Қазақша ашық сабақ: Бастауыш сынып | Ертегілер еліне саяхат

Қазақша ашық сабақ: Бастауыш сынып | Ертегілер еліне саяхат

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кенті
№177 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Талдықбаева Ләззат Ережепқызы
3 сынып - Ана тілі (таңдау курсы)

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат сабағының мақсаты:
а) оқушылардың халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру.
ә) Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын, балалардың қабілетін, танымын дамыту.
б) Еліміздің болашақ ұрпағының біліммен сусындауын, тапқырлығымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру
Түрі: саяхат сабақ
Ертегілер еліне саяхат сабағының көрнекілігі: интерактивті тақта
Ертегілер еліне саяхат сабағының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Күндей жадырап,
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап,
Судай сөп-мөлдір таза көңілмен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Өткен күн тамаша ертегі ғой
Айтады ертегі сыр, ертегі ой
Ертегі айтса, еліктіріп балалар,
Қиялыңа қызықтырып ертеді ғой.
Кел балалар ертегіні шертейік біз
Ертегілер еліне саяхаттап келейік біз.
Ендеше ертегілер елінің қақпасын ашайық. Бізді қандай ертегі күтіп тұр екен. Енді, балалар тақтаға қарайық.
«Мақта қыз бен мысық»
Бір күні мақта қыз үй жинап жүріп мейіз тауып алады. Мақта қыз мысығын шақырады. Мысығы келмейді. Мақта қыз мейізді жеп қояды. Мысық Мақта қыздың сүтін төгіп тастайды. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Менің сүтімді әкеліп бермесең, құйрығыңды бермеймін дейді.
1. Мысық сиырға барады.
- Маған тіл, өнер-білім туралы мақал-мәтел айтып бер дейді.
2. Мысық ағашқа барады.
- Ағаш маған тыйым сөздер айтып бер дейді.
3. Қыздарға барады.
- Қыздар бізге жұмбақтар айтып бер дейді.
4. Дүкеншіге барады.
- Дүкенші кім мына шығармашылық тапсырманы орындаса тары беремін дейді?
5. Тышқанға барады.
- Тышқан қорқып тұр. Тышқанға көмектесіп жіберейік. Жаңылтпаш айтайық.
1. Асқат қасқа ат мінді.
Мақсат басқа ат мінді.
2. Ұшып кетті ұшқыш,
Ұшып келді үш қыз.
3. Толағайдың торы ала аты бар,
Толағай, торы ала атыңды тағалатып ал.
Мысық тышқаннан тарыны алып, дүкеншіге береді.
Дүкеншінің тапсырмасын орындайық.
Шығармашылық тапсырма.
«Өлеңді аяқта» жұмысы.
.................. күлеміз,
...................жүреміз.
...................сыйлаймыз,
...................тыңдаймыз.
Дүкеншіден кәмпитті алып, қыздарға барады.
Қыздардың тапсырмасын орындайық.
Жұмбақтар.
I. Бірде мен
Тәтті нәр берер жәндікпін,
Бірде мен
Бөрене тілер әйдікпін. (Ара)
II. Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін,
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым (Тау)
Отыз екі- бәрі алып,
Тұрар іште қамалып.
Ашылғанда қос есік,
Көрінеді ағарып. (Тіс)
Қыздардың тапсырмасын орындап, ағашқа барады.
Ағаштың тапсырмасын орындайық.
Тыйым сөздер.
1. Босағада тұр ма, көк шөпті жұлма.
2. Малды теппе, ақты төкпе.
3. Үлкенді құрметте, қамқор бол кішіге.
Ағаштың тапсырмасын орындап, сиырға барады.
Сиырдың тапсырмасын орындайық.
Мақал-мәтелдер.
1. Ақыл тозбайтын тон ,
Білім таусылмайтын кен.

2. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

3. Өнер алды қызыл тіл.
Сиырдың тапсырмасын орындаған мысық, сүтті алып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын беріп екеуі дос болады.
- Балалар, ертегілер еліндегі саяхатымыз ұнады ма?
- Саяхаттан қандай әсер алдыңдар?
Үйге тапсырма: Өз қиялдарыңнан ертегі құрастырып келу.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегилер елине саяхат ашық сабақ, ертегилер елине саяхат ашык сабак, ертегілер еліне саяхат ашық сабақ балабақшада, ертегілер еліне саяхат сабақ жоспары, ертегілер еліне саяхат тәрбие сағаты, ертегілер еліне саяхат сценарий, Ертегі еліне саяхат атты сабақ жоспары балабақша, Ертегілер еліне саяхат, Қазақша ашық сабақ: Бастауыш сынып | Ертегілер еліне саяхат

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]