«Абай мұрасы-халық ұлағаты» (тағылымды кеш)
«Абай мұрасы - халық ұлағаты» (тағылымды кеш)
Мақсаты:
- Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;
- «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;
- Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау
1 - оқушы: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, әдебиет сүйер қауым,
білім нәріне құмар студенттер!
2 - оқушы: Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға А. Құнанбаевтың шығармашылығына арналған
«Абай мұрасы - халық ұлағаты» атты тағылымды кешке қош келдіңіздер!
Эпиграф: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс».
1 - оқушы: Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы.
Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі - бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.
2 - оқушы: Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді.
Слайд: Абайдың Балалық және жастық шағы.
Абайдың аналары (көрініс).
1 - оқушы: Ақын шығармалары - оның қазақ әдебиеті тарихында ерекше орны бар классик ақын екендігін дәлелдейді.
М. Әуезов Абайды «Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп атауы да жайдан жай емес.
2 - оқушы: 80 - жылдардың орта кезінен бастап Абай ақындық жолға біржола бет бұрады. Бұл кездегі өлеңдері - толысқан ой - сананың жемісі.
Слайд: «Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз»
Ғылым, білім туралы көзқарасы
- «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
- «Интернатта оқып жүр»
- «Ғылым таппай мақтанба»
Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған ән: «Есіңде бар ма, жас күнім»
1 - оқушы: Абай – озық мәдениетті насихаттаумен қатар, әлеуметтік - азаматтық санасы өскен, халықтың үлкен қайраткері.
Слайд: «Қалың елім, қазағым,
Қайран жұртым»
Халық, замана, адам
• Сабырсыз, арсыз, еріншек»
• «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»
• «Өлсем орным қара жер»
• «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»
2 - оқушы: Абай жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірбиесін танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді.
Слайд: «Кемді күн қырық дәурен тату өткіз,
Жетпесе біріңдікін бірін жеткіз»
Махаббат, достық лирикасы
• «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
• «Есіңде бар ма жас күнің»
• «Ұяламын дегені көңіл үшін»
Музыкалық номер: Абайдың «Көзімнің қарасы» әні.
1 - оқушы: Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерді, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда аса үлкен еңбек сіңірді.
«Көркем сөздің асылы - поэзия» деп жоғары бағалай отырып, ақын мен ақындықтың мұрат - мақсаты жайлы жаңа көзқарасын білдіреді.
Слайд: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы»
Ақындық, ән, өнер адамы
• «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ел»
• «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
• «Өлең сөздің патшасы»
2 - оқушы: Абай - сазгер. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған 30 - дан астам әні бар, 3 күйі бар. Бүгінгі таңда нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.
Слайд: Абай – сазгер.
«Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әнді сүйсең, менше сүй»
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні
2 - оқушы: Табиғат лирикасы – Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі.
Ақын неғұрлым данышпан болса, соғұрлым табиғатпен терең араласып, оның құшағына тұтас қамтып алады. Табиғатты адаммен, ортамен барынша байланыстыра көрсетеді.
Слайд: «Табиғат лирикасы»
• «Жаз» (1886 ж)
• «Қыс» (1888 ж)
• «Күз»
1 - оқушы: Абай – данышпан, Абай – кемеңгер. Ол орыс әдебиеті классиктерінің, Европаның бірталай ақындары мен ғалымдарының, ежелгі заман даналарының туындыларымен танысады. Солар арқылы әдеби білімін, дүниетанымын кеңейте түседі.
2 - оқушы: Абай – әдебиеттегі шебер аударма жасаудың үлгісін көрсетті. 70 - 80 шақты аудармалары өзге тілден дәл, нақ аударылған.
Слайд: Ұлылар үндестігі
• А. С. Пушкин және Абай. «Евгений Онегиннен» 8 өлең аударған, көбі – Онегин мен Татьяна хаттары.
• М. Ю. Лермонтов пен Абай.
• Крылов және Абай.
«Татьянаның хаты» өлеңі
Аудармасы - «Құмырсқа мен Шегіртке» (көрініс)
1 - оқушы: Абайдың поэмалары: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».
Бұл поэмалары қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған. Шығыстық оқиғалар сарынында жазылған. Идеясы – ұстаздық, тәрбиелік ой - мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі көрсету.
Слайд: «Масғұт» поэма – достықты қадір тұтады, ер мен әйел теңдігін жақтайды.
«Ескендір» поэмасы (көрініс)
2 - оқушы: Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – ол Абайдың қара сөздері.
Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл - өнеге, өсиет, ғибрат сөздер. Жалпы қара сөздер саны 46. Оның 46 - сы аяқталмаған. Абайдың қара сөздері өз кезі үшін де, бүгін де бағасы зор.
Абайдың 17 қара сөзі (көрініс)
1 - оқушы: Абайдың шығармашылығын аса жоғары бағалаған А. Байтұрсынов: «Абай – қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазды.
2 - оқушы: Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!
1 - оқушы: Құрметті, әдебиет сүйер қауым! Абайдың шығармашылығына арналған тағылымды кеш соңына жетті. Поэзия әлемінде келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жылдығына арналған әдеби кеш (колледж, университет)
» Сценарий: Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шара
» Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жыл, “Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші
» Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жыл, «Перзент парызы»
» Сценарий: «Алғашқы қоңырау» (Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні)
» Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жылдығына арналған әдеби кеш (колледж, университет)
» Сценарий: Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс шара
» Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жыл, “Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші
» Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жыл, «Перзент парызы»
» Сценарий: «Алғашқы қоңырау» (Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні)
Іздеп көріңіз: