Сабақ жоспары (ұмж): Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу 3-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу 3-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері
Сабақ тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.2.2.2 екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу;
Сабақ мақсаттары: • Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешудің әдістерін меңгеру;
• Әдістерді есеп шығаруда қолдану.

Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
6 – сыныпта өткен «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі және оны шешу әдістерін» еске түсіру:
Сызықтық теңдеулер жүйесі;
Сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу;
Сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу;
Сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілі арқылы шешу;
Сұрақ:
1)Сіздер сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімін графиктік тәсілмен қалай таптыңыздар?
2)Квадрат теңдеулер туралы не білеміз? Түбірлері қалай табылады? Шешімдері туралы не білеміз?
3)Квадрат функцияның графигін қалай сызамыз?
М/Ұ
Бүгінгі сабақ мақсатын жариялау. Күтілетін нәтижемен таныстыру.
Мәселе қою.
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін қалай шығарамыз?
Мысалы: {█(x^2-y=-3,@-3x+y=1.)┤
Оқушыларды әдістер аты жазылған карточкаларда сөздерді жасырын қойып, таңдату арқылы үш топқа бөлу. Әр оқушы өзінің таңдаған әдісі бойынша топқа қосылады.
Т
1 – топ: алмастыру тәсілімен шешу

Суреттегідей ортасы бөлінген аула салу үшін барлық ұзындығы 36 метр болатын қоршау қолданылған. Ауланың жалпы ауданы 54 кв.метр құрайтын болса, ауланың өлшемдері қандай?
2 – топ: қосу тәсілімен шешу
{█(y-4x=1,@〖5x〗^2-2y=2.)┤
3 – топ: графиктік тәсілмен шешу
Сіз және досыңыз бір көлде қайықтармен жүзіп жүрсіздер. Сіздің жолыңызды y = -х2 - 4x - 1 теңдеуімен модельдеуге болады. Сіздің досыңыздың жолын y = 2x + 8 теңдеуі арқылы модельдеуге болады. Жолдарыңыз бір-бірімен қиылысады ма? Егер солай болса, нүктелердің координаттары қандай?

Топтық жұмысты тексеру. Оқушылар орындаған жұмыстарымен тақтада таныстырып, қорғайды. Әр топ өздері пайдаланған тәсілдерінің тиімді және тиімсіз тұстарын айта кетеді. Алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасайды.
Жетістік критерийлері:
1)Берілген тәсілді дұрыс қолданған;
2)Шешімді дұрыс тапқан;
3)Жауаптың дұрыстығын тексеріп, көрсетеді.
Дескрипторлар:
1 – топ үшін:
А)Есеп шартына сәйкес теңдеулер жүйесін құрады;
Ә)Бірінші не екінші теңдеуден у – ті х арқылы өрнектеп, келесі теңдеуге апарып қояды;
Б)Квадрат теңдеуді шешеді;
В)Теңдеудің толық шешімін табады.
2 – топ үшін:
А)Жүйедегі бірінші теңдеуді 2 – ге көбейтеді;
Ә)Теңдеулерді қосу арқылы х – ке қатысты квадрат теңдеу алады;
Б)Квадрат теңдеуді шешеді;
В)Теңдеудің толық шешімін табады.
3 – топ үшін:
А)Бірінші теңдеудің графигін (парабола) салады;
Ә)Екінші теңдеу графигін алдыңғы координаталық жазықтыққа сызады;
Б)Парабола мен түзудің қиылысу нүктелерін көрсетеді.
Кері байланыс беру.
Ж
Тапсырма 1
Графиктік тәсілмен теңдеулер жүйесін шешіңіздер:
{█(x^2-y=14@3x+y=4)┤
Тапсырма 2
Алмастыру тәсілмен теңдеулер жүйесін шешіңіздер:
{█(x+y=7@xy=6)┤;
Тапсырма 3
Қосу тәсілімен теңдеулер жүйесін шешіңіздер:
{█(x^2+y^2=10,@x^2-y^2=8)┤
Жұптық жұмысты тексеру: Оқушылар бір – бірінің жұмыстарын алмастыру арқылы тексереді.
Дескрипторлар:
Тапсырма 1
А)Бірінші теңдеудің графигін (парабола) салады;
Ә)Екінші теңдеу графигін алдыңғы координаталық жазықтыққа сызады;
Б)Парабола мен түзудің қиылысу нүктелерін көрсетеді.
В)Теңдеулер жүйесінің шешімін табады.
Тапсырма 2
А)Бірінші не екінші теңдеуден у – ті х арқылы өрнектеп, келесі теңдеуге апарып қояды;
Ә)Квадрат теңдеуді шешеді;
Б) Теңдеулер жүйесінің шешімін табады......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу 4-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу 2-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің графиктік тәсілі 1-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу 1-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер арқылы шешу (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу 3-сабақ 9 сынып алгебра, алгебрадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, алгебра умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу 3-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]