Сценарий: Жігіт сұлтаны
Сайыстың мақсаты: Ер балаға тән қасиеттерін көрсете отырып, жігіттерімізді батырлыққа , шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Бойындағы өнерімен дарындылығын, төзімділігін дамыту.
Сайыстың бағдарламасы:
1. кезең: «Таныстырсам өзімді» - таныстыру- (5 ұпай)
2. кезең: «Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету- (10 ұпай)
3. кезең: «Күш атасын танымас» - (қол күрес немесе гир көтеру) - (5 ұпай)
4. кезең: «Құралайды көзге атқан» - нысана көздеу (0-10 ұпай аралығы)
5. кезең: «Ескірмейтін есті сөз» - сұрақ-жауап (5 ұпай)
Қатысушылар: 5-10 сынып ұлдары арасында
Марапатталуы: Қатысушыларға бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздары берілсе, ал жеңімпаз жігіт сұлтанына – сыртқы лагерді қамту мақсатында Балқаш немесе Алакөл демалыс орындарына, саяхат жасауға тегін жолдама беріледі.
Мерзімі: 04.03.2017 жыл. Уақыты: сағат- 15 – 00
«Бекітемін»
Мектеп директоры:
--------------Б.У.Рыскелдина
«Жігіт сұлтаны – 2017» байқауы
Сайыстың мақсаты: Ер балаға тән қасиеттерін көрсете отырып, жігіттерімізді батырлыққа , шешендікке , тапқырлыққа , имандылыққа тәрбиелеу. Бойындағы өнерімен дарындылығын , төзімділігін дамыту.
1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жанкүйер әз-қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғалық.
Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.
Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар,
Қазақтың қасиетті жігіттері.
Халқына қалқан болған қахармандар -, демекші халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл бала келсе «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке , батылдыққа , ептілікке, имандылыққа баулыған. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» - демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талапта жоғары болған.
2-жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғайық,
Ел дәстүрін қолдайық.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр той думан
Қырандардың қосында – деп бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең. Олай болса жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық. Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Жігіт сұлтаны - 2017» байқауымызды ашық деп жариялап, жігіттерімізді ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейік.
1 кезең: «Таныстырсам өзімді» таныстыру - (5 ұпай)
2 кезең: «Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету (10 ұпай)
3 кезең: «Күш атасын танымас» - қол күресі (5 ұпай)
4 кезең: «Құралайды көзге атқан» - нысана көздеу (5-10 ұпай аралығы)
5 кезең: «Ескірмейтін есті сөз» - сұрақ-жауап (5 ұпай)
2-жүргізуші: Бүгінгі байқауға қазылық ететін қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1. Мектеп директоры: Б.У.Рыскелдина
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Б.Ш.Турсинканов
3. Оқу ісі меңгерушісі: К.С.Кыдырманова
Енді сайыскерлеріміз әділқазы алқасынан жеребе алсын.
1-жүргізуші: Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын,
Ал, кәнекей қырандар!
Босқа қарап тұрмаңдар!
Бастап жігіт өнерін,
Алыстарға самғаңдар,- деп жігіттер дайындала берулеріңе рұқсат.
Ән: «Мама», орындайтын Тоқтасынова Камила
2-жүргізуші: Ақыл көркі бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен,
Тез арада таныстырып өтеді,- демекші сайысымыздың І кезеңі «Таныстырсам өзімді» № 1-ші талапкерімізді шақырамыз.
1-жүргізуші: Ей жігіттер, сендерге артар міндет көп
Көтер биік ата салтын құрметтеп.
Ақтай білсең ата-баба үмітін,
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
«Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» адам ақыл парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе? Қазақта жігіттерді былай деп атаған;
«Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт
«Шешен жігіт» - дау шешетін жігіт
«Батыр жігіт» - еліне қамқор жігіт
«Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып , күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашалайық.
Би: «Ұйғыр биі» 5 сынып қыздары
2-жүргізуші: Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес, қоян қолтық алыспай – дегендей сайысымыздың келесі кезеңі «Күш атасын танымас» деп аталады. Бұл кезеңде жігіттеріміз қол күресі немесе гир көтеру бойынша жарысады.
1-жүргізуші: Би болатын жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар жігіттің,
Мергендік болар жұмысы -, демекші ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз.
2-жүргізуші: Жылда – жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.
Көңілді шат сезімге баурайды,
Халқымыздың өткені мен ертеңі.
Жігіттеріміздің өнерлерін, мергендіктерін тамашаладық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой-ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «Ескірмейтін есті сөз» деп аталады. Бұлшартта жігіттеріміз қорапшадан сұрақ парақшаларын алып сұраққа жауап береді.
Ән: «Жаным қазақ» , орындайтын Солтан Шынасыл
1-жүргізуші: Осымен сайысымыздың соңғы кезеңі өз мәресіне де келіп жетті. Ортаға жігіттерімізді шақырамыз.
Жеңімпаздарды марапаттау.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: