Сабақ жоспары (ұмж): Иррационал сандар және нақты сандар (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)
Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбір және иррационал өрнек
Сабақтың тақырыбы: Иррационал сандар және нақты сандар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар иррационал және нақты сандар ұғымдарымен танысады.
Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындықтарын тексереді. Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстырады.
Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалім оқушылармен біріге отырып үй тапсырмасын тексереді, қателерін анықтайды, түзетулер жасайды.
Зерттеу жұмысы
Сынып 3-4 оқушыдан шағын топтарға бөлінеді.
Оқушылар мысал келтіріп, сөйлемді аяқтаулары керек. Оқушылардың назарын бағалау критерийлеріне аударған жөн. Әрбір топ бір тұжырымды пайымдайды. Қалған оқушылар тыңдайды, толықтыруға, түзетуге мүмкіндіктері бар, кейін шыққан қортындыларды дәптерлеріне жазып алады.
Тапсырма
Q сандар жиынының қасиеттерін қорытындылаңыз. Мысал келтіріп, сөйлемді аяқтаңыз:
Рационал сандарды қосқанда…шығады.
Рационал сандарды азайтқанда…шығады.
Рационал сандарды көбейткенде…шығады.
Рационал сандарды бөлгенде (нөлден өзге санға)…шығады.
Рационал сандарды дәрежелегенде…шығады.
Мұғалім қорытынды жасайды: Q рационал сандар жиынының маңызды ерекшелігі оның қосу, азайту, көбейту, бөлу (нөлден өзге), натурал дәрежеге шығару амалдарының тұйықтылығы болып табылады. Рационал сандарға қолданылатын осы амалдардың нәтижесінде біз қайтадан рационал сан аламыз.
Оқушылар иррационал сан ұғымымен танысады
Жұппен жұмыс
Сандарды жай бөлшек түрінде жазыңыз:
а) 1,(3) б) 2,(25) в) 1,6(7) г) 0,41(6)
д) 5,2(45) е) 3,4783694…
Тапсырманы орындап болған соң мұғалім сұрақ қояды.
- Қандай қорытынды шығаруға болады?
- 3,4783694…санын жай бөлшек түріне келтіре алмаймыз, бұл сан иррационал сан болады.
Анықтама:
Иррационал сан деп кез келген шексіз периодсыз ондық бөлшекті айтамыз. Иррационал санды m/n қатынасы түрінде және керісінше жаза алмаймыз. m/n түріне келтірілмейтін кез келген сан иррационал сан болады.
Тапсырма: Бұл рационал сан ба әлде иррационал сан ба?
-3,2 ; ; 1,2333… 5,13113111…; 0,1010010001…; -10,353535… -2,121121112…;
Нақты сандардың анықтамасы
1.Иррационал сан ұғымы мен нақты сандар ұғымы BILIMLАND сайтындағы бейнематериалда жақсы берілген.
Оқушылар бейнематериалмен танысады және дәптерлеріне шағын конспект жазып алады.
Иррационал сандар
Нақты сандар
2. Жұппен жұмыс
Тапсырма: Венн шеңберін толтырыңыз.
Жауапты слайдтағы жауаппен салыстырады.
Рационал және иррационал сандар жиыны нақты сандар жиынын құрайды. Белгілеулерімен таныстыру.
3. Жеке тапсырма
Тrue/ False тапсырмаларын орындау
Оқушылар тұжырым дұрыс болса Т, қате болса F әрпін жазады. Кейін тақтадағы жауаппен өздерін тексереді..........

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Иррационал сандар және нақты сандар 1-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Нақты сандар (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Нақты сандарды салыстыру 1-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): «Квадрат түбір және иррационал өрнек» бөлімін қайталау (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Квадрат түбір 2-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз: