Ашық сабақ: Өнерлі қыз, өнегелі ана (8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні)

Ашық сабақ: Өнерлі қыз, өнегелі ана (8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні)

Ашық сабақ тақырыбы: «Өнерлі қыз, өнегелі ана»
Ашық сабақ мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.

Безендіру: Зал іші көктем мерекесіне байланысты безендірілген. Көктемдік гүлдер мен шарлар және де музыкалық аппараттар.

Керек құрал – жабдықтар: бағалар көрсететін таяқшалар, шарлар т. б
Балалар залда жартылай шеңберге тұрады.

1 - жүргізуші:
Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз арулар, аналарды,
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.

2 - жүргізуші:
Жыр арнайық оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп жастың.

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар, қыз - келіншектер және көрермендер! Сіздерді алда келе жатқан 8 - наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз. 2 - жүргізуші: Бүгін мерекеге орай мектебімізде өткізілгелі отырған қыз балалар мен олардың аналарына арналған «Өнерлі қыз, өнегелі Ана» атты сайысқа қош келдіңіздер. Бұл сайыста қыздар мен Аналар өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.
1 - жүргізуші: Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық.
1. «1» отбасы___________________________
8. «8» отбасы___________________________
2 - жүргізуші - Әділ қазылармен таныстыру:- Алдымен сайыскер ару, аналарымыздың ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ - қазы алқасымен таныстырып алайық:
1. _____________________________Оқу әдіскері.
1 - жүргізуші: Енді көрермендерге сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
1. «Сәлем – сөздің атасы» яғни өз - өзін таныстыру. (өз тобын таныстыру)
2. «Кім тапқыр?» Қызықты жұмбақтар шешу сайысы (Бұл сайыста әр топқа жұмбақтар қойылады. Топ мүшелері тез жауап айту керек. )
3. «Дәм думан» бұл тағамдар сайысы. (ата - аналарға үй тапсырмасы сайысы).
4. Өнер сайысы.(ата - аналар өз өнерлерін көрсетеді)
5. Сән сайысы яғни көктемгі сән үлгілері.
2 - жүргізуші:
- Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпынтқан
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына тас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан,
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан,
Бұл кім, балалар?
Балалар: Ана! Ана! Ана!
- Иә, бұл әрине ана! Құрметті аналар, қадамдарыңызға гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз! Мектепалды даярлық тобының балалары өз құттықтауларын білдірмекші.
1 - бала: Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
2 - бала: Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім»,- дейтін.

3 - бала: Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.

4 - бала: Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.

1 - жүргізуші: «Сәлем – сөздің атасы» - деп басталатын бірінші кезеңімізді бастаймыз. аталады. Әр топ бір ерекшеліктерін көрсете отырып тақпақ ретінде ма, қимыл ретінде ма таныстырып өтеді.( танысу)
2 - жүргізуші:- Тамаша, әділқазылар бағаларын қойып шыққанша, 1 дайындық тобының ұлдары сіздерге ән сыйлап отыр «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!» орындайтын:

1. Нұрын төккен маған,
Шуағымсың - сен!
Айналайын, мама,
Қуанышыңмен!
Шаттандырған мені,
Жұбанышым – сен!
Құттықтаймын сені
Туған күніңмен!

2. Аялаған мені
Ән қанатымен!
Құттықтаймын сені
Салтанатыңмен!
Бақытты ғой заман,
Қандай көңілді!
Мен тілеймін саған
Ұзақ өмірді!

- Тамаша, рахмет балалар, осындай әдемі өлең айтып берген балапандарымызға қошемет көрсетейік.
1 - жүргізуші: Сайысымыздың 2 – кезеңі
«Қызықты жұмбақтар» сайысы. Әр топ сиқырлы қоржыннан жұмбақтар алады, дайындалуға 1 минут уақыт беріледі. Жұмбақ жауабын дәл тапқан сайыскер ұпай иеленеді.
- Екінші сайыстың ұпайларын санағанша 3 топ балалары сіздерге арнаған тақпақтарын тыңдайық:

Гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын
Анашымды сыйлаймын.

Әжемді мейрамымен құттықтаймын
Айтатын ән беретін гүлім дайын
«Әжетай, сені жақсы көремін» деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Өскенде мен ал, енді,
Аралаймын әлемді,
Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді. Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Бұл әженің өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.

2жүргізуші: - Аналарымыздың, Әжелеріміздің қолынан келмейтін өнер жоқ. Олар тігеді, пішеді, астың түрлі - түрлісін жасайды. Сыныптағы қыздарымыз да аналарына еліктеп түрлі өнерге ыңғайлы. Аналары мен кішкентай ханшайымдары бірге дайындаған үй тапсырмаларына көңіл аударсақ қалай болады екен? Кезекте «Дәм думан» деген ойынмен аналарымыздың аспаздық шеберліктерін сынап көрейік.
- Тамаша, міне нағыз аспазшылар осы жерде тұр екен. Енді мына көздің жауын алатын, тіл үйіретін тамақтарға біздің әділ - қазыларымыз өз бағаларын бергенше 1 топ ханшайымдардың орындауларында «Көңілді күн» атты би ұсынамыз.
- Рахмет, балалар мынадай әдемі би көріп расында да көңіліміз де бір көтеріліп қалды - ау.
1 - жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Өнер сайысы». Бұл сайыста әр сайыскерлерге, үй тапсырмасы берілетін болатын, ендеше өнерлерін тамашалайық.
- Тамаша, өнерлеріңізге тәнті болдық. Әділ қазылар алқасы бағаларын дайындағанша ортаға кішкентай балапандарымызды шақырайық. Би «Шөжелерім», қошемет көрсетейік.
2 - жүргізуші: Сайысымыздың соңғы бөліміне келіп жеттік, «Сән» үлгілерін көрсету сайысы. Ендеше қошеметпен ортамызға сән үлгісін көрсетуге Аналарымыз бен кішкене ханшайымдарымызды шақырайық.
1 - жүргізуші: Әділ қазыларымыз ұпай сандарын шығарғанша ортаға 1 топ қыздарымыз «Тентегім» атты биді қызықтауға шақырамыз.
2 - жүргізуші: Әділ қазыларымыз ұпай сандарын шығарғанша ортаға 3 топ биші ұлдарын шақырайық.
1 - жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
- дегендей сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.
Марапаттау атаулары:
1.________________________
8.________________________
Әділ - қазылар және мектеп директорына сөз беріледі.
2 - жүргізуші: 1 топ кішкене гүлдей жайнаған қыздарымыздың аналарына арнаған «Анашым» әнін тыңдауға шақырамын.
(ән соңынан кейін тақпақ жолын хормен айтып сыйлықтарын аналарына табыстау рәсімі.
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір дем де.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен!!!
1 - жүргізуші: Атадан қалған асыл сөзге, ақыл кеніне құлақ түрсек. Ертеде бір жігіттен үйдің алтын қазығы кім деп сұрапты қарт.
Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала, — депті жігіт.
Ата: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық — ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі, — депті қарт. Осы қарттарымыздың қалдырып кеткен өнегелі де үлгілі сөздерімен осы ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
- Міне, құрметті абзал жанды әжелер, аналар, кішкене ханшайымдар мерекелеріңіз құтты болсын! Осыменен сіздерге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Сау - саламатта болыңыздар!
2 - жүргізуші:
Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат-шадыман болыңыздар.
Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау - саламат болыңыздар!

Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да 8 наурыз әйелдер күні мерекелеріңіз құтты болсын!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
8 наурыз тәрбие сағаты, ашық сабақтар 8 наурыз, ашық сабақ 8 наурыз халықаралық әйелдер күні, ашық тәрбие сағаты 8 наурыз, 8 наурыз ашық сабақ, 8 наурыз ашық сабақтар, 8 наурыз ашық сабақ қазақша, открытый урок на казахском языке 8 марта, открытый урок на 8 марта на казахском языке, 8 наурызға арналған ашық сабақ, 8 наурыз, аналар мерекесі, 8 наурыз аналар мерекесі ашық тәрбие сағаты, аналар мерекесі ашық тәрбие сағаты, тәрбие сағаты 8 наурыз аналар мерекесі, тәрбие сағаттары 8 наурыз, тәрбие сағат 8 наурыз, ашық сабақ тәрбие сағаты 8 наурыз аналар мерекесі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]