Қазақша тәрбие сағат: Бастауыш | Біздің Отанымыз – Қазақстан (3 сынып)

Қазақша тәрбие сағат: Бастауыш | Біздің Отанымыз – Қазақстан (3 сынып)

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Бастауыш сынып | Біздің Отанымыз – Қазақстан (3 сынып)
Тәрбие сағат мақсаты: Еліміздің жері, пайдалы қазбалары жөнінде ұғымдарың қалыптастыру. Отаны туралы білімдерін кеңейту; Отан сүйгіштікке баулу; Жан – жақты дамыту;
Тәрбие сағаттың әдістері: Сұрақ - жауап, топтау, дәлелдеу, сипаттау, жинақтау
Тәрбие сағаттың көрнекілігі: Сөз жұмбақ, кесте, суреттер, интерактивті тақта
Тәрбие сағаттың түрі: Дамыта оқыту
Тәрбие сағат барысы
I. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ.
Бағдарлау - мотивациялық кезең
«Қызықты ұйқастар» шешу арқылы білімімізді қорытындылаймыз.
«Қызықты ұйқастар»
1. Өрмекші құрды тұзақ
Менің ұлтым... /қазақ/
2. Аман болсын қарттар
Суықты болар.../қаңтар/
3. Құт - береке жауғыз,
Келе жатқан.../наурыз/
4. Ашытылған қамыр
Мерекелі... /мамыр/
5. Суда жүзер сазан
Айдың бірі... /қазан/
6. Биіктеуде жас қала,
Бас қаламыз... /Астана/
7. Менің досым салмақты
Бұрынғы астанамыз.../Алматы/
8. Партаның бетін жырма
Күзде басталады.../қырман/
9. Тынықтырар түн
Қуаныш сыйлар.../күн/
- Шешілген қазақ, қаңтар, наурыз, мамыр, қазан, Астана, Алматы, қырман, күн сөзінің әрқайсысына сәйкес үй тапсырмасы бойынша білімдері бекітіледі.
Мысалы: Қаңтар айында қандай мереке бар? Наурыз айында ше? Т. б.
- Ұйқастарды шешу барысында қандай сөзді шығарып алдық?
-«Қазақстан»
- Ендеше «Біздің Отанымыз - Қазақстан» атты жаңа сабағымызды бастаймыз.
1. Өткен күн.
Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.
Кеңес одағының құрамына кірген елдер (картадан көрсетіледі)
2.«Елдер достығы» /картамен жұмыс/
Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым - қатынаста. Осы елдерді картадан іздеп көрелік.
Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Он төрт облысы бар.
ІІ. Сараланған бөлім.
Операциялық - орындаушылық кезең.
1. Суретпен жұмыс.
2. Оқулықтан тыс жұмыс.
Ақтөбе қаласы бойынша төмендегідей негізгі өнеркәсіп өнімдері өндіріледі:
Мұнай
Ілеспе газ
Хром рудасы
Ферро қорытпа
Ақтөбе облысы бойынша мынадай кен байлықтары бар:
Никель
Мыс
Мұнай
Конденсат
Хромит рудасы
Алтын
Асбест
Фосфорит
3. Оқулықпен жұмыс.
«Менің Отаным - Қазақстан» мәтінін оқушылар оқиды және түсінгенін айтады. Мұғалім мәтінді оқу барысында қосымша мағлұматтар беріп отырады.
4. Дәптермен жұмыс.
Қазақстан мемлекетімен шекаралас елдер:
Ресей
Түрікменстан
Өзбекстан
Қырғызстан
Қытай
ІІІ. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ)
1. Қазақстан жері кең байтақ
2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен
3. Астанасы – Алматы
4. Ұлты қазақ
5. Пайдалы қазбаларға өте бай
6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі
7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық - өзендер
8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері
9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі
10. Менің Отаным – Қазақстан
Отанға деген құрмет сезіммен еліміздің Әнұранын орындайық.
(Әнұран орындалады.)
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Біздің Отанымыз – Қазақстан» мазмұнын айту.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бастауыш сынып, тәрбие сағаты, Менің отаным Қазақстан, менің отаным қазақстан тәрбие сағаты 1 2 3 4 сынып, менің отаным қазақстан тәрбие сағаты бастауыш сынып, менің отаным қазақстан ашық тәрбие сағаты, менің отаным қазақстан, менің отаным қазақстан тарбие сагаты, менің отаным қазақстан тәрбие сағаты бастауыш сынып, менің отаным қазақстан ашық тәрбие сағаты, біздің отанымыз қазақстан тәрбие сағаты, біздің отанымыз қазақстан тәрбие сағаты бастауыш сынып, біздің отанымыз қазақстан тәрбие сағаты 1 2 4 3 сынып

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]