Сабақ жоспары (ұмж): Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі ара қашықтық.
Сабақ тақырыбы: Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.2 түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын біледі, бейнелейді, оның шамасын табады.
Сабақ мақсаттары: Оқушы
Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтардың арасындағы бұрыштардың анықтамасын біледі.
Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтардың арасындағы бұрыштардың шамасын табады.

Сынып дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасына тоқталу.
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарына сай бағалау критерийлерімен таныстыру.
Өткен тақырыпты қайталау.
Кеңістіктегі екі түзу қалай орналасуы мүмкін?
Кеңістіктегі түзу мен жазықтық қалай орналасуы мүмкін ?
Дайын сызбадағы есептерді шығару (Слайд 2-4)
Оқушыларға өздіктерінен талдап, жауапты негіздеуге уақыт беріледі. Кейін кез-келген оқушыдан шығару жолын сұрау арқылы бағаланады.
Жаңа материалға шолу.
Оқушыларға сұрақ беру.
Сабақтың тақырыбына сұрақ қойыңыз.
Бүгінгі сабақта қандай сұрақтардың жауабын аламыз деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың сұрақтарын тыңдап болған соң слайдтағы сұрақтарды көрсету.

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш дегеніміз не?
Түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты қалай саламыз?
Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш қандай есептерде кездесуі мүмкін?
Бұл бұрышты қалай белгілейміз?
Бүгінгі сабақ барысында осы сұрақтардың жауабын табуымыз керек.
Жаңа тақырыпты меңгеру.
Оқушыларға түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш анықтамасын тұжырымдауды және ізделінді бұрышты постерлерге бейнелеуді ұсыныңыз. Барлық топтар өз постерлерін тақтаға шығып таныстырады, содан кейін https://www.youtube.com/watch?v=P87o8g2JayQ
видеосын көреді. Видео аяқталған соң оқушыларға қорытынды жасатыңыз, перпендикуляр және параллель болу жағдайларына, түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрышты табу алгоритміне тоқталыңыз:
1. Түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесін табыңыз.
2. Түзудің жазықтықта жатпаған нүктесін табыңыз.
3. Осы нүктенің жазықтықтағы проекциясын табыңыз.
4. Осы нүктелерді қосыңыз. Шыққан түзу – түзудің жазықтықтағы проекциясы.
5. Шыққан бұрышты белгілеңіз.
Оқушылар қажет анықтама мен сызбаны дәптерлеріне жазып алады.
Жаңа материалды бекіту.
Оқушыларды кабинет ерекшелігіне байланысты 3 адамнан не 4 адамнан топтарға бөліңіз, әрбір топқа 1-2-тапсырманың 1 есебін беріңіз, берілген тапсырманы топта орындайды, болған Джигсо әдісі арқылы жаңа топта түсіндіруі керек.
1-тапсырма.
а) Берілген суретте АВСD тіктөртбұрыш және АА1(АВС) екені белгілі болса, В1D және (ABC) арасындағы бұрышты табыңыз;
ә) Берілген суретте АВСD параллелограмм және АА1(АВС) екені белгілі болса, В1D және (DD1C1) арасындағы бұрышты табыңыз.
2-тапсырма.
а) Берілген суретте rАВС – теңқабырғалы үшбұрыш және ВВ1(АВС) екенін ескере отырып, ВС1 және (АА1В1) арасындағы бұрышты табыңыз.
ә) Берілген суретте rАВС – тікбұрышты үшбұрыш және ВВ1(АВС) екенін ескере отырып, ВС1 және (АА1В1) арасындағы бұрышты табыңыз.
Жаңа материалды меңгеру деңгейлерін бағалау.
Оқушыларды деңгейлері бойынша жұптарға бөліңіз. Бұрыштарды табу тақырыбын бекітуге келесідей дифференциацияланған тапсырмалар ұсыныңыз, кейін өзара тексеру жүргізсін.
ABCDA1B1C1D1 кубында АВ1түзуі мен АВС1жазықтығы арасындағы бұрышты табыңыз......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш 1-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш 1-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш 3-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Екі түзудің өзара орналасуы 1-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш 2-сабақ 10 сынып геометрия, геометриядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, геометрия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]