Тәрбие сағат: Кешірімділік - көңіл кеңдігі

Тәрбие сағат: Кешірімділік - көңіл кеңдігі

Пәні: Өзін-өзі тану
Сыныбы: 8

Тақырыбы: «Кешірімділік - көңіл кеңдігі»

Мақсаты: 1.Оқушыларға кешірімділік туралы терең білім беру, кешірімді
болудың пайдасы туралы түсіндіру.
2.Өз ойларын еркін айта білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту,
өмірге деген көзқарасын қалыптастыру.
3.Оқушыларды кешіре білуге және кешірім сұрай білуге тәрбиелеу.
Міндеті: Оқушыларды топқа бөліп, сыни тұрғыдан ойлауға жетелеу.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, пікір алмасу, кесте толтыру, диалог, интерактивті
тақтамен жұмыс.

Көрнекілігі: слайд, гүлдер, үнтаспа, плакаттар ,маркер.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, түрлі түстерді қолдану арқылы топқа бөлу.

Психологиялық дайындық: Әр топ мүшелері бір - біріне тілек айтады.

Тақырыпты ашу:
-Балалар, сендер кешірімділік, кешірімді болу деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
-Өкпелеп , ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?
-Сені қандай жағдайлар өкпелетіп,ренжітеді?
-Басқаларға деген өкпе-назыңа үңіліп көрдің бе? т.б.

Сахналық көрініс: Екі оқушының арасындағы жағдаят (кешірім сұрау) көріністі топтар талқылайды Адам адам болған соң, қателеспей тұрмайды, қателескен жағдайда, біз, көбінесе, кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып, өкпе-реніш танытамыз.Қателеспейтін адам болмайды, сондықтан кешіре де білу керек. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өкпе,реніш адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа нұқсан келтіріп,өзара түсінбеушілік туғызады.Сол себепті де, өкпе,ренішке бой алдырмай,адамдарға түсіністікпен,ізгілікпен,құрметпен қарауға ұмтылу керек.
Өкпе,реніш-адамның көңіл күйіне,денсаулығына кері әсер етеді.Айналаңа ылғи өкпелеп,ренішпен қарау, риза болмау түрлі ауруларға шалдықтырады.

Жағдаятты шешу.
Нұрбол мен Арман бір үйдің балалары. Олар біраздан бері бір-біріне өкпелеп, сөйлеспейді.Үйде үнсіз ғана әрекет жасайды.Нұрбол үлкендігін ойлап, Арманды кешіре салғысы келгенімен, інісінің кішілік көрсету керектігі есіне түскенде, бұл ойынан айнып қалады. Ал Арман болса, ағасы үлкендік танытып, оны үнемі қамқорлыққа алуы тиіс,- деп кішірейетін емес.

Сергіту сәті: Үй, құрылыс, қонақ

Венн диаграммасы
- Балалар, адам өмірде кешіре білуі ғана емес кешірім сұрай білуі де керек, яғни, адам өз кінәсін мойындай білуі керек.
- Қалай ойлайсыңдар, кешірім сұраған оңай ма, әлде кешірген оңай ма?
Кешіру оңай ма? Кешірім сұрау оңай ма ?

Ойын: Кешірім гүлін сыйлау
- Балалар, сендер гүлдерге соңғы кезде ренжіткен адамдарыңа кешірім сөздерін жазып сыйлаңдар. (Балалар бір-бірінен және мұғалімдерден немесе ата-аналарынан кешірім сұрап,кешірім гүлін сыйлайды.)

Сабақты қорыту:


Мейірімділік
Ақылдылық
Ізгілік
Кешірімділік Рақымшылдық
Адамгершілік
Азаматтық
Ақкөңілділік


Рефлексия Не білдім? Не үйрендім? Не түйдім?

Чанчарова Айгуль Ермекбаевна

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Кешірімділік - көңіл кеңдігі, Кешірімділік - көңіл кеңдігі туралы тәрбие сағат, Кешірім туралы тәрбие сағат ашық сабақ, кеширим туралы тарбие сагат ашык сабак

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]