Тәрбие сағат: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым)

Тәрбие сағат: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым)

Тәрбие сағат тақырыбы: Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым.
Тәрбие сағат мақсаты: оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрермендерге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Тәрбие сағат көрнекіліктері: Мемлекеттік рәміздер, тақырыпқа байланысты жазылған плакаттар, «Тәуелсіз Қазақстан» бұрышы.
Тәрбие сағат барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі кештің қонақтары!
Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, бүгінгі тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Ондаған жылдар бойы іште жинақталған наразылықтың бұрқ етуіне Мәскеудің республика халқының пікірімен еш санаспастан, ел мүлде білмейтін Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің басшысы етіп қоюы себеп болды. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын!
1 - оқушы:
Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,
Біз көрдік қас дұшпанның балтасында.
Еліме тәуелсіздік келіп жетті,
Мың жылдық күрестердің арқасында.

2 - оқушы:
Жаңғырды халқымыздың мың өшкені
Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.
Ел үшін мәңгілікке жалғасады.
Ақыл - ой, ар - намыстың күрестері.

3 - оқушы:
Ұлан-ғайыр далам менің кеңдігім,
Ұзақ күтті - ау елім менің теңдігін
Ата - бабам армандаған, аңсаған
Ұрпақтары көрді тәуелсіздігін.

4 - оқушы:
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Күрескерлер осы күнді көрмеді.
Қаны менен жанын берген ерлердің
Есімдері биіктерге өрледі.

5 - оқушы:
Тәуелсіздік көптен күткен бақытым
Әзер жеткен баға бермес жақұтым
Өркендей бер, пейілі кең қазағым
Қалықтасын көк аспанда бақ құсым.

Хор: «Желтоқсан желі»

Жүргізуші: «Сәлем саған, туған жер» әнімен ортада Жолдасбаева Гүлжазира
Жүргізуші: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына биыл 21 жыл толды. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз - жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Спатаев, Лаззат Асанова сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді.
Ендеше сол желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минут еске алайық.

Жүргізуші:
Тойланып мың мереке ұлыс күні,
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байлық па,
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.
Ішкі жау балағыңнан қаппасын кеп,
Сыртқы жау пәле - жала жаппасын тек.
Мен әркез отырамын Тәуелсіздік,
Қадірін білмегеннен сақтасын деп.

Би. «Адай» биі
Ән. «Туған жерім»

Жүргізуші:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!...
Арайлап атқан бейбіт таңы бар, асу бермес асқар - асқар тауы бар кең жазиралы мекенді, қонақжай, жомарт халқы бар еліміз – Қазақстан. Біз 21 жылда үнемі даму үстіндеміз.

Хор. «Атамекен»

Жүргізуші:
Бүгінгі біздің дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса тәуелсіздігімге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп, құрметтеп келер ұрпаққа аманаттап тапсыруға тиіспіз, оны ішкі - сыртқы дұшпандардан сақтауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.

Хормен:
Қазақстан!
Туымен тұғырлы.
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты.

Қорытынды:
Мұғалім: «Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі» деп Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай оңай келген жоқ. Бұл Тәуелсіздік бізге қазақтың басы мен жұлын жүйкесі Кенесары арқылы, қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы, уыз сезімді Қайраттар арқылы келді. Сондықтан оны аялауымыз керек. Біздің еліміз көптеген елдерге танылды. Қайда жүрсек те Отанымызды мақтан тұтуымыз керек.
Тәуелсіз 21 жыл туыңды биік ұстадың,
Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

Тәрбие сағатымызды «Қазақстан болашағы біздің қолда» ұранымен аяқтаймыз.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
16 Желтоқсан Тәуелсіздік күні Қазақша Тәрбие сағат жинағы, тарбие сагаты тауелсиздик, тәуелсіздік күні туралы тәрбие сағаттары, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні тәрбие сағаты, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні ашық тәрбие сағаты, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні тәрбие сағат, 16 желтоқсанға арналған тәрбие сағаты, 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні қазақша тәрбие сағат жинағы, 16 желтоқсан тауелсиздик кунине арналган тарбие сагаты казакша

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]