Қазақша тәрбие сағат: Аққу - киелі құс

Қазақша тәрбие сағат: Аққу - киелі құс

Сабақтың тақырыбы: «Аққу - киелі құс»
Мақсаты: 1) Білімділік. Оқушыларға киелі құс - аққу, оның түрлері, көбеюі, тыныс тіршілігі туралы мағлұмат беру.
2) Тәрбиелік. Жойылып бара жатқан аққулардың түрлерін сақтап қалу, оларды аялауға тәрбиелеу. Балаларды әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.
3) Дамытушылық. Балалардың әртістік, шығармашылық қабілетін дамыту, қоршаған ортаны қорғау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, Аққудың түрлері салынған суреттер үлгілері. Слайд үлгісі..
(Оқушыларға бір апта бұрын аққулар туралы материалдар жинақтау тапсырылды.)

Барысы:
(Сахна ашылғанда күмбірлеген күй әуенінде «Аққу» биі орындалады)
Бастаушы
Армысыздар, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Сіздердің тыңдағандарыңыз Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу күйі» болатын. Бүгінгі өткізгелі отырған сыныптан тыс сабағымыз «Аққу - киелі құс» тақырыбында болмақ.

«Табиғат дегеніміз – бұл кітап, яғни, оның әрбір беті өзінің мағынасымен маңызды. Бұның өзі табиғатта болып жатқан құбылыстарды әрбір адам білу керек екенін білдіреді» – деген екен ұлы ойшыл Гете, құс – табиғат байлығы. Соның ішінде Аққу киелі құс. Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы», Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз - әңгімелер, мақал - мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Сүйріктей аққу мойын», «Аққудай ару», т. б.

Қазақ қауымы мөлдір өзен, айдын көлдің еркесі аққуды қадірлеген, ертедегі қазақ шамандары - бақсылар мен абыздар аққуды қасиетті құс деп ардақтап аққу терісін басына киіп ел ақтайтын болған, аққудың қанаты (қауырсыны) нәресте бөбектердің бесігінің басына тағылған. қазақ аңшыларының аққуды атуына тиым салынған, аққу қатарында ақ қазды да қадыр тұтып, аялайтын салттар бүгінгі күнге дейін сақталып отыр.

1 - оқушы Айғаным
Күн құшқан айдын көлде жалғыз аққу
Қаңқылдап қанатымен сабалап су
Таранып қаранады жан - жағына
Сұлуды тасалама көк торғын бу!
Тұла бойына сұлулық тұнған құс патшасы – аққу кіршіксіз тазалықтың, қылаусыз да кінаратсыз пәктіктің символы.
Күн сәулесі күлімдейді.
Баяу желмен тербелген
толқын үстінде кішкене мөлдір көзі жаудырай, ұзын мойнын алға созып айналаға кербез қарап жүзіп бара жатқан осы бір құстың адамның жан дүниесіне тартқан сыйына тіл безеп жеткізу мүмкін емес!

Абзал аққу - сағынышы дархан байтақ жерімнің
Ару аққу - ажарысың көк айдынды көлімнің
Сұлу мүсін теңдесі жоқ құс біткенің төресі
Аса қымбат біздер үшін сенің адал сенімің

Аққу қолға жақсы көнеді. Соған сәйкес, оны үй маңындағы, санаторийлер төңірегіндегі су қоймаларында ұстап үй құстарына айналдыруға әбден болады. Табиғаттың аса сұлу, кербез бұл кереметі Алматыдағы Үкімет үйі алдындағы су айдынына көрік беріп тұруы бұған дәлел болады. Ол жерге қаншама адам барып, құстың әр түрлі қимылымен, іс - әрекетінен өзіне эстетикалық әсер алып қайтады. Әсіресе, жасөспірімдер оны көріп, шаттана қуанып, мәз - мейрам болады. Жер бетіндегі аққудың 7 түрі: қара аққу, қарамойын аққу, кернейші (сырнайшы ) аққу, тундра немесе кішкентай аққу, саңқылдақ аққу, американдық аққу және тістеуік аққу.
Ақ, қара, қызыл түстер... Сырттай қарасаңыз, үйлеспейтін үш бояуды бір бойына жинап, айтса тіл жетпейтін, көрсе көз тоймайтын жауһардың жауһары, асылдың асылына айналған құдіретті сұлулық бұл!

2 - оқушы Гүлбану
(слайд арқылы, фотосурет арқылы жеткізеді)
Сұңқылдақ аққу Қазақстан жерінде ұялайды. Салмағы - 7 - 13 кг, қанатының құлашы 1, 5метр. Ерекше ұзын да әсем мойынын тік ұстайды. Сары тұмсығының ұшы қара түсті. Ол Қазақстанда ақпан - наурыздан қазан айының аяғына дейін болады.

3 - оқушы Айзат
(слайд арқылы, фотосурет арқылы түсіндіреді)
Сыбырлақ аққу да Қазақстанда соның ішінде БҚО ның су қоймалары мен өзен көлдерінен көруге болады. Олар қалың қамыс арасына ұя салып, балапандарын өргізеді. Сыбырлақ аққудың сарғыш - қызыл тұмсығының түбінде қара буылтығы болады. Мойынын иіп тұмсығын суға бағыттап ұстайды.

7 - оқушы Нұрталап
(слайд арқылы, фотосурет арқылы түсіндіреді)
Қара қудың отаны - Австралия. Ауада қалықтап бара жатқан қудың аппақ ашық түсті қауырсындары басқа қап қара дене аумағында айрықша көрінеді. Кезінде түрік сұлтандары қара қуларды сарай хауыздарында сәндікке бәсекеге ұстаған.
Аққу - қаздар - ежелгі түріктер мен қазақтардың тотемі болған. Аққуды - олар “қу” деп атайды. Алтай түріктері қумандардың атамекені қумания деп атаған. Өзінің этникалық атау сақтаған алтайлықтар қу өзені бойында әліде өмір сүреді.
Аққулар 3 - 9жұмыртқа табады. 38 - 45күнде балапан өргізеді. Ұясының ені 2метрге жетеді. Жұмыртқа шайқайтын - аналығы. Бұл кезде аталығының жарғақ құлағы жастыққа тимей жұбайына жем тасумен болады. Аққудың дене қызуы - 41 - 42 0 градус, ал жүрек соғысы 260 - 300 болады.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Аққу туралы, аққу киелі құс, тәрбие сағаты құстарды аялау, аққу туралы аңыз әңгімелер, акку туралы тарбие сагаты, акку киели кус ашык сабак тарбие сагаты, аққу киелі құс ашық сабақ тәрбие сағат, открытый урок про лебеди на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]