Ашуды қалай жеңуге болады? (психология)


Ашуды қалай жеңуге болады?

Агрессивтілікті түзету
Мақсаты:
- Агрессиядан арылу
- Ашуды жеңу техникаларымен таныстыру
Материалдар: Ұсыныс жазылған қағаздар, таза А4 қағазы, әр түрлі түсті қарындаштар немесе фломастерлер.
1. Сергіту
«Біз ұқсаймыз?..» жаттығуы
Мақсаты: топтың ұжымшылдығын арттыру, жеке тұлғалық қарым - қатынас кезінде бір - біріне ұқсастықтарын танып білу.
Жүргізуші қоршаған адамдарына екі сөйлем айтып бөлменің ішінде жүруді ұсынады: «Сен маған... ұқсайсың» және «Мен сенен... ерекшеленемін».

2. Негізгі бөлім
«Тыныштандыру ойы» техникасы
Мақсаты: Агрессиядан арылу, тыныштандыру ойына үйрету.
Жүргізуші: «Ашу – бұл эмоция барлық адамның басынан өткізетін құбылыс. Адам өмірінде қуаныш, бақытты, жылауды өткізетіні сияқты ашу да болып тұрады. Ашуды басынан өткізудің ешқандай әбестігі жоқ. Тек адам ашуланғанда қатты ашуланып, ашудан жарылып кетпей өз - өзін ұстай білу керек.
Ашумен күресудің екі жолы бар:
1. Ашуды ішіне жасыру.
2. Ашуды сыртқа төгу.

Бірінші жағдайда адам ішіне ашуды жинап - жинап бір күні жарылады немесе ауырып қалады. Екінші жағдайда ашуын сыртқы қоршаған адамдарға көрсете берсе оны дұрыс адам деп санамайды.
Бірақ үшінші жол бар, ол мүлде ашуланбау. Міне біз осыдан бастағанымыз жөн. Әр адам оны өзімшіл, ақымақтар ашуландырады деп есептейді.
Сіздер «Сен менің ашуыма тиіп отырсың, сен менің жүйке жүйеммен ойнап отырсың» деген сөздерді жиі айтасыздар. Бірақ бұл өз - өзін алдау болып саналады, бөтен адамдар ешкімді ашуландыра алмайды.
Сіздерді ешқашан ешкім ренжітпейді. Ең ащы шындық бұл сіздер өз - өздеріңізді ренжітесіздер.
Көз алдыңызға жаңбыр астында тұрған екі адамды елестетіңізші. Өзіңіз көріп тұрғандай жаңбыр ол екі кісіге екі түрлі эмоциялық жағдай туғызады. Олардың біреуінде бақыт сезімі, ал екіншісінің көңілі түсіп қалды.
Екеуі де малмандай су болды. Бірақ олардың беттеріне қараңызшы. Олар екі түрлі эмоция көрсетеді. Неге?
Бірақ айырмашылық бар, ол екі адамның жаңбыр туралы екі түрлі ойлауы.
Сіздер қалай ойлайсыздар, егер екінші адам өз ойын өзгертсе, оның сезімі өзгере ме?
Енді біз түсінеміз біз қалай ойласақ сезіміміз де солай өзгереді. Егер біз жағымсыз эмоциядан арыламыз десек, онда біз ойымызға дұрыс көңіл бөлуіміз керек.

Ашуға әкелетін ой Тыныштандыратын ой
Адам жағдайды реттей алмайды дейтін ой: Мысалы: «Менің төзімім таусылды. Олар мені мәжбүрлейді...» Жағдайды реттей алатын қабілетті көрсететін ой: «Мен жағдайды қадағалап отырмын. Ешкім мені мәжбүрлей алмайды. Мен бұл жағдайда не істеу керектігін білемін»
Өзі қалай ойласа, солай болу керек деп ойлайтын ойлар: «Ол (олар) мен ойлаған сияқты істемейді...» «Мен болжаған сияқты жүрмейді». Қоршаған адамдар саған не істесін деп ойлайды деген ойлар: «Ол (олар) олай істеуге міндетті емес, мен оларға үстемдік жүргізе алмаймын».
Жағымсыз ойлар: басқа адамды ойша ренжітіп, оңай ренжуге болады. Басқа адамдардың қызығушылықтары мен сезімдерін түсінетін ойлар: «Ол қазір не сезініп отыр екен».
Басқаларды айыптаушы ойлар: «Біз кешігіп қалғанымызға олар кінәлі». Басқа адамдар туралы жақсы ойлау: «Негізі ол жаман адам емес, әр адам қателеседі».
Басқа адамға зәбір немесе агрессияны ойша бейнелеу Сүйіспеншілік және тыныштандыратын ойлар: Адамдарға зәбір көрсетпеу керек, одан да өмірге пайдалы жұмыстармен айналысқан жөн. «Егер мен қазір бұл адамды ұрсам, ертең қайда боламын. Бұл үшін милицияға немесе абақтыға түскім келмейді».
Агрессиялық тәртіп тудыратын ойлар: Мысалы: «Мен енді шыдай алмаймын», «Тағы қайталанса мен сені ұрып жіберемін» Позитивті іс - әрекет тудырушы ойлар: Әр түрлі әрекеттер позитивті эмоция тудырады. Мысалы: басқа адамға махаббатыңызды білдіру.
Осы ойлардың барлығы ашу тудыратын ойлар. Егер бір адамды кінәлі санаса ол ойлар ашу туғызуы мүмкін. Ашуға бой бермеу үшін жоғарыда тыныштандыратын ойларды ойлау керек.

Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе ашу – ол адамның өзіне, қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін ең күшті сезім. Әр адамның мақсаты – өзін - өзі баылап отыру және өзінің ашуын реттеп отыруы қажет.

«Тыныштандыру ойы» жаттығуы
Әр қатысушы кестенің оң жақ бағанын толтыру керек (3 қосымша, №3 бет), жазып болғаннан кейін тыныштандыру туралы өз пікірлерін оқиды.
Ашуға әкелетін ойлар Тыныштандыратын ойлар
Маған күлсе, мен шыдап тұра алмаймын! Қабілетті ойға түсіруші ойлар...
Бұл менің қолымнан келмейді! Жағдайды бақылау...
Егер ол дос болса, онда ол әрқашан өз уәдесінде тұру керек! Басқа адамдар өздері туралы не ойлайды соны істеу керек:...
Мен ештеңе істеген жоқпын! Ал ана ақымақ мұғалім маған ұрысады! Басқа адамдардың сезімі мен қызығушылығын түсінетін ойлар:...
Менің жазып алған конспектім жоқ, мен енді ешқашан оған дәптерімді бермеймін. Өйткені мен конспектісіз сабақта жауап бере алмаймын! Басқа адамдар туралы жақсы ойлар ойлау керек:
Мен неге артынан дастарханды жинауым керек? Мен шаршаған шығармын, бірақ маған ешкім көмектеспейді! Объективті ойлар:
Егер ол тағы кекетсе, мен оны ұрамын! Позитивті іс - әрекетке әкелетін ойлар:...
Бұл жағдаяттар ашу тудырады. Тыныштандырушы ойлар.

Рефлексия
1. Қайсысы қолдарыңнан келді, ал қайсысы қиын болды?
2. Бейнелеу

«Вулкан» медитациялық техникасы
Мақсаты: Ашу кезінде өз - өзін ұстау және оқушыларға ашулануды реттеуге көмектесу.
Шешілетін мәселелер:
- Ашу, ыза
- Эмоционалды ұстау
Оқушылар көздерін жұмып, денелерін бос ұстап отырады. Жүргізуші: «Сендердің денелерің вулканға ұқсайды, вулканға әр уақытта қозғалып тұру керек. Адамдарға да анда - санда «бу шығарып» отыру керек.
Егер сіздер үнемі ашуды шығармай баса бермесеңіздер, бір күні вулкан сияқты атыласыздар (жарыласыздар), ал ол сіздің қарым - қатынасыңызға кедергі тудырады.
Сондықтан осы медитация арқылы іштеріңіздегі ашу мен күйзелісті шығарып алыңыз.
- Ішіңіздегі ашуды тауып алыңыз.
- Ашу сіздің денеңіздегі әр клеткадан шығып жатқанын сезініңіз.
- Өзіңізді беті жабулы вулкан деп елестетіңіз, ал айналаңызды періштелер қоршап тұр деп елестетіңіз.
- Осы вулканда сіздің ашуыңыз тұрақтайды.
- Періштерге вулканның қақпағын аш деп бұйрық беріңіз.
- Періштелер сіздің ашуыңызды таратып жатыр деп елестетіңіз.
- Жеңілдікті сезініңіз.
- Терең дем алаңыз.
- Періштелеріңізге рахмет айтыңыз.
- Тыныштықты сезініңіз.

Рефлексия
1. Қайсысын елестете алдың, қайсысы дұрыс болмады?
2. Бұл техника сіздерге өмірде керек пе?

3. Әрекет
Техника «Ашуыңды қағазға көшір»
Мақсаты: Оқушыларға сурет салу арқылы жағымсыз эмоциядан арылуға көмектесу.
Оқушыларға таза қағаз, түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер дайындайды.
Жүргізуші нұсқауы: «Өмірде болған жағдайды ойыңызға түсіріңіз, өзіңіздің ашуланған, ызаланған кезіңізді ойыңызға түсіріңіз. Өзіңіздің ашуыңызды салыңыз сызықша түрінде болсын, дақ түрінде болсын өзіңіз қалай елестетесіз солай. Өзіңіздің сол кездегі көңіл - күйіңізді қандай түспен бейнелейсіз солай салыңыз. Сіз өзіңіздің ашуыңызды қағазға көшіріп жатырмын деп елестетіңіз.
Уақытты ойламай қанша уақыт салғыңыз келсе сонша салыңыз. Сосын қағазды аударып, өзіңіздің көңіл - күйіңіз туралы бірнеше сөйлем жазыңыз.
Сурет салып, сөздеріңізді жазып болған соң қағазды жыртып тастаңыз, сосын оны қоқыс жәшігіне лақтырыңыз. Сіздің ашуыңыз қағазға көшіп, ал сіз қағазды жыртып ашудан арылдым деңіз.

Сабақтың рефлексиясы
1. Әр оқушы тренинг ұнады ма, жоқ па пікірлерін айтады.
2. Жүргізуші топтан олар қандай ашуды жеңудің әдістерін біледі екенін сұрайды.

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп
Психология пәнінің мұғалімі КаримоваАлмагуль Айтановна
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]