 жж. осы университетте қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, Алматы жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар ұстаз болған.
«Ерғожа мен Егізбай» (1929), «Шабуыл» (1933), «Қанды асу» (1934), «Өмір жыры» (1938). «Қырдағы күрес» (1957) атты өлең-поэмалар кітаптары жарық көрген.
Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихынан жазыла бастаған романның үзінділері «Айқас» деген атпен басылған (1942). «Біржан-Сара» операсы либреттосының, «Арбасу» (Әбу Сәрсенбаевпен бірге) атты драмалық шығарманың авторы. Қазақ зиялы қауымының алғашқы буыны туралы «Жайсаң жандар» (1969) атты естелік жазды.
30-жылдардың соңғы кезінен бастап қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеумен шұғылданды.
Орта мектеп оқулықтары көлемінде әдебиет тарихын жүйелеумен айналысып, 8 - 9-сыныптар үшін қазақ әдебиеті оқулықтарын, «Әдебиет теориясын» жоғары оқу орындары филология факультеттеріне арналған «ХVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1967) оқулығын жазды.
Махамбет шығармаларын жинап, бастырып (1939, 1958, 1960), ақын шығармашылығына (1948), қазақ фольклоры мен әдебиетінің байланыстарына, Абай поэзиясына арналған монографиялық еңбектер жазды. Көп томды «Қазақ әдебиетінің тарихын» жазуға қатысып, 2-томның редакциясын басқарды.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: