Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі (психология)
Тақырыбы: Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі
Сабақтың мақсаты: Қоғамда маңызды орын алатын білім мен ғылымға анықтама беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Білім мен ғылым адамның өміріндегі маңызды элементтер екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Қоғамдық мәселелерді негізге ала отырып, бірлестікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақты ұйымдастыру әдісі: дәріс
Көрнекілігі: оқулық, тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта - зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Қоғамның рухани өмірінің ерекшелігі
Рухани қызмет
Қоғамның рухани қажеттіліктері мен тұтыну
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
Білім мазмұны, құрылымы
Ғылым түсінігі, функциялары
Ғылыми - білімнің маңыздылығы
Білім - әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс - әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.
Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В. В. Краевский, И. Я. Лернер, В. С. Леднев, М. Н. Скаткин, т. б. зерттеді. И. Я. Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс - әрекет, әмоциялық қарым - қатынас тәжірибесі".
Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан - жақты үйлесімді дамыту керек.
Білім мазмұнының түрлері:
күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;
көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;
болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;
ғылыми іс - әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;
әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бұл әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бұл үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір - бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.
Ғылым - жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бұл түсініктің мазмұнына сонымен қатар білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының түрлері мен механизмдері кіреді.
Ғылыми - білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу:
1) түсіндіру - табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру;
2) жүйелеу - жиналған фактілік материалдарды сұрыптап, бір жүйеге енгізу;
3) суреттеу - қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету;
4) болжам жасау - дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;
5) қорытынды жасау - табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау;
6) жаңалық ашу - табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару;
7) өндірістік - тәжірибелік бағыт беру - алған білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;
8) дүниетанымдық - алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Білім ұғымын қалай түсінесің?
Білім мен ғылым қоғамға не үшін қажет?
Ғылыми - білімнің маңыздылығы неде?
Үй тапсырмасын беру: Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі
Бағалау.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша Ашық сабақ: Тілдер күні (Тіл дамыту – ой дамыту | 5 сынып)
» Қазақша Ашық сабақ: Төрт түлік
» Қазақша Ашық сабақ: 30 Тамыз - Конституция күні (Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны)
» Қазақша Ашық сабақ: Қазақ тілі | Қазақтың ұлттық ойындары
» Қазақша ашық сабақ: Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу
» Қазақша Ашық сабақ: Тілдер күні (Тіл дамыту – ой дамыту | 5 сынып)
» Қазақша Ашық сабақ: Төрт түлік
» Қазақша Ашық сабақ: 30 Тамыз - Конституция күні (Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны)
» Қазақша Ашық сабақ: Қазақ тілі | Қазақтың ұлттық ойындары
» Қазақша ашық сабақ: Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу
Іздеп көріңіз: