Сценарийлер (ертеңгіліктер)

Сценарийлер санатында мектепке, балабақшаға ертеңгіліктер, колледжге, университетке және институтқа арналған материалдар жарияланған!

Сценарий: 1 Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)

Сабақтың тақырыбы: 1-Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)

Жүргізуші: Балалар, сендерді қайта көргеніме өте қуаныштымын. Сендер күнге күйіп, бойларың өскен. Қараңдаршы, біздің балабақшада жаңадан келген балалар бар. Сендер жақсы дос боласыңдар деп ойлаймын. Қане, бір - бірімізге қол бұлғап «Сәлем» деп амандасайық. Бүгін қандай мейрам екенін білесіңдер ме? Иә, Білім күні. Бұл күні балалар мектепке ағылады. Бұл күні балабақша да жаз мезгілінен соң өз балаларын қарсы алады. Ал сендер балабақшаны, мерекелерді сағындыңдар ма?
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, осы күнді есте қалатындай етіп өткізейік. Бұл күні жаңа оқу жылы басталады. Осы жыл ең қызықты болсын және сендердің білімдерің толысып, жаңа нәрселерді танып білулеріңе тілектеспіз.....
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
0 0

Сценарий: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (концерттік бағдарлама)

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарлама.

"Достық" алаңы мерекеге сай безендірілген. Сахна үстінде «______» фольклорлық ансамблі (жүргізушілер, салтанатты кештің құрметті қонақтары).


Алаң ортасында би ансамблдері жетекшілерімен....
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
0 0

Сценарий: 1 қыркүйек – білім күні (Сыңғырла алғашқы қоңырау!)

Тақырыбы: 1 қыркүйек – білім күні (Сыңғырла алғашқы қоңырау!)

1 - жүргізуші:. Аралап көрікті жерлерді,
Жаз бойы тынығып демалдық.
Білімге шақырып келді күз,
Мектепке көңілді оралдық.

Армысыздар, құрметті қонақтар мен ата - аналар! Ұлағатты ұстаздар!

1 - жүргізуші: Бармысыздар қымбатты жаңа оқу жылының күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар!
Айналайын, дарын бол,

2 - жүргізуші: Жақсы оқып, ер жетіп.
Оқу оқып, ғалым бол,
Жанған оттай жалын бол!
Әділ шешер әр істі
Ақылың асқан дана бол.........
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
1 0

«Абай мұрасы-халық ұлағаты» (тағылымды кеш)

Мақсаты:
- Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;
- «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;
- Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
0 0

Сценарий: Көктем аруы байқауы - Қыз сыны сайысы мектепте

“КӨКТЕМ АРУЫ» байқауы
Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
0 0