Қазақша ашық сабақ: Бастауыш сынып | Ертегілер еліне саяхат

Қазақша ашық сабақ: Бастауыш сынып | Ертегілер еліне саяхат

Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі еліне саяхат
Әдіс – тәсілдері: әңгіме, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, практикалық.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері суреттері, кеспе әріптер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Күндей таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастаймыз.
– Балалар, ертегілер еліне саяхат жасауға дайынсыздар ма?! (Оқушылар: иә!)
– Бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Ертегінің аты «Бауырсақ». Бұл ертегінің ішінде сендерге арналған көптеген тапсырмалар бар. Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма? Ендеше ертегімізді бастайық.
Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.
Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бауырсақтың тапсырмасы – жұмбақ шешу.
1. Өзі жап – жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйді,
Түкті тонын шұп-шұбар. (Мысық)

2. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. (Жапырақ)

Қиқу салып бақырып,
Айқайлауды тауыпты.
Қыт-қыт дейтін шақырып,
Кім біледі...? (Тауық)

Лақтырып бөркін басынан,
Бүйірі қызса, тасыған.
(Құман)
– Өте жақсы, балалар! Бауырсақтың тапсырмасын жақсы орындадыңдар! Бір кезде оған Қоян жолығып:
– Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.
– Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым
Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілген терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!»
Қоянның тапсырмасы:
Сиқырлы алма ағашынан әріптерді ата және дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырат:
А, Р, О, Л, Ш, С, У, Ы, Д, Т, М, Н, Ң, Ғ, Ж, І, Ә, Ө, Қ, К, Е, Б, И, Й, Г.
– Өте жақсы, балалар! Қоянның тапсырмасын жақсы орындадыңдар! Содан бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді. Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.
Қасқырдың тапсырмасы:
«Кім жылдам?» ойынын ойна. Бұл ойында 1 – 10 - ға дейін, 10 – 1 - ге дейін сана және «+», «–» таңбалары арқылы есептерді шығар.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегилер елине саяхат ашық сабақ, ертегилер елине саяхат ашык сабак, ертегілер еліне саяхат ашық сабақ балабақшада, ертегілер еліне саяхат сабақ жоспары, ертегілер еліне саяхат тәрбие сағаты, ертегілер еліне саяхат сценарий, Ертегі еліне саяхат атты сабақ жоспары балабақша, Ертегілер еліне саяхат, Қазақша ашық сабақ: Бастауыш сынып | Ертегілер еліне саяхат, Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат, ертегилер елине саяхат сценарий казакша, сценарий на казахском языке про сказку, ертегілер еліне саяхат ашық тәрбие сағат, ертегілер еліне саяхат сынып сағаты

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]