Жұмбақтар жауабымен: Отбасы, отбасы мүшелері, бала, көңіл, көлеңке
Көтеріліп қампияр қиыстырсаң,
Майдаланар қимылсыз жиыстырсаң.
Мұның да шешімі бар келісімді,
Ойланып ақылыңа сиыстырсаң.
Майдаланар қимылсыз жиыстырсаң.
Мұның да шешімі бар келісімді,
Ойланып ақылыңа сиыстырсаң.
Адамның ойы
Атқа мінбейді, жаяу жүрмейді.
Күніне мың шақырым жерге,
Барып қайтып келеді.
Күніне мың шақырым жерге,
Барып қайтып келеді.
Көңіл
Сен жүрмесең, ол да сірә жүрмейді,
Күнде жаңа, ескіріп көнермейді.
Көлге түсіп, қуаңға аунасаң да,
Тәніне шық, етіне шөп енбейді.
Күнде жаңа, ескіріп көнермейді.
Көлге түсіп, қуаңға аунасаң да,
Тәніне шық, етіне шөп енбейді.
Көлеңке
Алам аяқ, алам аяқ,
Жүгірсем жеткізбейді жалаң аяқ.
Жүгірсем жеткізбейді жалаң аяқ.
Көлеңке
Күніне бір өліп, бір тіріледі,
Ақырында тұра алмай кідіреді.
Ойланғанға келісімді шешуі бар,
Ойланбаса мұны да кім біледі.
Ақырында тұра алмай кідіреді.
Ойланғанға келісімді шешуі бар,
Ойланбаса мұны да кім біледі.
Адамның ұйықтағаны, оянғаны
Аппас жұмбақ,
Адам басын таппас жұмбақ,
Қыз тілесе, бермес жұмбақ,
Қызыл алтынға батпас жұмбақ.
Адам басын таппас жұмбақ,
Қыз тілесе, бермес жұмбақ,
Қызыл алтынға батпас жұмбақ.
Адамның тәрбиесі
Табаққа түспес,
Қазанға піспес,
Оны ішпей адам өспес.
Қазанға піспес,
Оны ішпей адам өспес.
Ана сүті
Сақыр-сақыр сақасы,
Ішіндегі бақасы.
Екі торсық азығы,
Діңкілдейді қазығы.
Ішіндегі бақасы.
Екі торсық азығы,
Діңкілдейді қазығы.
Бесіктегі бала
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Жұмбақтар жауабымен: Физика (жол, уақыт, күш, қысым, температура)
» Қазақша жұмбақ: Логогриф
» Жұмбақтар жауабымен: Адамның дене мүшелері (тырнақ, шаш, ауыз, бет, тіс, бас, тіл, саусақ, кіндік, құлақ, көз бен мұрын)
» Қазақша Жұмбақ: Адамның дене мүшелері
» Жұмбақтар жауабымен: Ыдыс-аяқ (қазан, ыдыс, ожау, самауыр, шәйнек, кесе, оқтау, пышақ)
» Жұмбақтар жауабымен: Физика (жол, уақыт, күш, қысым, температура)
» Қазақша жұмбақ: Логогриф
» Жұмбақтар жауабымен: Адамның дене мүшелері (тырнақ, шаш, ауыз, бет, тіс, бас, тіл, саусақ, кіндік, құлақ, көз бен мұрын)
» Қазақша Жұмбақ: Адамның дене мүшелері
» Жұмбақтар жауабымен: Ыдыс-аяқ (қазан, ыдыс, ожау, самауыр, шәйнек, кесе, оқтау, пышақ)
Іздеп көріңіз: