Қазақша сценарий: Балабақша | Қош бол, сүйікті балабақшам
Залға балалар музыка әуенімен кіріп, орындарына отырады.
Барлығы балалар:
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығамыз
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Марлен:Құрметты қонақтар армысыздар
Бәрінізде есен- аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманның
Ал, достарым ақ жол тілеп,сөз бастаған.
Дильназ: Ақ тілекті ақытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің,әр айың.
Айсұлу:Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып, ортаға білім мен тәрбие нәрін сусындатқан апайларымызды ортаға шақырамыз.
Ортаға екі тәрбиеші ән айтып шығады:
Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым
Бақшамыздан тәрбие алғандарым
Енді міне ер жетіп бәрің бірге
Достарыңмен мектепке барғандарың.
Қайырмасы: Балаларым, балапан, балғындарым,
Кілең беске оқыңдар жарқындарым.
Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар,
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар.
Балаларым, балапан, балғындарым,
Кілең беске оқыңдар жарқындарым.
Аттаныңдар жұптарың жазылмасын
Ешқандайда қиындық жолықпасын. (соңында 2 рет айту)
Саягүл апай: Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл ойларың,
Қуанышты бүгінгі
Құтты болсын тойларың.
Гакку апай: Қымбатты ата — аналар,балабақша қызметкерлері қонақтар, бүгін біздің бірінше жыл мәпелеп,күтіп,тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей, кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.
Саягул апай:«Аулына қарап,әкімшілігінтаны» деген халқымыздың жақсы ұғымы бар.Аулымыздың топашары «Доскей» ауылының әкімі Жақыпбек Дархан Ілиясұлы мырзаға сөз кезегін береміз.
Гакку апай: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын,
Мектеп есігі әрқашан ашық болсын.
Біріншіге баратын бүлдіршіндерді
Мектеп директоры құттықтасын. -дей келе Елтай орта мектебінің директоры Шунгулов Абдрашид Зейнелұлына бүлдіршіндерімізді құттықтау үшін сөз кезегін береміз.
Саягүл апай:
Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып би де билеп жан салады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ән:« ……………………………………..»
1) Мектепке енді барамыз
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Қайырмасы
Ән салайық бас қоса.
Бақшаменен қоштаса
Қалам,дәптер,өшіргіш
Кітаптармен достаса
2)Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Үлкен болып,өссекте,
Бақшамызды қимаймыз
Қайырмасы:
3)Біз мектепке барамыз,
Қолға қалам аламыз.
Кітапты да оқимыз,
Суретті де саламыз.
Қайырмасы:
Гакку апай: Алдындағы балалар,
Мектепке кетып барады.
Тақпақ айтып бір-бірден,
Қимай кетіп барады — дей отырып ортаға балаларыиызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз
Санжар:
Балабақша,балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Таймас:
Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
Фариза:
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын
Айғаным:
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз
Айша:
Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта
Өз үйіміз сияқты
Саягүл апай:Біздің ел қорғайтын нағыз қаһарман ұлдарымыз «ЖАУЫНГЕР» биін билейді. Тамашалаңыздар.
Би: « Жауынгер »(ұлдар билейді)
Ортаға музыка әуенімен «Білгішбек» келеді(Назгүл апай)
Білгішбек(Назгүл апай): Балалар сәлеметсіңдер ме, мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын деп айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы білімдісіңдер. Мен сендерді өз әлеміміне шақырамын,менің достарым боласыңдар, бізді алда көп биік асулар күтіп тұр келісесіңдер ме?
Жалқаубекмузыка әуенімен келеді(Зәуреш апай)
Жалқаубек(Зәуреш апай): Ой, мында не болып жатыр. Кеттік балалар, ойнауға. Не істеп жатырсыңдар,далада қызық болып жатыр кеттік.
Саягүл апай: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой. Қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емеспе?
Жалқаубек(Зәуреш апай): Ой, мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады,біз мектепке бармаймыз. Аналарымыз,әжеміз оқиды, басымызды ауыртпаймыз.
Гакку апай: Қой Жалқаубек, біздің балалар мектепке әзір,бүгін балабақшамен қоштасып жатыр.Сен апаңнан қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып, біліп алған, кәне отыршы көресің.
Білгішбек(Назгүл апай):Апай,мен балалармен ойын ойнап көрейінші балалар мектепке дайын ба.
Ойын: «Кім жылдам сөз айтады»
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады,сол әріпке сөз айтады.
Саягүл апай: Ал, Жалқаубек қалай екен біздің балалар? Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия,ия» «Жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.
1. Мектепкебізбарамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
5. Ақылды бала боламыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтамаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Жалқаубек(Зәуреш апай): Ой балалар, апаларыңда, аналарыңда шаршайды ғой,бармаңдар мектепке.Не керек?
Гакку апай: Олай болса ата аналарменде«Ия,ия» «Жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Сериал көріп жатасыз ба?
5. Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?
6. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқыт, шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
Гакку апай:Алдарыңызда, сәбилердің орындауында «Шөжелерім» әніне «Балапан» тобының бүлдіршіндері балапан қимылындарын көрсетіп би билейді.
«Балапан» тобы, «Балапандар» биі
Саягүл апай: Рахмет көп көп
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Кешімізді одан әрі жалғасын биге берейік
Би: «Шығыс» биі (қыздар билейді)
Гакку апай:-Балаларбізмектепке не үшінбарамыз?
Дильназ: -оқып білім алу үшін
Айғаным: -еліме еңбек ету үшін
Маржан: Білімді азамат болу үшін
Мәрлен: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін
balabakhsha-koshtasu-senari
Гакку апай: Талаптарыңа нұр жаусын!Өте жақсы балалар екенсіңдер, біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Білім беруді балабақшадан бастау керек» деп атап кеткен болатын,әрине осы сөз текке айтылмаған,мінекей Елбасымыздың қолдауымен жасаған «Балапан» бағдарламасы арқасында сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатырсыңдар.
Білгішбек(Назгүл апай): Көрдің бе Жалқаубек, біздің балалар қандай ақылды, өнерлі екенің. Балалар, мен тағыда сендермен ойын ойнағым келіп тұр, Кел Жалқаубек сенде бізбен бірге ойна.
Ойын: «Тез тұратын сандар»
Шарты: Балаларға бірден10-ға дейінгі сандар беріледі,музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.
Жалқаубек(Зәуреш апай): Білгішбек, сен оны қайдан біліп алдың? Менің асығымнан, фишкамен мен добымнанда қызық ойын екен,менде үйге барып мектепке дайындалайын. Балалар сау болыңдар, күзде мектепте кездесейік.(Жалқаубек шығып кетеді, қоштасып)
Саягүл апай: Білгішбек, саған көп рахмет. Жалқаубекті дұрыс жолға салдың ғой.Біздіңде балалардың саған дайындаған бір көріністері бар,кәне сенде отырып тамашала.
(Сол жерде орындықта отырады соңына дейін)
Саягүл апай:
Бала………………:Бірге ойнап, бірге жүрген,
Күндерімді қимаймыз.
Естелік болсын біздерден,
«Өзбек» биін сыйлаймыз.
Би:«Өзбек» биі, «Балдаурен»тобы
Саягүл апай: «Портфель» көрінісін тамашалаңыздар.
Көрініс «Портфель»
Портфелдің суреті салынған үйшік тұрады…..
Сания апай: Биік те емес, аласа
(Жүргізуші)Бір портфель тұр жараса
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында жүр таласа.
Сонда бұны кім алған,
Ішіне оның не салған
Құлпын ашып көрейік
Нелер барын білейік
Тук,тук,тук
Кіруіме бола ма?
Әлде біреу тұра ма,
Әрине, ешкім тұрмайды,
Тұрса үнсіз болмайды.
Әне пенал келеді
Сөзімді сол жалғайды…
Диас(пенал: Пай,пай,пай
Түсім бе,әлде өңім бе?
Жай портфель емес тегінде
Болса болар тек қана
Ертегілер елінде
Жақынырақ барайын
Ішіне көз салайын
Кім тұрады бұл жерде
Жайын біліп алайын
Тук,тук,тук
Болар ма екен кіруге?
Кім тұрадын білуге
Жауапсыз қалды сұрағым
Онда өзім тұрамын
(ішіне кіріп кетеді)
Сания апай Енді әліппе келеді
Портфельді олда көреді.
Арафат(әліппе):Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін
Кімдер барын білейін
Жақсы достар болса егер
Бірге өмір сүрейін
Сания апай: Есікті ашып осы сәт
Пенал шықты ақылды
Әліппені өзімен
Бір тұруға шақырды
Диас(пенал): Кір әліппе бас қосайық
Бірге тұрып достасайық.
Сания апай: Жүгіріп дәптер келді де
Кіргісі келіп ішіне
Қарайды олда телміре
Марлен(дәптер): Жазу жазар болса кім
Онда менде керекпін
Кіргізіңдер мені де
Бір тұрайық демекпін
Сания апай: Әліппеде жөн көрген
Адал досты
Қатарына дәптерді
Жедел қосты
Арафат(әләппе): Кел дәптерім келіңіз
Портфельме кіріңіз
Оқушы үшін әрқашан
Керекпін деп жүріңіз
Сания апай: Түрлендірген бір- бірін
Достарды күтіп алыңдар
Келіп жетті жүгіріп
Түрлі- түсті қаламдар.
Пайда болды «4»- ік те
Көп ұзамай «5»-тік те
Айтып жатты жарасып
Өз ойларын естірте.
Ақжол(5-тік): Оқушының бәрі де
Мені жақсы көреді
Портфельдің дәл төрінен
Маған орын береді.
Маржан (4-тік):Жақсы оқитын балалар
«4»- пен «5»-ті алады
Ұқыпты, өзі ынталы
Тәрбиелі болады.
Дильназ(қызыл қалам):
Әрине,әрине
Керексіңдер бәріңде
Көңіл сиса сиямыз
Тар болса да ұямыз
Айсұлу(көк қалам):
Тәртібінен сабақтан
«4», «5» алып жарыссын
Кіріңдер жақсы бағалар
Оқушылар танысын
Сания апай: Міне осылай портфельдің
Лезде іші толып кетті
Арттарынан жүгіріп
«2»-лікте келіп жетті
Даниял(2-лік): Портфелім мені қалдырмай
Кіргізіп ал ішіне
Жалқауларға жайлымын
Жалынбаймын үшіңе
Сания апай: Сұрланып босағадан
Пенал шықты
Ұрысып «2»-ні
Жерге тықты
Диас(пенал): Сөздеріңді жөн көретін
Бізді аңқау деп едің
Балалардың досы мықты
Сендерсіз-ақ күн көретін.
Еңбек етпей ерінсе
Ол оқушы болама?
Достарымыз «4»пен «5»
Кетіңдер, бізге жолама!
Сания апай: Кіргізбей екіні
Сарт етіп есік жабылды.
Оқушы екен иесі,
Міне, өзі табылды.
(оқушы қыз жүгіріп шығады)
Айғаным(оқушы қыз):
Мен іздеген портфель
Іздеп жүрсем алыстан
Шыға келдім алдымнан
Ант беремін,уәде айтып.
Жақсы оқушы боламын
Кілең бестік аламын
Тәрбиелі, үлгілі
Қазақстан азаматы боламын
Сания апай:Оқушы қарап түсінді,
Портфелінің мән жайын.
Кішірейіп бала қолыңды,
Жүгіруге тұр дап дайын.
Гакку апай: алдарыңызда, «сұңқар» тобының өнерлерін тамашалаңыздар.
Бала…………: Өздеріңді ұмытпай,
Есімізге аламыз.
Ұмытпас деп ұясын,
«Татар» биін сыйлаймыз
Би: «Татар» биі, «Сұңқар»тобы
Гакку: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз
деп енді балаларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек.
Таймас: Денсаулыққа болаттай,
Ауруларды жолатпай.
Күнде болған әбдігер,
Қамқоршымыз дәрігер
Дәргер апайға мың рахмет
Санжар:Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтанда да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Сауле Жұмаханқызына мың алғыс
Диас: Жайдары жүз,ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын
Айгүл Хамзеқызына көп рахмет
Фариза: Үйренгенбіз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұрылған билерді
Үйреткен Аня апайға мың алғыс
Айғаным: Тәтті тағам пісірген
Айран, сүтін ішкізген
Бәтима,Айжан, Сауле апайлар
Сіздерге де мың алғыс
Айсұлу: Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Гакку,Саягүл апайларға
Айтамыз біз мың алғыс
Айша: Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Сәния апайға мың рахмет
Саягүл апай: Ендігі тамашалайтыңдарыңызШешен халқының биі «Лезгинка»
Би: Шешен биі «Лезгинка» (Таймас – Дильназ, Марлен — Айғаным )
Ортаға Спанч боб келеді (О.Анар апай)
Балалар сәлеметсіңдер ме, бізде сендердің көретін мультфильмдегі кейіпкерлерің едік,әрине біз талай кездесеміз. Бізде сендерге: ақ жол тілейміз, үлкен азамат болыңдар.
Гакку апай:Қысылып еш саспаңдар,
Қызықты ойын бастаңдар.
Аналардың көңілін,
Бір көтеріп тастаңдар.
Саягүл апай:
Ата аналардың жарысы
Дәл осылай басталсын.
Ойын ойнап бір сәтке,
Жастық шағын еске алсын.
Гакку апай: енді ата аналармен бірге ойын ойнайық.
Ойын шарты:
Гакку апай: Енді сіздердің назарларыңызға осы балабақшада тәлім тәрбие алған бүлдіршін түлектеріміздің өткен қызықты сәттерлерінслайд шоудан тамашалай аласыздар.
Слайд шоу (музыка әуенімен)
Гакку апай: Ендігі кезекті әнге берейік. «Сәлем, мектеп» әні
Ән: Сәлем мектеп
Сәлем ,саған мектебім,
Сәлем,білім ордасы.
Жасыл бақты көктемім, 2рет
Жастық шақтың жолдасы.
Сенен біліп шығармын,
Аспан барын, күн барын.
Сен арқылы ұғармын,
Жұмбақ әлем сырларын2.рет
Баспалдақдап,біртіндеп,
Мен ұшармын қияға
Сен тұрарсың күлімдеп, 2рет
Ұқсап алтын ұяма
Саягүл апай: Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Ән де салып, би билеп,
Жалғастырсын ойды ой. Деп келесі кезекті әдемі бір биге берсек.
Би: «Қоштасу Вальсі» (қыздар мен ұлдар)
Гакку апай: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын!
Саягүл апай: Бәріміздің ақылшымыз,панамыз.
Ақыл сұрап,тірек болар саямыз
Сауле апай балабақша тірегі
Қошеметтеп,қол соғып,қарсы аламыз
Ендігі сөз кезегін балаларға деген ақ тілегін,жылы лебізін білдіру үшін «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі Жайлаубаева Сәуле Жұмаханқызына сөз береміз.
(грамота балаларға, ата аналарға, медаль тарту етіледі)
Саягүл апай: Бір ата,бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда,тірлік бар деген бабам.
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! -дей отырып құттықтау сөзді ата аналарға береміз.(Айсұлудың атасы мен Айғанымның мамасы)
Айсұлу:Үлкен сенім жүктеп алып,
Мектепке кетіп барамыз.
Тәрбиешім, өзіңмен,
Қоштасу әнін саламыз.
Ән «Тәрбиеші»
Балабаққа келгенімде,
Тәрбиешім, қарсы алды.
Енді, міне, қоштасарда
Қимастықпен ән салдым.
Қайырмасы:
Тәрбиеші, тәрбиеші,
Жай көрінер айтқанға
Бағбаным ау, балапаның,
Сенсіз қанат қаққан ба:
Талабымды талпындырып,
Тура жолға салдың да.
Жанарыңа жас тұндырып,
Қимай сенде қалдың ба?
Қайырмасы:
Гакку апай:Қош, балалар, сәт сапар,
Үлгілі бәрің болыңдар.
Жақсы оқып әрқашан,
Тек – «5-тікті» алыңдар — дей отырып, бүгіңгі «Қош бол, балабақша» атты ертеңгілік кешімізді жабық деп жариялаймыз.

«АҚҚУ» мектеп алды даярлық тобының
«Қош бол, сүйікті балабақшам»
атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Дайындағандар: Асқарбаева С.Р.
Рымбекова Г.Қ.
Муз.жетекшісі: Лицкеев А.В.
дереккөз
«Қош бол, сүйікті балабақшам»
атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Дайындағандар: Асқарбаева С.Р.
Рымбекова Г.Қ.
Муз.жетекшісі: Лицкеев А.В.
дереккөз
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша сценарий: Балабақша | "Қош балғын, балалық шақ" ертеңгілік
» Сценарий: Балабақша | 1 Қыркүйек - Білім күні (Сыңғырла, күміс қоңырау)
» Сценарий: Білім күні – мереке
» Қазақша сценарий: Балабақша | Балабақшамен қоштасу кеші
» Қазақша сценарий: Балабақша | Қош бол балабақшам

Іздеп көріңіз: