Сабақ жоспары (ұмж): Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме? 1-сабақ (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме? 1-сабақ (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы.
Сабақтың тақырыбы: Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау
Сабақтың мақсаты: Оқушылар қандай ұғымдар жақсылыққа, қайсысы жамандыққа жататынын көрсетеді. Өздерінің әдеп туралы
ұғымын түсіндіреді.түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтайды.
Барлық оқушылар:
Оқушылар жақсылық пен жамандық жөнінде талқылайды, өз сезімдері мен істерін осы ұғымдармен сәйкестендіреді, өз таңдауын түсіндіреді,

Психологиялық дайындық.
Шеңбер болып тұрайық,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
ОМ таныстыру әдептіліктің не екенін білетін
боласың;
• жақсылық пен жамандықты ажыратып үйренесің;

Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме?
(МК, Ұ) Сабақты оқушыларға айнаға қарауды ұсыну. Олар әртүрлі эмоцияларды көрсетуі керек: мейірім,қорқыныш, ақкөңілділік және т.б.
• Айнаға қарап күлімде.
• Ал енді қуанышты, таң қалған,
ренжіген адам бейнесін келтір.
• Қай бейне жағымды көрінді?
Неге?
Айнадағы эмоцияларын қағазға жаздыру.. Балалар өзіне ұнайтын эмоцияларды (жақсылық, қорқыныш, қайырымды және т.б.) бейнелейді.
Оқушылардан өз эмоцияларын парақшаларға жазып тақтаға ілуін сұрау. Тақтада қандай эмоция басым екенін анықтау, нәтижесін диаграммаға салу.
(Ұ) Жақсылық пен жамандық арасындағы күрес туралы шағын мәтінді оқып танысуға ұсыну.
Мәтінмен жұмыс. Адам ішіндегі екі қасқыр.
Талқылау сұрақтары:
• Неліктен екі қасқыр арасында күрес жүрді?
• Сен қай қасқырды асыраған дұрыс деп ойлайсың? Неліктен?
(Ж) «Домино» ойыны. Әдептілікке қандай іс-әрекеттер жатады? Әдептілікке қандай іс-әрекеттер жатпайды? Ой қорытындысын жасау.
(Т) «Әдептілік» терегін шағын топта құрастыру, әр оқушы өз қолынан келетін жақсы істер мен әдептілікті кеспе қағаздарға жазып, теректі безендіруді ұсыну.
Топта оқушылар өз бойында кездеспеген, бірақ басқалар жазған жақсы істер мен әдепті мінез-құлықты анықтайды. «Бұл менің де қолымнан келуі мүмкін, егер мен ...» деп өз дерегін сыныпқа ұсынады.
(МК) Өмір – бұл айна сияқты. Біз жақсы іс істесек те, жаман қылық жасасақ та,соның бәрі көрініп тұрады. Мысалы, біреуге күлімсіреп амандассақ, ол да бізге жымиып қарайды. Біреуге көмек көрсетсек, ол өз алғысын білдіреді.Өміріміздің жақсы немесе жаман болуы өзімізге байланысты.
Өміріміздің айнасын қалай жақсарта аламыз?
Оқушылардың пікірін білу..........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме? 1-сабақ 2 сынып дүниетану, дүниетанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниетану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалық материал адистемелик нускаулык, Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме? 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]