Қазақша ашық сабақ: Мәңгілік ел – идеясы

Қазақша ашық сабақ: Мәңгілік ел – идеясы

Қарағанды облысы Абай ауданы
Қарабас кенті №15 ЖББОМ
Сынып 11 «А»
Тарих және география пәні мұғалімі Саней Алмагуль

Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік ел –идеясы»
Сабақтың мақсаты: «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік ел –идеясының маңызын түсіну.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрету.
Дамытушылық: Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге өз үлестерін қосуға баулу.
Тәрбиелелік: Білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ашық сынып сағаты
Сабақ әдісі: пікірталас
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстан - 2050» стратегиясы, слайд, Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер.
Сабақ барысы:
Кіріспе: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы.

Мәңгілік ел
* Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
* Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
* Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
* Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
* Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.
* Ол – Мәңгілік ел идеясы.
* Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.
* Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық.
* Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады.
* Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті.
* Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!
* Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.
* «Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.
* Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда.


Ой қозғау пікірталас
- Мәңгілік ел дегенді қалай түсінесіңдер?
-Мәңгілік елдің сен үшін маңызы қандай?
-Мәңгілік ел идеясына сен қандай үлес қосар едің?

Қорытынды: Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай берсін, елдігіміз мәңгілік!
-Сіздер мектепте "Мәңгілік ел" ұлттық ойы, мектепте қандай жолмен жүзеге асырылуы керек деп ойлайсыздар?
- «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы ұлттың ұлы бағдары. Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылу керек.
Қорытынды: Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Ал оқушыларымыз Омар Хайам айтқандай:
Сен жанбасаң лапылдап,
Мен жанбасам лапылдап,
Аспан қайдан ашылмақ дегендейін, -оқушыларымыз да заман ағымынан қалыспай, ұлттық құндылықтарды сақтап, білімді, белсенді болуымыз керек. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз "Мәңгілік ел" боламыз.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақша Ашық сабақ: Ана тілі | 25 Қазан - Республика күні (Қазақстан - Республикам менің)
» Қазақша Ашық сабақ: 30 Тамыз - Конституция күні
» Қазақша Ашық сабақ: 30 Тамыз - Конституция күні (Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны)
» Қазақша ашық сабақ: 7 Мамыр - Отан қорғаушы күні (Отан – рухы биік, асқақ ұғым!)
» Қазақша Ашық сабақ: 1 Қыркүйек - Білім күні «Қазақстан - 2050» стратегиясы (Бір халық – бір ел – бір тағдыр)

Іздеп көріңіз:
мангилик ел идеясы ашык сабак, мангилик ел идеясы тарбие сагаты казакша, мәңгілік ел идеясы тәрбие сағаты, мәңгілік ел идеясы ашық сабақ, мәңгілік ел идеясы сабақ жоспары, мәңгілік ел идеясы сценарий, мәңгілік ел туралы ашық сабақ, мангилик ел туралы ашык сабак, мангилик, ел, идеясы, ашык, сабак, тарбие, сагаты, казакша, мәңгілік, тәрбие, сағаты, ашық, сабақ, жоспары, сценарий, туралы, mangilik el ideyasy ashyk sabak, mangilik el ideyasy tarbie sagaty kazaksha, mәңgilik el ideyasy tәrbie saғaty, mәңgilik el ideyasy ashyқ sabaқ, mәңgilik el ideyasy sabaқ zhospary, mәңgilik el ideyasy stsenariy, mәңgilik el turaly ashyқ sabaқ, mangilik el turaly ashyk sabak, mangilik, el, ideyasy, ashyk, sabak, tarbie, sagaty, kazaksha, mәңgilik, tәrbie, saғaty, ashyқ, sabaқ, zhospary, stsenariy, turaly

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]