Сабақ жоспары (ұмж): Үшбұрыштың тамаша нүктелері 2-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Үшбұрыштың тамаша нүктелері 2-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Үшбұрыштың тамаша нүктелері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.1 Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың қасиеттерін білу.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың қасиеттерін біледі және есеп шығару барысында оларды қолдана алады.

Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Жаңа материалды меңгеру
Үшбұрыш элементтерін еске түсіреміз (төбелері, қабырғасы, бұрыштары)
Бұлардан басқа үшбұрышта қандай кесінділер болады?
 Үшбұрыш медианасы — төбесі мен оған қарама-қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді.
- Үшбұрыш биссектрисасы— бір төбесінен шығып, шыққан төбедегі бұрышты қақ бөліп, оған қарама-қарсы жатқан қабырғаны қосатын кесінді.
- Үшбұрыш биіктігі — төбесінен қарам-қарсы жатқан қабырғасына түсірілген перпендикуляр.
- Орта перпендикуляр (медиатриса) —берілген кесіндіге перпендикуляр және кесіндінің ортасы арқылы өтетін түзу.
Практикалық жұмыс
Тапсырма жұппен орындалады, мұғалім көмекті қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетеді. Әрбір тапсырма орындалып болған соң оқушылардың алған нәтижелері тыңдалып, тақтада қорытынды жасалынады.
1 тапсырма.
АВС үшбұрышын салып,АN, ВK,СM медианаларын жүргізіңіздер.
АN, ВK,СM медианалардың қиылысу нүктесін D деп белгілеңіз. Медианалардың қиылысу нүктесі тірек нүктесі деп аталады. Медианалардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.

2 тапсырма.
АВС үшбұрышын салып, АN, ВM,СK биссектрисаларын жүргізіңіздер.
АN, ВK,СM биссектрисаларының қиылысу нүктесін О деп белгілеңіз. О нүктесі АВС үшбұрышына іштей сызылған шеңбердің центрі болады.
Биссектрисалардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.


3 тапсырма.
АВС үшбұрышын салып, АG, ВH,СE биіктіктерін тұрғызыңыздар.
АG, ВH,СE биіктіктерінің қиылысу нүктелерін F деп белгілеңіз. F нүктесі АВС үшбұрышының ортоцентрі болады.
Биіктіктердің дұрыс салынғандығын тексеріңіз.

4 тапсырма.
АВС үшбұрышын салып, орта перпендикулярлар жүргізіңіздер. Орта перпендикуляр (орта перпендикуляр немесе медиатриса) —берілген кесіндіге перпендикуляр және кесіндінің ортасы арқылы өтетін түзу.
Орта перпендикулярлардың қиылысу нүктесін О әрпімен белгілеңіз.
Орта перпендикулярлардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы 1-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Үшбұрыштың тамаша нүктелері 1-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы 2-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы 3-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері 3-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Үшбұрыштың тамаша нүктелері 2-сабақ 8 сынып геометрия, геометриядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, геометрия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары адистемелик нускаулык, Үшбұрыштың тамаша нүктелері 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]