Жұмбақтар жауабымен: Қолөнер (ине, жіп, оймақ, қайшы, түйме, ұршық)

Жұмбақтар жауабымен: Қолөнер (ине, жіп, оймақ, қайшы, түйме, ұршық)

Зырлайды күшік әжемнің
Қолынан сүйек кеміріп,
Күн асқан сайын ақ күшік
Барады мүлде семіріп.
Ұршық

Жиһанда бір құс көрдім жалғыз аяқ,
Аузына тістегені қылдан таяқ,
Бір ұрсаң шапалақпен семіреді,
Белбеуі бар белінде сансыз қабат.
Ұршық

Дүниеде бар екен жалғыз көзді,
Киімін үйіп тастап, күдер үзді.
Ине

Жүгіріп кетсе жүйрік бір,
Лып-лып етіп ойнаған.
Кереметі құйрық бір,
Құтаймай-ақ қойды оған.
Ине

Қылдырықтай бір нәрсе иретілген,
Мойнында ұзын арқан сүйретілген.
Ине, жіп

Бір тышқанда екі құйрық.
Ине, жіп

Аузы менен көзі бар,
Сүйретіп досын ертіп жүр.
Ине, жіп

Шаршамас кемпір көрдім жалғыз аяқ,
Аузына тістеп алған шиден таяқ,
Жүрген сайын белбеуін қабаттайды,
Беріпті әсемдікті аямай-ақ.
Ұршық

Ақ күшігім жүгіре-жүгіре буаз болды.
Ұршық

Жалғыз ғана көзі бар,
Алтыннан белбеуі бар,
Жыңғылдан таяғы бар.
Ұршық

Мұрның-мұрның, мұрынды,
Мұрның неден жырылды?
Аузы-басын түк басып,
Сені неден жын ұрды?
Ұршық

Көк лағым көген сүйреді.
Ұршық

Көрінген жол үстінде доғалай бас,
Қолы жоқ, аяғы жоқ бұл қалай бас?
Жағынан шапалақпен сипап ұрсаң,
Атындай жолаушының жорғалай бас.
Ұршық

Бір әйеки құс екі қанатының,
Ұшында екі көзі бар,
Анжал-манжалды өзі алып жей алмайды.
Қайшы

Тіс деген жоқ, ерні өткір,
Қазықтаулы көмейі.
Қан шығармай өмірде бір,
Өлтіреді, жемейді.
Қайшы

Бар екен бір жансыз зат сиыр тұмсық,
Матаның күнде жейді басын қыршып,
Матаның жеген сайын басын қыршып,
Артынан түбіт тұрар қыл-қыбыршық.
Қайшы

Мылжа басты,
Мың көзді.
Оймақ

Адамға сонша пайдалы,
Басында сансыз көзі бар.
Оймақ

Бір атым бар өзі өте шабан,
Бірден артық мінбейді оны адам,
Қамшылап күні бойы тебінсем де
Япыр-ай жылжымайды төрт-бес қадам.
Өрмек

Қыл-қыбыр да жүн қыбыр,
Жұла берсе жарасар.
Екі мұртын қайырып,
Ұра берсе жарасар.
Өрмек

Қылмаң-қылмаң етеді,
Қаға берсең жарасар.
Екі жағын жапырып,
Ұра берсең жарасар.
Өрмек

Жүріп келем, жүріп келем,
Екі етекті қусырып ұрып келем.
Өрмек тоқу

Қосақтап серпе бердім,
Соңынан жорта бердім.
Өрмек тоқу

Сөкі басын сөлкитіп соға берсең бітеді,
Екі бұтын талтайтып ұра берсең бітеді.
Өрмек тоқу

Міне, шашым, аллаға,
Бақан, қылыш, қолға ала,
Қолымда қамшы орама
Қылыш салдым тамақтан,
Тамшы да жоқ қан аққан,
Өлтіріп әбден болғанда
Көргеннің бәрі жаратқан.
Өрмек тоқу

Жыңғыл тақтым жұртыңа,
Жылпылдап бұтыңа,
Әне-міне дегенше,
Өте шықтым сыртыңа.
Өрмек тоқу

Өзен бойын өрледім,
Су таба алмай шөлдедім,
Оң қолымдағы найзаны,
Олай-бұлай сермедім.
Өрмек тоқу

Ұзын-ұзын жолдар бар,
Үйрек қонар көлдер бар.
Ат үстінде шоқиып,
Отыратын күндер бар.
Өрмек, шекпен тоқу

Сиыр сойдым жұртыма,
Сымпылдаттым бұтыма.
Өрмек және оны тоқушы әйел

Мамық, шуаш иісті,
Шыр айналып жіп болар,
Тоқыса жылылығы күшті
Ағашқа құйындап оралар.
Иірілген жүн, жіп

Құрап-құрап тон піштім,
Құлынды биеге бергісіз.
Тоқылған ши

Жарға жаңқа жабысқан,
Екі үзеңгі қағысқан.
Ши тоқу

Шым шиедей қотыр.
Кесте
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Загадки на казахском языке рукоделие Қазақша Жұмбақ: қолөнер тігу кесте тігу шілтер тоқу істері, қолөнер тігу кесте тігу шілтер тоқу істері туралы жұмбақтар, қолөнер тігу кесте тігу шілтер тоқу істері туралы жұмбақтар, қолөнер тігу кесте тігу шілтер тоқу істері туралы жұмбақ, Загадки на казахском языке рукоделие, қолөнер тігу кесте тігу шілтер тоқу істері туралы казакша жумбак

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]