Сабақ жоспары (ұмж): Вектордың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Вектордың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы векторлар
Сабақ тақырыбы: Вектордың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.3.1 вектордың координаталарын табу;
Сабақ мақсаттары: Вектор ұғымын біледі;
Векторлардың координаталарын таба алады;
Координаталық жазықтықта вектордың координаталарын таба алады;
Екі нүктенің ортасының координатасын таба алады;

Амандасу.
Психологиялық ахуал тудыру.
Оқушылармен сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін төменгі тренингті өткіземін.
Өзіңізді мінезіңізге сәйкес қандай аңмен не құспен сәйкестендіресіз?
Мұғалім өзі бастайды:
Менің аты-жөнім …. Мен өзімді дельфинге теңеймін. Себебі мен әрқашан сіздерге көмектесуге әзірмін.
Үй жұмысын тексеру
Ой қозғау мақсатында оқушыларға тапсырма беріледі. Оқушылар берілген уақыт ішінде ойланып, пікірін жеткізеді. Дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі және қажет болған жағдайда талқыланады.

v⃗ және w⃗ күш векторларынан қорытынды күш векторын табыңыз.

Жауабы: b - бағыты бойынша
Тақырыпқа шығу және тілдік мақсатты жүзеге асыру
Оқушылар терминдер арқылы тақырыпты анықтайды және академикалық тілді дамытады.

Жаңа материал
«Белсенді лекция» техника және көрнекіліктер (слайдтар) арқылы жаңа материалды меңгерту
Вектор деп бағытталған кесіндіні атаймыз. Яғни (AB) ⃗ вектордың A басы мен B ұшы бар болады:

Егер вектордың басы мен ұшы бір нүктеде орналасса онда бұндай векторды нөлдік вектор деп атайды. Өйткені бұндай вектордың ұзындығы нөлге тең.
Вектордың координаттары деп оның (вектордың) ұшының және басының сәйкесінше координаттарының айырмасын атаймыз.
Яғни (AB) ⃗ векторының басы A(x1, y1) нүктесі ал ұшы B(x2, y2) нүктесі болса онда (AB) ⃗ векторының координаттары (x2-x1, y2 -y1) болады.

Мысалы төмендегі сызбадағы (CD) ⃗ векторының координаттары
(5-1; 4-1)=(4; 3) болады

Геометрияда сәйкесінше координаттары бірдей векторларды бірдей векторлар деп санайды.
Соңдықтан векторларды a, b, c,… деп бір ғана әріппен белгілейміз. a векторының координаттарын (ax, ay) деп белгілейміз. Ал a векторының өзін кейде {ax, ay} деп те белгілейміз........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Кеңістіктегі вектордың координаталары 4-сабақ (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кеңістіктегі векторлардың координаталары 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Векторлардың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Координатасымен берілген векторларды қосу және азайту, координатасымен берілген векторды санға көбейту (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жазықтықтағы векторлар (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Вектордың координаталары Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану 2-сабақ 9 сынып геометрия, геометриядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, геометрия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Вектордың координаталары Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]