Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жылдығына арналған әдеби кеш (колледж, университет)

Сценарий: Абай Құнанбаев 175 жылдығына  арналған әдеби кеш (колледж, университет)

Тақырыбы: Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби кеш

Байқаудың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Сыныптан тыс іс – шара көрнекілігі: Абай портреті, ақын туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері фотасуреттер, слайдтар.
Өткізілген күні:
Қатысатын студенттер: 1-2 курс

1-жүргізуші: Құрметті әдебиет сүйер қалың көпшілік! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекетат анған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүл-дүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Олардың әрбіржақсы сөзі мен іс-әрекетін насихаттап, мерейтойларын атап өтуде. Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына байланысты колледжімізде тамаша іс-шаралар өткізіліп жатыр. Кешімізді ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші:
- Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма,
- деп жырлайды ақын өз өлеңінде. Біздің арамызда да ақын балалар бар екен. 2 курс студенттері Қайыржан Құралай мен Касенова Мадина кешке арналған арнау өлеңдерін оқиды.
2-жүргізуші
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Ақын әндерін бүгінгі таңда сүйсіне орындап жүрген студентіміздің бірі -------------------- «Көзімнің қарасы» әнін орындауға шақырамыз.
1-жүргізуші
Өзгеге, көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
Келесі кезекте 1, 2 курс студенттері ақын шығармаларынан үзінді оқиды.
2-жүргізуші
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй.
1-жүргізуші
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
– дей отырып 1, 2 курс студенттерін Абай Құнанбаевтың қара сөздерін жатқа оқуға шақырайық.
2-жүргізуші
Рухымен бекем күрескен,
Санаға ғылым ұқтырған.
Сөзімен жарық, нұр құйған
Айналдық дана, текті ұлдан.
Келесі кезекті 2 курс студенті Касенова Мадина «Абай жолы» романынан үзіндіні жатқа мәнерлеп оқиды.
1-жүргізуші
Қазақтың туған бағына
Абайдай дана баласы.
Ақынның ғашық жырларын
Сағынды байтақ даласы.
– дей келе 3 курс студенті Вединяпина Даринаны «Желсіз түнде жарық ай» әнімен ортаға шақырамыз!
2-жүргізуші
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, - деп төрелігін шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен де бізбен бірге. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық деген тілек айта отырып, бүгінгі кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші
Кешіміздің тыңдаушысы болғандарыңызға көптен – көп рақмет. Сау – саламат болыңыздар.

«Петровка аграрлы-техникалық колледжі» КММ
Өткізген: Нуртанова Г.К.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
абай құнанбаев 175 жыл сценарий ашық сабақ, абай құнанбаев 175 жыл тәрбие сағаты сценарий, абай құнанбаев 175 жыл тәрбие сағаты бастауыш сынып, абай құнанбайұлына 175 жыл сценарий жоспар, абай кунанбаев 175 жыл сценарий ашык сабак, Абай Құнанбаев 175 жылдығына арналған әдеби кеш

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]