Қазақша Ашық сабақ: Кембридж тәсілі | Ехсеl-де кесте құру және толтыру (8 сынып)
Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің
математика және информатика пәні мұғалімі
Абылова Айсұлу Мұхамедияровна
математика және информатика пәні мұғалімі
Абылова Айсұлу Мұхамедияровна
Сабақтың тақырыбы: Ехсеl-де кесте құру және толтыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға,кестені толтыруға ,Арифметикалық орташа мәнді және сандардың қосындысын есептеуге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды жиектеуді көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін және зейінін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру топпен , жұппен жұмыс жасауға,өзіз-өзі бағалауға үйрету.
Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдер: Кембридж тәсілі
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Excel 2010 бағдарламасы, интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, тапсырмалар, оқулық, жұмыс дәптері, оқушыларды бағалау плакаты және электронды бағалау кесте және эмоционалдық жағдай плакаты,стикерлер,маркерлер,желім,қайшы,сызғыш.
Сабақтың жоспары:
1 Ұйымдастыру кезеңі.(2-3мин).
Оқушыларды түгендеу және екі топқа бөлу.
Үй тапсырмасын қайталау.(постер құру.Топтық жұмыс).(7мин).
2. Мағынаны тану.(15мин).
Жаңа тақырып түсіндіру.
Компьютерде тапсырмалар орындау.(Карточка бойынша жұптық жұмыс).(15мин).
С е р г і т у сәті.(2мин)
3. Рефлексия
Бекіту және бағалау.Үй тапсырмасын беру.Көңіл-күй көрсету.(3мин).
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасамын және түгендеймін.
Қиылған қағаздарға «WORD» және «EXCEL» деп жазып , екі топқа бөлемін.
Әр топта 5оқушыдан. Топ басшы, хатшы,хабарлаушы,тәлімгер,уақыт белгілеуші міндеттерін оқушылар өздері белгілеп алады.Уақыт белгілеушіге уақытты қатаң қадағалауды тапсырамын.
Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары:
1.EXCEL-қандай бағдарлама? (Кесте құруға арналған)
2. EXCEL менюі неше бөлімнен тұрады? (Бес бөлім:файл,главная,вставка,разметка страницы,формулы.)
3.Диаграмма деген не?(мәліметтерді көрнекі көрсетудің әдемі түрі.)
4.Диаграмманың қандай түрлерін білесің?(дөңгелек, баған,сызықты,график,нүктелік,аймақты,сақиналы, жапырақты,бет,көпіршіген,биржалық, конустық,пирамидалық)
5.Жұмыс парағы деген не?( EXCEL файлы)
6.Жұмыс парағы қанша баған және жолдан тұрады?(256 баған, 65536жол)
7. Диаграмма шеберінің жұмысы неше қадамнан тұрады? (төрт қадамнан)
Үй тапсырмасын бекіту мақсатында постер құрамыз.Екі топқа «Диаграмма түрлері» атты постер дайындауға 7 минут уақыт беремін. Оқушылар плакатқа дайын диаграмма түрлерінің аттарын жазып ,қасына суреттерін қыстыруы керек.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша Ашық сабақ: Кембридж тәсілі | Құрылысшы (4 сынып)
» Қазақша ашық сабақ: Математика | Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді ықшамдау
» Қазақша ашық сабақ: Бастауыш | Жүздіктермен, ондықтармен, бірліктермен санау (2 сынып)
» Қазақша Ашық сабақ: Информатика | Ақпарат және информатика (5 сынып)
» Қазақша Ашық сабақ: Қазақ тілі | Қазақтың ұлттық ойындары
» Қазақша Ашық сабақ: Кембридж тәсілі | Құрылысшы (4 сынып)
» Қазақша ашық сабақ: Математика | Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді ықшамдау
» Қазақша ашық сабақ: Бастауыш | Жүздіктермен, ондықтармен, бірліктермен санау (2 сынып)
» Қазақша Ашық сабақ: Информатика | Ақпарат және информатика (5 сынып)
» Қазақша Ашық сабақ: Қазақ тілі | Қазақтың ұлттық ойындары
Іздеп көріңіз: