Тәрбие сағаты: 1 қыркүйек - Білім күні (Мектеп - бізді шақырады)

Тәрбие сағаты: 1 қыркүйек - Білім күні (Мектеп - бізді шақырады)

Сабақтың тақырыбы: 1 қыркүйек - Білім күні (Мектеп- бізді шақырады)

Мақсаты: Балаларды мектепке шығарып салу кешінде жыл бойы алған білімдерін бекіту,білгендерін ортаға салып қорытындылау.Берілген сөздерге сөйлем құрау,есептер шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Топ бөлмесінде шарлар,қанатты сөздер ілініп,ертеңгілікке сай безендірілген.

Мұғалім: Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар,аяулы ұстаздар.Мектеп бізді шақырады атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.Кеше ғана алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршіндер бүгінде бойларында үлкен жауапкершілік пайда болып,мектепалды даярлық тобын аяқтап,1 сыныпқа қадам басқалы тұр.Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер.Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер дайындық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін, ортаға салып,өнерлерін көрсетпекші.
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың,
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
Ендігі кезекті балаларға берейік.
Бексұлтан:
Мектеп- қамқор анамыз,
Оқу,білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін,
Біріншіге барамыз.
Аян:Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз,
Мектепалды даярлық тобымен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Асем: Бізге тәртіп үйреткен ,

Нұрберген:
Ән салдырып билеткен. Биыл алты жастамын,
Таныстырған ең алғаш, Кітапты оқи бастадым.
Әріптермен суретпен, Әріптерді танып мен,
Ол- тәрбиеші тәтеміз. Енді жаза аламын.

Саян:Биыл күзде мектепке,
Біріншіге барамын,
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер,қаламым.
Марлен: Біз балауса баламыз,

Назерке : Жақсылыққа құмармыз,
Жетілді ой- санамыз, Жақсы адам боп шығармыз
Даярлықпен қоштасып, Қуантып ата- ананы,
Біріншіге барамыз. Таза сәби жүрекпен,
Айтамыз сізге, мың алғыс
Ағзам: Алты жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Ата ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз.
Ән: Мұғалім- ол біздің.
Би:Чунга-Чанга.
Көрініс көрсету: Шалқан ертегісі.
Мұғалім: Балалар,оқу,білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Ерасыл:Оқу-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.
Нурберген:Қына-тасқа бітеді,
Білім-басқа бітеді.
Нұралы:Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.
Сұлтан:Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Ералы:Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп.
Айым:Ақыл- азбайды,
Білім- тозбайды.
Хавин:Ақыл- азбайтын тон,
Білім- таусылмайтын кен.
Карина:Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
Дильназ:Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
Ән:Ертегілер елінде.
Би:Түрік биі.
Балалар енді сауат ашу сабағынан әріптерге байланысты жаттаған өлең шумақтарымызды еске түсірейік:
А әрпі:Ата -ананың тілегі,
Адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.
Ш әрпі: Шананың да, шардың да,
Мен тұрамын алдында
Менен ғана басталар ,
Шұғыла да,шалғын да.
С әрпі: Сақинаны,сағызды,
Сарымсақты,сағызды
Бастап тұрған қай әріп
Сапсыз орақ тәрізді.
О әрпі:Отанды әркім анасындай,
Қастерлейді,қолдайды,
Өйткені Отан баласындай,
Бізді асырап,қорғайды.
И әрпі: Исатайдай батыр болам,
Иса атамдай ақын болам,
Игі істе батыл болам,
Игілікке жақын болам,
Ә әрпі:Таныстырар әріппен,
Мынау кітап- әліппең,
Әліппе деген аты оның,
Басталған қай әріптен
К әрпі: Көркем ғой Көктөбе деп,
Ұшып жүр кептер,көбелек,
Жайнатып тұр маңайды,
Күн нұры көктен себелеп.
Мұғалім: Балалар ,қазақ тілінде неше әріп бар?
Балалар :Қазақ тілінде 42 әріп бар.
Мұғалім:Жылдың неше мезгілі бар,атаңдар.
Балалар:Жылдың 4 мезгілі бар:қыс,көктем,жаз,күз.
Мұғалім:Жабайы аңдарды атаңдар?
Балалар:арыстан,жолбарыс,аю,қасқыр,түлкі,қоян т.б.
Мұғалім:мектеп,мұғалім,балалар,кітап сөздерін буынға бөліңдер.
Балалар:мек-теп , мұ-ға-лім,ба-ла-лар, кі-тап.
Мұғалім:Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне не жатады?
Балалар:Ту,елтаңба,әнұран.
Мұғалім:Балалар ,қандай үй жануарларын білесіңдер?
Балалар:Түйе,сиыр,жылқы,қой,ешкі.
Ән: Біз балдырған баламыз.
Би:Балапандар биі.
Мұғалім: Балалар сіздер математика сабағынан сандарды ,есеп шығаруды үйрендіңдер.Қанекей балалар, бірден онға дейін тура және кері санап шығайық.
1ден 10ға дейінгі сандарды сөйлетейік: балалар сандарға байланысты жаттаған жаттауларын айтады?
Ән: Есеп сабағы.
Би:Қуыршақтар биі.
Балалар, мектеп туралы қандай өлең шумағын білесіңдер?
Хормен: Мектеп- кеме ,білім –теңіз,
Барар жолға тез жетеміз,
Адаспайтын ұлы жолда ,
Ұстаз берген білім қолда
Ән: Біз мектепке барамыз
Осымен біздің« Мектеп бізді шақырады» атты ертеңгілігіміз аяқтала келді. Құттықтау сөз кезегін мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу тәрбие ісінің меңгерушісіне береміз.Балаларға мақтау қағаздары беріледі. Келесі құттықтау сөз кезегі ата- аналар комитетінің төрайымына беріледі.
Мұғалім:Балалардың алдағы өмірлеріне тек сәттіліктер ғана тілейміз.Сабақтарын жақсы оқып ,тәртіпті оқушы болып, ата аналарын қуантып жүрсін.
Сендердікі болашақ,
Өтер балғын жастық шақ ,
Озат болып, оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар ,дей келе ертеңгілігімізді аяқтаймыз, уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет.Сау болыңыздарǃ........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
1 қыркүйек білім күні, 1 қыркүйек, білім күні, 1 кыркуйек билим куни, 1 кыркуйек, билим куни, билим куни тарбие сагат ашык сабак, Білім күні (Алғашқы қоңырау), білім күні алғашқы қоңырау, білім күні тәрбие сағаты

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]