Сабақ жоспары (ұмж): Отбасылық мерекелер (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)
Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»
Сабақ тақырыбы: Отбасылық мерекелер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.4.1.2 Отбасының әрбір мүшесі міндетінің маңыздылығын түсіну;
Сабақ мақсаттары: 2.4.6.3 Жанұялық дәстүрлерді құрмет тұту;
Оқушыларда үйлену тойы туралы түсінік қалыптасады. Ұлттық дәстүрге құрмет сезімдері қалыптасады.
(Ұ) Оқушылар шеңберде отырып жақын арада болған отбасылық мерекелер туралы әңгімелейді.
(Ұ) Оқушыларға үйлену тойынан үзінді көрсетіледі.
Оқушылар болып жатқан шаралар туралы айтады. Яғни, жар-жар, беташар, музыка, би, ойын, дастархан, құттықтау сөздер т.б. Тойға байланысты жеке сөздерді үш тілде айтып үйренеді.
(Ұ) Оқушылардан кімнің үйлену тойында болғанын сұрау. Үйлену тойы кезінде не болғанын сипаттаумен осы тақырыпқа әңгімелесу.
(Ж, Қ) Оқушыларды жұпқа бөлу. Әрбір жұп блиц-сұрақ алуға қатысатын оқушыға үйлену тойы туралы қима қағазға жазылған бір сұрақтан қояды. Блиц-сұрақ алуға қатысатын оқушы сұрақтарға жауап береді.
-Тойдан бұрын болатын қандай дәстүрлерді білесің? /Құда түсу, сырға салу/
-Қалыңдықтың бас киімі қалай аталады? /Сәукеле/
-Күйеу жігіт пен қалыңдықтың ата-аналарын кім дейді? /Құда-құдағи/
-Той басталар алдында қандай ән айтылады? /Жар-жар/
-Асаба қалыңдыққа арналған қандай жыр айтады? /Беташар/
Оқушылар қазақтың үйлену тойлары туралы ой-пікірлермен лексиканы жинақтайды.
(Т, Қ) (Дифф.) Әр топқа үйлену тойының суреттерін зерттеуге уақыт беріледі. /Оқушылар қай ұлттың тойы екенін өздері анықтауы тиіс/ Туыстардың маңыздылығы мен рөлін талқылау ұсынылады. Тойда білдіретін тілектерді айтады. Қабілеті жоғары оқушылар сырттай бақылап, көп үлес қосып отырған оқушыларды анықтауға көмектеседі.
Мысалы: жақын туыстар, алыс туыстар, достары. Әр топ тапсырманы қорғау барысында тойдың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады..........

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Отбaсылық салт-дәстүрлерді туыстар арасында атап өту (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өз шығындарыңды қалай жоспарлаған жөн? (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Халқым менің қонақжай (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Отбасының берекесі бәрінен де қымбат (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Мерекеге дайындық (Музыка, 3 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз: