Тәрбие сағат: Шыншылдық – адамдықтың белгісі


Тәрбие сағатының тақырыбы: Шыншылдық – адамдықтың белгісі
Мақсаты: Шындық ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері: Шындықпен өтірікті ажырата білу жайында ойларымен бөлісу, мейірімділік адами қасиетімен өзара адал қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту - шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, саналау.
Көрнекілік: Оқулық, көрініс, кластер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Әр күнімізді жақсы сөздерден бастайық.
Қайырлы күн құрметті оқушылар! Қош келіпсіздер, ұстаздар!
Бүгін, балалар, біз сендермен «Шыншылдық адамдықтың белгісі» атты тақырып жайлы ой бөлісеміз.
Сахналау «Түлкі мен ешкі» (ертегі)
Оқушылар осы ертегі жайлы көрініс көрсетеді.
- Түлкіге қандай мінездемелер берер едіңдер?
- Ал ешкіге ше?
- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар түлкі шын айтты ма?
- Түлкінің әрекеті дұрыс па?
- Балалар, сендер кейбір сәттерде өтірік айтқан кездерің болды ма?
- Өтірік адамға қандай зиян әкеледі?
- Ал шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?
- Шыншыл бала қандай болады.

Тыныштық сәті:
- Балалар денемізде түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар, көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Енді көзімізді ашайық.
- Тақтадағы сөйлемді оқыту. Өтірік өрге баспайды. Бұл бүгінгі біздің сабағымыздың дәйексөзі, халық даналығы.
- Балалар, адам өтірік айтқанда өтірігін біреу біліп қоя ма деп қиналады. Шындық ашылып қала ма деп сезіктенеді: Расында, өтірік ұзаққа бармайды, шындық қашанда жеңіп шығады, ол өтірік айтқан адам ұятқа қалады. Өтірік айтып ұятқа қалғанша шындықты айтып қателігімізді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет жасау – адамдықтың белгісі болып табылады. Міне, сондықтан да дана халық «Өтірік өрге баспайды» деп өсиет қалдырған. Сондықтан біз шыншыл болып, өтірік айтпауымыз керек. Шыншыл болу кез келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда ғана әділдікке қол жеткізеді. Елге сыйлы болады. Ал өтірік айтқан адамға көпшілік жақындағысы келмейді. Ол өзінің сыйын жоғалтады.

Кластер құрастыру:
- Балалардың алдына сөздер жазылған қағаздар тарату. Бақыт, қуаныш, ренжітеді, ұят, сенімділік, сенімсіздік, жамандық, жақсылық. Осы сөздердің орнын анықтап, орналастыру. Шындық неге жеткізеді? Өтірік неге жеткізеді?

Қорытындылау:
- Балалар, өтіріктің адамға пайдасы бар ма екен? ( Өтіріктің адамға пайдасы жоқ ) Ол саған уақытша ғана пайда әкеледі де, өмір бойы өтірікші деген атқа ие болады екенсің. Өтірік айтып өмір бойы жаман адам болғанша, шындықты айтып адал адам болған дұрыс. Шындық саған өмірлік қуаныш сыйлайды.

Жүректен жүрекке:
Тақтада күн тәріздес дөңгелек қағаз, ортасында « мен қандай баламын?» деп жазылған.(Жақсы сөздер жазу)
- Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгіліп тұрған «күнді» құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылулық сыйлап тұр. Біз де сол күн сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлай отырып, шындық жайлы өлең шумағын жүректен – жүрекке жеткізейік.
- Қанеки, қолдарымызды көтерейік бір – бірімізге алақанымызды жақындатайық, шындық жалынын сезінейік.
Әр нәрсенің байламын,
Шындықпенен шешейік.
Дақ түсірмей жүрекке,
Тәтті ғұмыр кешейік.
- Ал, балалар, сабағымызды жақсы сөздермен бастасақ. Енді жақсы тілекпен сабағымызды аяқтайық.
- Келгендеріңізге рахмет!
- Сау болыңыздар!
[url=http://bilimdiler.kz/engine/go.php?url=aHR0cHM6Ly95YWRpLnNrL2kvTnZ6VUNjRklGdTFRcnc%3D]Шыншылдық – адамдықтың белгісі. жүктеу[/url]


Источник: bilimdiler.kz
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]