Мен және менің денсаулығым (Балабақша)
БҚО,Ақжайық ауданы,
Тайпақ ауылы, «Айгөлек» МДҰ МКҚК
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Султанова Сания Жаксылыковна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Ақерке» ортаңғы тобы
Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас»,«Шығармашылық»
Бөлімі: Дене шынықтыру,Тіл дамыту,Музыка.
Тақырыбы: «Мен және менің денсаулығым»
Мақсаты: 1. Балаларға денсаулық туралы түсінік бере отырып,өз еркілерімен жаттығуларды жасауға дағдыландыру.
2. Әуенмен жаттығу орындауға қызығушылығын арттыру.
3. Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдікті сақтап жүруді,еденде жатқан шығыршықтың үстінен қос аяқпен секіруді,іздермен жүруді үйрету.
Қажетті құралдар: Әр балаға екі жалаушадан,гимнастикалық орындық,шығыршық,іздер,ойынға қажетті заттар,слайд т.б
Әдіс-тәсілдері: слайдтан суреттерді көрсете отырып түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,тақпақ,мақал-мәтелдер,мадақтау.
Ұйымдастыру кезеңі
Бір қатар сапқа тұрады
Сәлемдесу
Шаттық шеңбері
Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз.
Сәулетті елдің көгінде,
Шамшырақ болып жанамыз.
-Жарайсыңдар,балалар!
Біздің бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Мен және менің денсаулығым» -деп аталады.
-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар?
-Адам үшін осы өмірде ең басты не қажет?
-Денсаулық
-Дұрыс айтасыңдар.
Олай болса көгілдір экранға назар аударайық.
-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?
-Ерте тұру керек.
-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?
-Шынығу керек.
-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?
-Күнде жаттығу жасау керек.
-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?
-Дұрыс тамақтануымыз керек.
-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?
-Таза ауада көп серуендеп жүру керек.
-Жарайсыңдар балалар ендеше денсаулық туралы тақпағымызды айтып жіберейік.
Денсаулық ол-шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық ол-тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол-күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық ол-жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Ендеше балалар ЖДЖ музыка әуеніне қосылып жалаушалармен орындаймыз.
Б.қ:аяқтарын сәл алшақ қойып,жалаушаларды төмен түсіріп тұру.Жалаушаларды жоғары көтеру,оларды айқастырып,бір-біріне соғып тықылдату,төмен түсіру. Б.қ:аяқтарын сәл алшақ қойып,жалаушаларды иыққа қойып ұстап тұру.Отыру,жалаушаларды алға созу,тұру,бастапқы қалыпқа оралу.
Б.қ:тізерлеп отыру,жалаушаларды төмен түсіріп тұру.Жалаушаларды жоғары көтеру,оларды оңға және солға бұлғау,бастапқы қалыпқа оралу.
Б.қ:аяқтарын сәл алшақ қойып,жалаушаларды төмен түсіріп тұру.Жүрумен алмастыра отырып,бір орында қос аяқпен секіру(2рет)
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:
1.Гимнастикалық орындық үстінде тепе-теңдікті сақтап жүру.
2.Шығыршықтың ішінен қос аяқпен секіру.
3.Іздермен жүру
Балалар денсаулық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
1.Денсаулық теңіз, 2.Ұйқы тынықтырады 3.Жарлының байлығы
Ән мен спорт егіз Спорт шынықтырады Денінің саулығы
4.Шынықсан,шымыр боласың 5.Денсаулық зор байлық 6.Дені сау ұрпақ-ел болашағы
7.Дені сау адам-дәулетті адам 8.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің
Ойын: «Дұрыс ата»
Шарты: Суреттегі спорт түрлерінің атауларын дұрыс атау керек.
Штангист,бокс,күрес,футбол,волейбол,баскетбол т.б
Қимылды ойын: «Өз жұбыңды тап»
Ойын шарты:Балаларға екі түсті жалаушалар таратылады,әр бала бір жалаушадан,музыка ойналады,балалар алаңда жүгіреді,музыка тоқтап қалғанда бір түсті жалаушалары бар балалар жұптасып тұра қалады,жеке жұпсыз қалған балаға қарап ойыншылар.
Баланың атын атап , Аузыңды ашып құр қалма,
Серігіңді тез таңда-дейді.
Сұрақ-жауап,өлең шумақ арқылы қортындылау.
Жиналамыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен,кіші жасымыз кәрімізде
Дендеріңіз сау болсын қонақтарым,
Гүл-гүл жайнап жүріңіздер төрімізде
Күтілетін нәтиже:Орындайды: жалаушалармен орындалатын жаттығуларды;
Түсінеді: ойынның шарттарын;
Қолданады: гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдік сақтап жүру,шығыршықтың үстінен қос аяқпен секіру,іздермен жүру дағдыларын
Авторы: Султанова Сәния Жақсылыққызы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, тайпақ ауылы,
"Айгөлек" мектепке дейінгі ұйымы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: