Сұлулықпен денсаулық
Мақсаты: «Бірінші байлық - денсаулық» «Қазақстан - 2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал - ахуалы жақсы болу үшін зиянды әрекеттерден - ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктің денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендгін түсіндіре отырып, спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету. Салауатты өмір салтына қалыптастыру.
Мұғалім: «Денсаулық - байлығым» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал. Еліміздің қай азаматын болсада өз елінің болашағы алаңдатары сөзсіз. Еліміздің болашағы - бүгінгі бүлдіршіндер. Сондықтан олардың болашақта дені сау азамат болып өсуі еліміз үшін маңызды.
Денсаулық туралы сөз қозғағанда адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жан дәрігерлердің еңбегін атап өткеніміз жөн болар, Олар бар күш - жігерін адам денсаулығын сақтап қалуға жұмсап, күн - түні аянбай еңбек етуде.
Ой қозғау: Денсаулық дегенді қалай түсінесіз?
Жоспары:
Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу
І - топ. Шымыр тобы
ІІ - топ. Денсаулық тобы
ІІІ - топ. Сымбат тобы
І бөлім: Сәлем берем халқыма
Шарты: Таныстыру, ұраны
ІІ бөлім Денсаулығыңды ойласаң
Шарты: Денсаулыққа зиян келтіретін қандай заттарды білісіңдер.
ІІІ бөлім Денсаулық - зор байлық
Шарты: денсаулыққа байланысты мақал - мәтелдің жалғасын табу.
ІҮ бөлім Салауаттылық, денсалыққа викториналық сұрақтар.
Ү бөлім Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
Шарты: Зиянды әрекеттер тақырыбында пікірталас.
І бөлім: Сәлем берем халқыма
ІІ - топ. Денсаулық тобының ұраны
ІІІ - топ. Сымбат тобының ұраны
ІІ бөлім Денсаулығыңды ойласаң
І - топ. Шымыр тобы.
ІІ - топ. Денсаулық тобы
ІІІ - топ. Сымбат тобы
ІІІ бөлім Денсаулық - зор байлық
Денсаулық туралы мақал — мәтел
І - топ. Шымыр тобы
Ару батпандап кіріп, …….. Мысқылдап шығады.
Жарлының байлығы,…Деннің саулығы.
Ауруын жасырған.. өледі
ІІ - топ. Денсаулық тобы
Демі бардың……….. емі бар.
Ауырып тұрдың………. Аунап тұрдың.
Көзің ауырса………қолыңды тый,
Ішің ауырса….. …. аузыңды тый.
ІІІ - топ. Сымбат тобы
Жан ауырса … … тән азады,
Қайғы басса, … …жан азады.
Жасырғанның жарасы… …. асқынады.
Ауру қалса да,…. Әдет қалмайды.
ІҮ бөлім Салауаттылық, денсаулыққа викториналық сұрақтар. арналған
Дені сау адам қандай болады?
Табиғатты неге денсаулықтарыңды қалай күтесіңдер?
Өз денсаулықтарыңды қалай күтесіңдер?
Денсаулыққа қажетті дәрумендерді қайдан алуға болады?
Дұрыс тамақтану дегенді қайдан түсінесіңдер?
Қандай спорттың түрлерімен шұғылданасыңдар?
Ү бөлім Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасынан үзінді көрсетіледі. Сол үзіндідегі Қожа мен Сұлтанның ролін сомдау.
Жүректен - жүрекке
Источник: bilimdiler.kz
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша Тәрбие сағат: ЖИТС (СПИД) - ғасыр уы
» Қонституция туралы тәрбие сағат
» Тәрбие сағат: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік)
» Қазақша Тәрбие сағат: 30 тамыз - Конституция күні (Құқық | Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?)
» Тәрбие сағат: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым)
» Қазақша Тәрбие сағат: ЖИТС (СПИД) - ғасыр уы
» Қонституция туралы тәрбие сағат
» Тәрбие сағат: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік)
» Қазақша Тәрбие сағат: 30 тамыз - Конституция күні (Құқық | Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?)
» Тәрбие сағат: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым)
Іздеп көріңіз: