Сабақ жоспары (ұмж): Есептерді шешуде векторларды қолдану 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Есептерді шешуде векторларды қолдану 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы векторлар
Сабақтың тақырыбы: Есептерді шешуде векторларды қолдану 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (Оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.4.19 векторды есептер шығаруда қолдану;
Сабақтың мақсаттары: Векторларды есептерді шығаруда қолдану.

І. Сәлемдесу;
ІІ. Психологиялық ахуал құру;
Оқушыларды шеңберге тұрғызып, «Жылан» стратегиясы арқылы сыныпта қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру. Әрбір оқушының арқасына бір парақ қағаз жабыстырылады, ал оқушылар онда бір -бірлеріне жайлы сын есімнен құралған 1-2 сөзден жазады. Кейін әрбір оқушы парақ қағазды алып, өздері жайлы жазылған сын есемдерді оқиды.

ІІІ. Оқушыларды топқа бөлу. Үш деңгейден тұратын сұрақтары арқылы оқушыларды үш топқа бөлу. Сұрақтар деңгейлі екенін білдіртпей жасырын түрде үш түске бөліп тастау керек. Мысалы, егер оқушы төменгі деңгейдегі сұраққа жауап берсе, оған сары түсті карточка беріледі, ал егер ортаңғы деңгейдейгі сұраққа жауап берсе, онда жасыл түсті карточка беріледі. Жоғары деңгейлі сұраққа жауап берсе, қызыл карточка беріледі. Соңында, қай түс басым болса, оқушылар бірігіп, топ құрайды. Осылайшы жасырын саралау тәсілін қолданып, оқушыларды деңгей бойынша топқа бөлдік.

Қалыптастырушы бағалау: Теориялық материалды «Бағдаршам» стратегиясы арқылы тексеруБұл стратегияның тиімділігі оқушылар теориялық материалды қайталап, формулаларды естеріңе түсіріп, және кері байланысты қолма-қол алады. Мұғалім оқушыларға алдын-ала бағдаршамдарды таратады. Тақтада тапсырманың жауабына қай түс келеді, оқушылар соны көтеріп жауап береді.

Бекіту. Оқушылар классикалық жағдайларды, мысалы, ағыс векторына қатысты өзенді жүзіп өту, ұшақтың ұшқан жолын векторлармен бейнелеп, оның берілген бағытта желге қатысты ұшу секілді есептерді қарастырып, зерттеу қажет.

Топтық жұмыс.
Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін, мұғалім міндетті түрде қорытынды жасап, кері байланысты беру керек. Не үшін бұл тапсырманы орындадық? Қандай қиындықтар болды? Нені есімізге сақтау керек? Есеп шығаруда қолданылған қасиеттерді, формулаларды жазып алу.
Тапсырмаларды орындау кезде егер оқушылар қиналатын болса, дескрипторлар ұсынылады.
Кері байланыс. Тақтаға тапсырманың дұрыс жауабы көрсетіліп, оқушылар өз-өздерін бағалайды........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Векторларға амалдар қолдану 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Есептерді шешуде векторларды қолдану 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Коллинеар және коллинеар емес векторлар 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Параллелограмм (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Векторларға амалдар қолдану 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Есептерді шешуде векторларды қолдану 2-сабақ 9 сынып геометрия, геометриядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, геометрия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Есептерді шешуде векторларды қолдану 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]