Тәрбие сағат: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні

Тәрбие сағат: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні

Тәрбие сағат тақырыбы: 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға тұңғыш президент туралы мәлімет беру; Н. Ә. Назарбаевқа арналған мұражайға сырттай саяхат жасау; президентті құрметтеуге, оны үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Ι. Ұйым. кезеңі. Тақырып, мақсат. Сабақтың барысы
1 - ші желтоқсанТұңғыш Президент күні. Мереке биыл алғаш рет тойланады. Парламент 1991 жылдың 1 - ші желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын.
Өмірбаяны
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаскелелең), Шамалған ауылында дүниеге келген.
Нұрсұлтан әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғышы.
1958 жылы Днепродзержинск (Украина) техникалық училищесіне түсіп, 1960 жылы май айында Нұрсұлтан Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралады. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді.
1969 – 1976 жылдары Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1977 – 79 жылдары Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, 2 - хатшысы, 1979 – 84 жылдары Қазақстан КП ОК хатшысы, 1984 – 89 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989 – 91 ж. Қазақстан КП ОК - нің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан – сәуір) болды.
Қазақстанның қайта құрылуы
Мемлекет басшысының алғашқы маңызды заң актілерінің бірі – 1991 жылдың 10 желтоқсанда қол қойылған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының аталуын өзгерту туралы» заң. Бұл заң бойынша Қазақ КСР - і бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.
1991 ж. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңға қол қойып, 1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланысымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мемлекеттің егемендігін жариялады.
1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана).
«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» көптомдық кітапта жас мемлекеттің өміріндегі ұлы өзгерістерді, ұлтты қайта өрлетудегі Елбасының ұланғайыр еңбегін, дүниежүзілік қауымдастықтың осыны қалай мойындап отырғанын дәлелдейтін құжаттарға, дерекнамаларға негізделген.
ΙΙ. Өлең оқу «Аман жүрші, атамыз»
ΙΙΙ. Қорытынды.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Қазақша Тәрбие сағат: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні, президент күні тәрбие сағаты, 1 желтоқсан президент күні тәрбие сағаттары, 1 декабря день первого президента казахстана на казахском, 1 желтоқсан президент күні тәрбие сағаты сценарий, тұңғыш президент күніне арналған тәрбие сағаты, тұңғыш президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты, тунгыш президент кунине тарбие сагаты, Қазақша Тәрбие сағат: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Біздің елбасымыз), президент куни тәрбие сагаты, президент күні тәрбие сағаты сценарий, тұңғыш президент күніне арналған сынып сағаты

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]