Қазақша Ашық сабақ: 12 сәуір - Ғарыш күні

Қазақша Ашық сабақ: 12 сәуір - Ғарыш күні

Ашық сабақ тақырыбы: 12 сәуір – ғарыш күні.
Ашық сабақ мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру.
Ашық сабақ жоспары:
І бөлім: Ғылыми космонавтика туралы мағлұмат. ( слайдтар )
ІІ бөлім: Білім сайысы.
І - жүргізуші.
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі 12 сәуір - ғарышкерлер күнімен құттықтаймыз!
ІІ - жүргізуші.
ХХ – ғасыр. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи – қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттарымен енген бұл кезеңнің біздің халқымызға берген екі үлкен сыйы бар: Оның біріншісі – қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да қатыгез екпініне қайыспай шыдас беруі арқылы « Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі – « ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген балалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұланының барып қайтуы.

І - жүргізуші.
Ерте заманнан – ақ адам баласы аспанға назар аударып келеді. Ал қазір аспан туралы тиянақты білім алып, әлем кеңістігін игере бастады. Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты бақылайтын жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңістігін зерттей бастады.

ІІ - жүргізуші.
Кеше: Елдігінің жұрнағы қалмаса да,
Құмар болды даңғаза, далбасаға
«Менікі, - деп, Байқоңыр!» кеуде қақты,
Маңайына бір қазақ бармаса да...
Бүгін: Сын сағаты соққанда арамызға –
Туған ұлдар аз емес бағымызға,
Талғат Сізді ғарыштан құттықтады,
Тоқтар тұрды жарасып жаныңызда.
Қазақ ғарышкерлері ( баяндама ).

І - жүргізуші.
Ғарыш күніне арналған сайысымызды бастаймыз.
Сайыскерлерімізді шақырмас бұрын кеш барысын қадағалап отыратын, әділ баға беретін әділ - қазылар тобымен таныстырып өтейік

Сайыс жоспары:
І кезең: Таныстыру.
ІІ кезең: Викториналық сұрақтар.
ІІІ кезең: Сөзжұмбақ, ребустар. Топ бір – біріне өздері дайындап келген жұмыстарын ұсынады.
ІҮ. Сергіту сәті. Фантастикалық суреттер салу; әңгіме құрастыру.

Ү кезең: « Көкпар». Капитандарға сұрақ ( 10 сұрақтан ).
Викториналық сұрақтар
І топқа
1. 1. Күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін кім ұсынды? (Н. Коперник)
2. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі. (Күнтізбе )
3. Күнге ең жақын планета (Меркурий)
4. Қай планета өз осін бір тәулікте бір айналады? (Жер)
5. Ертедегі гректер планетаны қалай атаған? («қыдырма» шырақтар деп )
6. Көктемгі күн мен түннің теңелу уақыты? (21 наурыз )
7. Дененің қозғалыстағы бастапқы және келесі орнын қосатын кесінді (орын ауыстыру )
8. S / t қандай физ. Шаманы анықтау формуласы? (жылдамдық)
9. Күштің өлшем бірлігі (Ньютон)
10. Грек тілінен аударғанда бу және сфера деген сөздерден құралған сөз (атмосфера )
ІІ топқа
1. Күн жүйесінің геоцентрлік моделін кім ұсынды? (К. Птолемей)
2. Ғылыми деректермен негізденген жорамал не деп аталады? (Гипотеза)
3. Марстың серіктерін атаңдар. (Фобос және Деймос)
4. Алып планеталарды атаңдар. (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун )
5. Қай планеталар өз осінен айналу бағыты өзге планеталардың айналу бағытына қарама – қарсы? (Шолпан және Уран )
6. Меркурийдің қазақша атауы (Шолпан)
7. Күннің жүретін жолы (Эклиптика )
8. Дене пішінің немесе Өлшемдерінің өзгеруі (Деформация)
9. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал (барометр)
10. Энергияның пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі (су көлігі)

ІІ - жүргізуші.
«Байқоңыр» кешені – адамзат тарихындағы ең алғаш ғарыш айлағы. Осының өзі біздің елімізді «космостық гавань» деп ұлықтауға құқық береді. Байқоңыр кешеніне балама алатын ғарыш айлағы жер бетінде жоқ. Ресей федерациясы «Байқоңыр» арқылы өзінің мемлекеттік ғарыш бағдарламасын жүзеге асырып жатыр және коммерциялық космос аппараттарын ұшыруда.
І - жүргізуші.
Дәл осы жерден 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин тұңғыш рет ғарыш кеңістігіне жол салды. Ол ұшқан «Васток» кемесі 28000 шақырым шамасындағы жылдамдықпен ұшты.
ІІ - жүргізуші.
Ғарышта ғарышкерлер міндетін ғарыш кемесі - әрі үй, әрі ғылыми зертхана. Онда ғарышкерлер тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Өз елімізден шыққан ғарышкерлер - Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевта ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Талғат Мұсабаев «Союз ТМ - 27» ғарыш кемесінің басшысы болып, ғарышта 200 күнге жуық жүрді. Ғарышкерлер халықаралық және мемлекеттік маңызы бар тапсырмалармен қатар ғылыми зерттеулер жүргізуге басшылық жасады.

Олар:
1. Қазақстан жерінің табиғи ресурстарын зерттеу, астықты аймақтың мүмкіндігін болжау;
2. Ғарыш жағдайында материалтану;
3. Жер асты пайдалы қазбаларын іздестіру;
4. Атмосферамен қатар, ионосфера және мезосфера қабаттарын да зерттеу;
5. Биотехникалық және биомедициналық зерттеулер жасады.
Ендігі кезек капитандарға беріледі.

І топтың капитанына
1. Айға тұңғыш рет 1969 ж. кімдер аяқ басты? ( М. Армстронг пен Э. Олдрин )
2. Жер тобындағы планеталарды атаңдар. (Меркурий, Шолпан)
3. Неше шоқжұлдыз бар? (12)
4. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және қашан ұшты? (Т. Әубәкіров, 1991 жыл, 2 қазан)
5. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (Атмосфера)

ІІ топтың капитанына
1. Күзгі күн мен түннің теңелу уақыты? (23 қыркүйек)
2. Ең алғаш ғарышқа қашан, кім ұшты? (Ю. А. Гагарин)
3. Алғашқы әйел – ғарышкер кім? (Валентина Терешкова)
4. Жұлдыздар жүйесін қалай аталады? (Галактика)
5. Алғаш жердің жасанды серігі қай жерден ұшырылды? (Байқоңыр ғарыш айлағынан)

Сайыстың қорытынды сөзі әділ – қазыларға беріледі. Жеңімпазды анықтайды, марапаттайды.
І - жүргізуші.
Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін.
Жырға бөле әр төбесін.
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер
Көтерді қазағымның мәртебесін, - деп, ғарышкерлер күніне арналған кешімізді аяқтаймыз.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
12 сәуір ғарышкерлер күні тәрбие сағаты, 12 сәуір ғарышкерлер күні ашық сабақ, 12 сәуір ғарыш күні ашық сабақ скачать, 12 сәуір, ғарыш, 12 апреля день космонавтики открытый урок на казахском, 12 апреля день космонавтики, открытый урок на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]