Жұмбақтар жауабымен: Алфавит, әріптер жұмбақтар

Жұмбақтар жауабымен: Алфавит, әріптер жұмбақтар

Бір атадан туыпты жиырма тоғыз баласы,
Бірлігінде бұлардың, ешкімнің жоқ таласы,
Бірігіп жүріп іс қылар, өзің ойлап қарашы.
Жиырма тоғыз әріп

Қаздар бар жиырма тоғыз бірге туған,
Әлемнің былық басқан бетін жуған.
Қор болмайды, өмірде кем болмайды,
Туа салып анадан соны қуған.
Жиырма тоғыз әріп

Жансызға жиырма тоғыз* болдым таныс,
Тамаша бір жүйрікпен қылдым жарыс.
Жансыз тұрып, жандының себебімен,
Аяғын басады екен шәркем шалыс.
Жиырма тоғыз әріп

Мейізде бар,
Өрікте жоқ.
Киізде бар,
Сырмақта жоқ.
З әрпі

Халықта бар,
Елде жоқ.
Халатта бар,
Көйлекте жоқ.
Х әрпі

Шаңда бар,
Желде жоқ.
Тозаңда бар,
Құйында жоқ.
Ң әрпі

Жанында жаздың шуағы
Жаңбырмен жүзін жуады.
Екі орақ пен бір таяқ,
Белін бірге буады.
Ол қай әріп болады?
Ал зердеге салайық
Болады екен қай әріп.
Ж әрпі

Екі тіреу,
Басы біреу.
П әрпі

Дыбысы жоқ өзінше,
Тынысы жоқ өзінше,
Қатаңдатып жіберер,
Өзге әріпті көзіңше.
Ъ белгісі

«Ащы» дейсің қазақта,
Келу үшін осы әріп.
Құрық жалғап азапқа,
Түсті «ш»-ға дос әріп
Щ әрпі

Өмірде жоқ,
Өңірде бар.
Ауырда жоқ,
Жеңілде бар.
ң әрпі

Қарда бар,
Мұзда жоқ.
Жарда бар,
Құзда жоқ.
Р әрпі

Қырық екi жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бұлдiршiндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады.
Алфавит

Бiрiн-бiрi қоштаған,
Бiр үйден көрдiм,
Қырық екi дос-жаран.
42 әріп

Таспадай қағазға тізіп,
Жазатын әріптері
Шұрық тесік,
Нүкте мен сызық.
Морзе алфавиті

Ас біткеннің анасы,
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталып,
Аяқталған қарашы.
Н әрпі

Мынау доға –
Қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп?
Л әрпі

Арықта бар,
Сезімде жоқ.
Балықта бар,
Теңізде жоқ.
Бұл қай әріп ?
А әрпі

Мысықта бар, күшікте жоқ.
Ыдыста бар, алмада жоқ.
Ы әрпі

Телеграф бағаны деп қаласың,
Насосқа ұқсастығын табасың.
Т әрпі

Қырық екі жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бүлдіршіндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады.
Алфавит

Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран.
42 әріп

Сенде бар, менде бар,
Адамда жоқ,
Жанда бар, ханда бар,
Ғаламда жоқ,
Тиде бар, сыйда бар,
Харамда жоқ,
Шамға бардым, үшеуін көрдім,
Мысырға бардым, біреуі де жоқ.
Жалғаннан біреу, екеу, үшеу,
Төртеуін бір жерден көрген адам да жоқ.
Араб әріптерінің асты-үстіне қойылатын ноқаттары

Таспадай қағазға тiзiп,
Жазатын әрiптерi
Шұрық тесiк,
Нүкте мен сызық.
Морзе алфавитi

Аппақ дала қара дән,
Дәнін сепкен - түсінуге жараған.
Әріптер
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмбақ Алфавит әріптер жұмбақтар туралы жұмбақтар жауабымен, жумбактар Алфавит ариптер жұмбақтар туралы казакша жумбак жауабымен казакша, жұмбақтар жауаптарымен балаларға арналған, балаларга казакша жумбактар жауаптарымен, Алфавит әріптер жұмбақтар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]