Тәрбие сағат: 8 санын қосу және азайту
Тақырыбы: 8 санының құрамы
Мақсат: 8 санының құрамын шығартып, оны жаттату,
Білімділік: Өрнек құрастырып, оның мәнін табуға, сөз есептерді түсініп, шығаруға және кесінділерді салыстырып, олардың ұзын, қысқасын анықтатуды машықтандыру.
Тәрбиелік: Үйде бағуға болатын жануарларды асырауға баулу және қамқор болуға тәрбиелеу
Дамытушылық: Тапсырма бойынша жұмыс істеуде сөйлеуге, өз ойларын жеткізе айтуға, шапшаң есептеуге ойын дамытып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру
Құрал - жабдықтар: компьютер, 1 бет парақ «Үйшік»
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: практикалық, сұрақ - жауап, демонстрация, көрнекі, проблемалық - ізденіс әдісі, ойын.
Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Өткен сабақтағы конверт пен марка бойынша өрнектерді қайталау.
Неше конверт болды? 8
Жасыл марка нешеу болды? 7
Қызыл ше? 1
Барлығы нешеу болды 7+1=8
Психологиялық дайындық.
Компьютерлік слайд 2, 3 бойынша 8 құрамын шығарту үшін балапандарды санатып, 8 құрамын сол балапандарға қарап (бау, галстугіне, бетіне қарай топтастыру арқылы) компьютердегі үйшікке толтыру компьютерге қаламмен жазылады. 1 тапсырма 8 құрамының үйшігін толтыру компьютерде және берілген қағазға оқушылар жазады.
2 тапсырма. Слайд 4. Ойын «Қанща балапан?» шарты екінші қораптағы балапандардың санын табу.
Слайд 5 «Ой қозғау» оқушыларды ойландыра отырып, 2 слайдпен санға +1 қосып - 0 азайтсақ және одан шыққаннан - 1 - ді алсақ, сол санның өзі шығатындығына көздерін жеткізу. Тең болу себебін түсіндіру.
Сергіту минуты
Қуырмаш, қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Әй, әй балақай
Жамандықтан қаш.
Дәптермен жұмыс
4 тапсырма күндегідей ауызша схема бойынша сөйлету Слайд 7 «Қанекей, тілім сөйлеші»
Қ. К. К. К? қ (ұ )
Қызыл кесінді көк кесіндіден 2 см ұзын
Көк кесінді қызыл кесіндіден 2 см қысқа
5 тапсырма Орындарын табуға көмектес. Слайд 8 Тордың, аквариумдардың, ұяның мәндерін тауып алып, тиісті иелерін шығара отырып, орындарын тапқызу.
Теңдік құру. Слайд 4. 6 тапсырманы тақтаға, дәптерге орындату
Бекіту.
– Қай санның құрамын құрдық? ( 8 )
Неше балапанмен жұмыс істедік?
Үйде нені бағуға болады екен?
Сабақ несімен ұнады?
Источник: bilimdiler.kz
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: