Сценарий: «Қыз еркем, кестесімен көркем» атты жас шеберлер сайысы
Тақырыбы: «Қыз еркем, кестесімен көркем» атты жас шеберлер сайысы
Мақсаты: Қыздардың бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық, ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу. Қыз балаларды өзін - өзі күте білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту. Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт - бағдар беру. Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.
Түрі: Сыныптан тыс шара.
Қатысатын сыныптар: 8 «А», 8 «Ә», 8 «Б» сынып қыздары.
1 - жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі заман талабына сай адам сегіз қырлы бір сырлы болуы керек. «Үйрету - үлкеннен, үйрену - кішіден» демекші, өткеннің өнегесін, дәстүрдің татымдысын сабақ үстінде бала бойына сіңіру әрбір ұстаздың міндеті. Баршаңызға мәлім осы апта бойы мектебімізде көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру апталығы өтіп жатыр, осы апталық аясында бүгін сіздерге арнап өткізгелі отырған «Қыз еркем, кестесімен көркем» атты жас шеберлер сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі кештің де мақсаты - азда болса білім қорларын жетілдіріп, білмегенін білуге, білгенін өзгеге жеткізе білу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
2 - жүргізуші:
Мына ғасыр білімдінің ғасыры,
Сараланар адамзаттың асылы.
Қазақстан өркениет ел болса,
Заңды елімнің қуаныштан тасуы.
Мына заман білімдінің заманы,
Шәкірттердің таудай биік талабы.
Білімдіні анықтайтын сайыста,
Сайыскерлердің сәтті болсын қадамы
1 - жүргізуші:
Жол сілтеген биіктерге ұстаздарым
Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын
Әділдікті тек алған мақсат еткен
Таныстырам әділқазы алқаларын
Бүгінгі кештің әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
2 - жүргізуші:
Көп сөйлеп жөн жобадан біз аспайық
Қандай сайыс болса да біз қашпайық
Ал, ендеше рұқсат болса «Қыз еркем, кестесімен көркем» атты жас шеберлер сайысын біз бастайық деп сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін.
Бұл сайыс екі жұлдыз жобасы мен күз ханшайымы сайысының қосындысы. Себебеі, шарттары күз ханшайымы сайысының шарттары секілді, бірақ қатысатын қатысушылар жұп болып өнер көрсетеді.
1 - жүргізуші: Бұл сайысымызға 8 сыныптардан екі жұптан 3 топ қатысқалы отыр. Сайыс шарттары 5 кезеңнен тұрады:
1. «Жұмбақ қыздар»- әр жұп өздерін таныстырып өтеді./5мин/
2. «Бұрымды қыздар» - шаш өру өнері.( өрілген шашты түсіндіру). Әр топтағы бірінші қыз екінші қыздың шашын өреді. Өрген шашын сипаттап береді, сол арқылы бұрымды қыз екендігін көрсетеді./5мин/
3. «Өнерлі қыздар» - тоқу өнерін көрсету, тоқылған заттар, өз қолдарынан шыққан бұйымдар (көрме көрсету) /5мин/
4. «Ақылды қыздар» сұрақ - жауап айдары. Топтағы бірінші қыз салт - дәстүр бойынша, екінші қыз көркем еңбек сабағы бойынша сұраққа жауап береді. /5 мин /
5. «Аспазшы қыздар» әр топ 10 мин ішінде белгілі салат түрін жасап, оны қорғап беруі керек
Сайыскерлерді 5 пен 10 аралығындағы ұпаймен бағаласаңыздар болады.
2 - жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтсе дейміз
Бір басына өнерлеріне жетсе дейміз
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
(Әр топ өздерінің таныстыруларын орындайды)
Ендеше, бірінші «Жұмбақ қыздар» кезеңін бастасақ. Бірінші бастайтын 8 «А» сыныбын қарсы алайық.
1 - жүргізуші:
Көрінер қыздар сұлу шашбауымен,
Бұрымын кейін серпіп тастауымен.
Жарасқан шашбауымен теңгелерім
Теңгенің кім біліпті дөңгелегін.
Қос бұрымды сұлулықтың белгісі деп таныған халқымыз қыздардың шашаын өсіріп ұшына зергердің қолынан шыққан шашбау, шолпы тағып, сұлулыққа жастайынан баулыған, қыз балаға керек қасиет – талғам, жарасым, ақыл, білім, іскерлік өмір тіршілігінен нәр алып тамырға жайылады. Ендеше, «Бұрымды қыздар» кезеңін бастайық. Бұл сайыс - шаш өру өнері.( өрілген шашты түсіндіру). Әр топтағы бірінші қыз екінші қыздың шашын өреді. Өрген шашын сипаттап береді, сол арқылы бұрымды қыз екендігін көрсетеді./5мин/
2 - жүргізуші:
Сайыскерлер өз өнеріне дайын болғанша әсем әуенге кезек берейік. Қарсы алыңыздар ортада _______
Рахмет! Өнерің өрге жүзсің!
1 - жүргізуші:
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Кілемге біреулер өрнек салыпты.
Терме ұстап, енді бірі ши тоқыса,
Оюдан түйін түйіп тамсаныпты, - деп келе, кезекті «Өнерлі қыздар» кезеңіне берейік. Сайыскерлер өз қолдарынан жасаған бұйымдарын таныстырады.
2 - жүргізуші:
Қандай жақсы майысып тұрғандарың,
Бойыңа жинағандай өнер бағын.
«Ана көрген тон пішер» деген бар ғой,
Өнерлілір көрсетсін бұйымдарын « Өнерлі қыздар» өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын әділ қазыларға әкеліп тапсырсын
1 - жүргізуші:
«Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Инемен құдық қазғандай
Білімнің шыңына шығады, - дей отырып, кезекті «Ақылды қыздар» сайысы
Бұл шартта ортаға сандыққа салынған сұрақтар әкелінеді. Әр топқа арналған 2 сұрақ бар және бір сұраққа 5 ұпай егер екеуіне де дұрыс жауап берсе 10 ұпай беріледі. Жауап беруге 2 минут уақыт беріледі. Айта кеткендей, топтағы бірінші қыз салт - дәстүр бойынша, екінші қыз көркем еңбек сабағы бойынша сұраққа жауап береді
1) Үш арсыз, үш жамандықты атап беріңіз?
- Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз;
- Нақақ қан төгу, кісі малын ұрлап алу, ата - бабадан қалған жұртты бұзбау;
2) Қазақша ай аттарын ата?
- Қаңтар, Ақпан, Наурыз, Мамыр, Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желтоқсан;
3) Төрт түлік малдың иесі қалай аталады?
- Түйе - Ойсылқара, Жылқы - Қамбар ата, Қой - Шопан ата, Ешкі - Сексек ата, Сиыр - Зеңгі баба;
4) Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?
- Домбыра, сазсырнай, жетіген, қобыз, сыбызғы т. б.
5) Жеті атаны атап беріңіз?
- Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене;
6) Жеті қазынаны атап беріңіз?
- Ер жігіт, Сұлу әйел, Ақыл - білім, Жүйрік ат, Қыран бүркіт, Берен мылтық, Жүйрік тазы;
7) Үш жүзді және үш көзді атаңыз?
- Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз;
- Су анасы – бұлақ, Жол анасы – тұяқ, Сөз анасы – құлақ;
8) Бес қару деген не?
- Садақ, Қылыш, Найза сүңгі, Айбалта, Шоқпар;
1. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос Хоу)
2. Әртүрлі маталардың қиындыларын жапсырып, мағыналы көркем жұмыс орындауды қалай атайды? (Коллаж)
3. Оюды үлкен неше топқа бөлеміз? (4 топқа. Жануарлық, ғарыштық, өсімдік тектес, геометриялық)
4. Халат, күрте, жейде, көйлек бұлар қандай киім түрлеріне жатады? (Иық бұйымдары)
5. Ең алғашқы тігін машинасын ойлап тапқан кім? (Леонарда да Винчи)
6. Іс тіккенде саусақтың ұшына киілетін затты қалай атайды? (Оймақ)
7. Әр нәрсені көркемдеп жобалау қалай аталады? (Дизайн)
8. 1900 жылы Ресейдегі Подольск қаласында тұңғыш тігін машиналар зауыты ашылды. Бұл зауыт қалай аталады? (Зингер)
2 - жүргізуші: «Аспазшы қыздар»
Шаңырақтың жайылады дастарқаны,
Дастарқанның бір сәні бар – он тағамы.
Тәтті тағам әр адамды сүйсіндірер,
Аспаздыққа берейік бір бағаны. Дей келе арулар өз ас дәмдерін ұсынады. Әрбір жұп өздерінің жасаған салат түрлерін түсіндіріп, жасалу жолдарын айтып береді.
1 - жүргізуші:
Сайыскерлер өз өнеріне дайын болғанша әсем әуенге кезек берейік. Қарсы алыңыздар ортада _______
Рахмет! Өнерің өрге жүзсің!
Құрметті әділқазылар алқасы оқушылардың өнерлерін бағалаңыздар.
Қорытынды:
Сіздер, біздің шебер, іскер және қиыннан қиыстырар тапқыр оқушылар өнерін тамашаладыңыздар. Өнер - құдірет, күш, адамның жан серігі, рухани байлығы. Кез келген озып шықпайды, талапты, өнерлі оқушы жарқырап біріншілікке шығады. Талант пен өнер атаулының көтерілер шыңы - дарындылық. Осындай сайысқа жиі қатысып, талаптарыңыз талмай, дарындылық қасиетіңіз арта берсін. Олай болса, алған білімдерімізді күнделікті өмірде қажеттерімізге жарата білсек, еңбектеріміздің еш кетпегені. Осыменен сайысымыз аяқталды. Сайысқа әділ баға берген әділқазыларымызға, қатысушыларымызға және көрермендерімізге үлкен рахмет. Қош, сау болыңыздар!
2 - жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Уақыт біраз жерге таяп қалды.
Көріскенше хош сау болып тұрыңыздар,
«Қыз еркем, кестесімен көркем» сайысы аяқталды
Источник: bilimdiler.kz
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: