Жұмбақтар жауабымен

Жұмбақтар жауабымен: Табиғат туралы жұмбақтар (5)

Айтқаныңды айнытпай,
Қайталайды өзiңе
Тiл қатқанмен қаймықпай,
Көрiнбейдi көзiңе.
Жаңғырық

Мұхиттардың ортасында
Аппақ тау бар, түк өспейдi
Жер шарының картасында,
Оған еш шың теңеспейдi.
Айсберг

Жалтырайды сайда,
Сынбайтын айна.
Мұзойнақ
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Оқу жабдықтары, білім

Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге.
Білім

Бір шыққан соң орнына қайтып кірмес,
Қай жақтан келерін де адам білмес.
Азаттығы сонымен дүниенің,
Онсыз тірі ешкім де дәуір сүрмес.
Сөз

Тыста – арқаңдамын,
Сыныпта – партаңдамын.
Портфель
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Оқу жабдықтары, білім (1)

Денесi бар шыбықтан,
Темiр тұмсық құдықтан,
Сусын алып iшедi,
Ойы iз боп түседi.
Қаламсап

Iлулi тұр кең алаң,
Керегiмдi мен одан.
Жазып алам көшiрiп,
Сүртем сосын өшiрiп.
Тақта

Үстiнде есiгi,
Өзi орындық, әрi үстел,
Оқушылар бесiгi.
Парта
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Егіс пен өсімдіктер өлкесі

Қырдан қырайман көрдім,
Судан сүлеймен көрдім.
Қайырылып тұрған тас көрдім,
Тұзсыз піскен ас көрдім.
Диірмен, балық, қауын

Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін?
Орамжапырақ

Асты тақта,
Үсті тақта,
Ортасы жасыл мақта.
Пісте
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Егіс пен өсімдіктер өлкесі (1)

Тасты жапқан түк кілем,
Тамыры жоқ, мүк кілең.
Қына

Тасты тесіп, күресіп,
Терең жайып тамырын.
Ақ күлгін шөп тұр өсіп,
Қарсы ап дәйім таң нұрын.
Тау гүлі

Шөлде
Гүлдейді, құлпырады,
Суда
Өмірі қырқылады.
Сексеуіл
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Егіс пен өсімдіктер өлкесі (2)

Қолымда сақинам бар алшығарай,
Қойды қасқыр жейді екен қан шығармай.
Бұл жұмбақты қайсы жігіт табады,
Сол жігітке тиемін мал шығармай.
Қарбыздың тіліктері, қарбыз, пышақ

Ара-арасы ақпа тіл,
Арасынан тастап тіл.
Ала қарбыз

Жерде жатып желіндейді,
Күзге дейін желінбейді.
Үндеместен төлдеп жатыр,
Су бермесең шөлдеп жатыр.
Қарбыз
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Есеп және сауда

Арзан ба, әлде қымбат па?
Білесің де бағасын,
Барлық затты бір затқа
Айырбастап аласың.
Ақша

Бір қара дөңгелек,
Арлы-берлі дөңгелеп.
Әр нәрсені тексеріп,
Санағанда тым зерек.
Есепшот
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0