Сабақ жоспары (ұмж): Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың орналасуы.
Сабақ тақырыбы: Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.2 - кеңістіктегі параллель және айқас түзулердің анықтамаларын білу және оларды анықтау және кескіндеу
Сабақ мақсаттары: - кеңістіктегі екі түзудің орналасуын білу;
- сурет бойынша параллель және айқас түзулерді анықтайды;
- параллель және айқас түзулерді бейнелейді.

Ұйымдастыру.
Бастапқы білімді еске түсіру.
Өткен материалды қайталау
Есептің шарты мен делелдеуімен оқып танысыңыз. Қажетті сөздерді қойыңыз.
Үш нүкте суреттегідей кесінділермен қосылған. Барлық кесінділер бір жазықтықта жататынын дәлелдеңіз.

Дәлелдеу:
Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте арқылы _____________ жүргізуге болады және ол ___________болады.
АВ түзуі α жазықтығында жатады, себебі түзуге тиісті ___________ α жазықтығында жатады.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Келесі сұрақтарды оқушылармен талдау:
Жазықтықта түзулер қалай орналасуы мүмкін? Ал кеңістікте?
Күнделікті өмірден түзулерге мысал келтіріңіз.

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, сабақ мақсатымен жіне бағалау критерийлерімен таныстыру.

Оқушылардан түспен боялған түзулердің өзара орналасуын анықтауды сұрау. Талдау барысында екі түзудің бір жазықтықта жатпауы мүмкіндігіне оқушылардың назарын аудару. Презентация арқылы кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуының классификациясын көрсету.

Көрсетілген слайдтарға сүйене отырып, оқушылардан қиылысатын, параллель және айқас түзулердің анықтамасын берілген сурет бойынша құрастыруды сұрау.
Қиылысатын түзулер
Анықтама. Егер екі түзудің ортақ нүктесі болса, онда олар қиылысатын түзулер деп аталады. Екі түзудің ортақ нүктесі жалғыз болса түзулер қиылысады, ортақ нүктесі бірнеше болса түзулер беттеседі.

Параллель түзулер
Анықтама. Кеңістіктегі екі түзу параллель деп аталады, егер олар бір жазықтықта жатса және қиылыспаса.

Айқас түзулер
Анықтама. Кеңістіктегі екі түзу айқас деп аталады, егер түзулер бір жазықтықта жатпаса.

Түзулердің кеңістікте орналасуын бекіту үшін, оқушыларға салайдтардағы тапсырмаларды ұсу.

Оқушыларға жұпта келесі 6 тапсырманы орындауды ұсыну. Кейін сыныпта жауаптар мен дәлелдеуін талқылаңыз.
Тапсырма 1.
ABCDA1B1C1D1 куб. АВ түзуіне параллель түзулерді анықтаңыз.

Жауабы: A1B1; CD; C1D1
Тапсырма 2
ABCD тетраэдр. AB және CD түзулері параллель болады ма?

Жауабы: жоқ.
Тапсырма 3
ABCA1B1C1 үшбұрышты призма. AA1 түзуіне параллель түзулерді анықтаңыз.

Жауабы: BB1, CC1.
Тапсырма 4
ABCD тертаэдрінің айқас қабырғаларын анықтаңыз:

Жауабы: AB и CD; BC и AD; AC и BD
Тапсырма 5
Копжақтың AA2 қырына айқас қырларын анықтаңыз.

Жауабы: BC, CD, B1C1, A1D1, B2C2, C1D1, C2D2
Тапсырма 6
Суреттегі түзулер өзара қалай орналасқан?

Жауабы: Айқас.

Өткен материалды бекітуді тексері үшін оқушыларға тест тапсырмаларын орындауды ұсыныңыз. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Екі түзудің өзара орналасуы 1-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Екі түзудің өзара орналасуы 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жазықтықтардың параллельдігі 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жазықтықтардың параллельдігі 1-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы 2-сабақ 10 сынып геометрия, геометриядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, геометрия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалық материал, Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]