Сабақ жоспары (ұмж): Параллелограммның белгілері (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Параллелограммның белгілері (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Параллелограммның белгілері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.5 тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады;
Сабақ мақсаттары: -төртбұрыштардың белгілері мен қасиеттерін есеп шығарғанда қолданады;

Амандасу
Психологиялық ахуал (1мин): топта оқушылар бір-біріне тілек
Білімді жаңарту.
Оқушыларға алдыңғы тақырыптағы сұрақтар қойылады Оқушылардың біреуіне жауап айтуға береңіз. «Емтихан» стратегиясын қолдануға болады, оқушы "билет" алады және сынып алдында сөз сөйлейді.
Берілген сұрақтар:
Қандай фигура төртбұрыш деп аталады?
Төртбұрыштың қандай төбелері – көршілес, қандайлары қарама-қарсы төбелер деп аталады?
Төртбұрыштың диогоналі деген не?
Төртбұрыштың қандай қабырғалары көршілес, қандай қабырғалары қарама-қарсы қабырғалар деп аталады?
Төртбұрыш қалай белгіленеді?
Қандай төртбұрыш параллелограммом деп аталады?
Параллелограммның қандай қасиеттерін білесіздер?
Бағалау критерийлері:
Төрбұрыш анықтамасын біледі
Төртбұрыш элементтерін анықтай алады
Параллелограммның анықтамасын айта алады
Параллелограммның қасиеттерін біледі
Кері байланыс:
Қай сұрақ қиындық тудырды?
Оқушыларға параллелограммның қасиеттеріне байланысты есептер беріледі.

Сызбада бұрыштары ∠1=∠2, ∠3=∠4 болатын төртбұрыш берілген. АВСD- параллелограмм болатынын дәлелдеңіз. (сызбаны интербелсенді тақтада көрсетуге болады немесе тақтаға салуға болады)

Бағалау критерийлері:
Параллелограммның анықтамасын айтады
Параллелограммның қасиеттерін біледі

Әр нысанның өзіне тән қасиетімен белгілері болады. Қасиеті мен белгісінің айырмашығын айтыңыз
Бұл сұраққа қарапайым мысалмен жауап беріп көрейік. Бізге нысан ретінде күз берілсін. Енді күздің қасиеттері мен белгілерін айтып көрейік:

Оқушылар дәптерлерінде екі қатар кесте толтырады

Қасиеті Белгісі
Егер күз келсе, күн сыуытып, ағаштардан жапырақтар үзіліп жерге түсе бастайды тынымсыз жауын жауады Егер күн суытып, ағаштардан сарғайған жапырақтар жерге түсіп, тынымсыз жауын жауа бастаса онда күз мезгілі келген

Оқушылар өздерінің геометриялық мысалдарын алып келеді:
Қасиеті Белгісі
Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең Егер үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең болса, онда ол тең бүйірлі үшбұрыш

Енді өзіміздің төртбұрышқа оралайық, оның қасиеттерін еске түсіріп, оларға кері тұжырым жасайық, яғни (жауабы-параллелограммның қасиеттері)
Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбы: " Параллелограммның белгілері"........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Параллелограмм және оның қасиеттері мен белгілері. Тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілеріне есептер шығару (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Төртбұрыштар және оның қасиеттері (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Параллелограмм (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Трапеция. Трапецияның түрлері мен қасиеттері 1-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар 3-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Параллелограммның белгілері 8 сынып геометрия, геометриядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, геометрия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалық материал адистемелик нускаулык, Параллелограммның белгілері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]