Сабақ жоспары (ұмж): Төртбұрыштар және оның қасиеттері (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Төртбұрыштар және оның қасиеттері (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Төртбұрыштар және оның қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.5 тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады
8.3.1.6 ромбтың қасиеттері мен белгілерін біледі және есеп шығаруда қолдана
Сабақ мақсаттары: Параллелограммның анықтамасын білу, параллелограммның белгілерін қорытып шығару және қолдану;
Параллелограммның қасиеттерін қорытып шығару және қолдану.

Амандасу
Психологиялық ахуал (1мин): барлық оқушылар бір-біріне тілек айтады

Оқушылар шаршы туралы не білесіндер?
«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы сабаққа назар аудару.
Brain gym:
Қанша шаршы көріп тұрсыңыз?

Дұрыс жауабы: 40

Тақырыпқа шығу
Сонда бізде бүгін сабақтын тақырыбымыз қандай болады?
Мақсатты анықтау
Шаршы, ромб және тіктөртбұрыш салынған карточкалардың көмегімен оқушыларды 3-ке бөлеміз.
Оқушылар Шаршы, ромб және тіктөртбұрыштың анықтамаларын анықтау керек.
Сөйлемді аяқтауды ұсыныңыз ( бастауыш сыныптан белгілі Шаршы, ромб және тіктөртбұрыштың анықтамасын)
Барлық қабырғасы тең және әрбір бұрышы 90°-қа тең төртбұрыш ......(шаршы)
Әр бұрышы 90°-қа тең төртбұрыш .......(тіктөртбұрыш)
Барлық қабырғалары тең болатын төртбұрыш .......(ромб)
Әр топтың оқушыларына (Шаршы, ромб және тіктөртбұрыш), параллелограммның қасиеттері бойынша олардың топтарының фигурасы параллелограмм екендігін дәлелдейтін тапсырмалар беріледі.

Учащиеся каждой группы доказывают у доски что их фигура является параллелограммом, Можно предложить как защиту постера.

Оқушылармен Шаршы, ромб және тіктөртбұрыш үш фигураның да параллелограмм екендігіне қорытынды жасаймыз. Схемалық өрнектеуге де болады.
Берілген фигуралардың параллелограмм екендігін анықтаймыз.
Зерттеу жұмыс
Оқушыларға кестені толтыру тапсырма беріледі
Зерттеу жұмыс
Параллелограммның қасиеттері бойынша квадрат, ромб және тіктөртбұрыштың қасиеттерін табындар. CLIL стратегиясын қолдану
Name-определение-анықтама
Image-рисунок-сызба
Sides-стороны-қабырғалары
Angles-углы-бұрыштар
Diagonals – диагонали-диагональдары
(берілген кестені жұмыс дәптеріне жапсырып алсын)
Name Image Sides Angles Diagonals
Параллелограмм – қарама-қарсы қабырғалары параллель болып келетін төртбұрыш
Тіктөртбұрыш – барлық бұрыштары тең болып келетін параллелограмм
Ромб – барлық қабырғалары тең болып келетін параллелограмм
Квадрат – барлық қабырғалары мен бұрыштары тең болып келетін параллелограмм
Мұғалім кестенің дұрыс толтырылғанын топтан бір оқушының жұмысын тексереді, ал оқушы топтың жұмысын тексереді. Бағалау критерийлері:
Параллелограммның қасиеттерін біледі
Шаршының қасиеттерін анықтайды
Ромбтың қасиеттерін анықтайды
Тіктөртбұрыштың қасиеттерін анықтайды
Кері байланыс:
- Қандай қиындықтар туындады?
- Оларды қалай шешуге болады?.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Параллелограммның белгілері (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Параллелограмм және оның қасиеттері мен белгілері. Тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілеріне есептер шығару (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Төртбұрыштар (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Төртбұрыштар. Есептер шығару. (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Төртбұрыштар және оның қасиеттері 8 сынып геометрия, геометриядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, геометрия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Төртбұрыштар және оның қасиеттері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]