Сабақ жоспары (ұмж): Нақты сандар (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)
Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбір және иррационал өрнек
Сабақтың тақырыбы: Нақты сандар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар нақты сандарды салыстырады.
Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындықтарын тексереді. Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстырады.
Үй тапсырмасын тексеру
Бір оқушы тақтада үй тапсырмасының шығарылуын көрсетеді, қалағандары тексереді, қажет болса түзетулер енгізеді.
Білімді жаңғырту
Топпен жұмыс
Оқушыларға сандар жазылған карточкалар таратылады. Топ мүшелері бұл сандарды өз қалаулары бойынша неғұрлым көп топшаларға топтастырады. Кейін әрбір топ сандарды қанша топқа топтастырғанын түсіндіреді. Басқа топтар тыңдайды, қажет болған жағдайда түзетулер мен толықтырулар енгізулеріне болады.
Дескрипторлар:
Сандар жиынын топтайды;
Өз таңдауларын түсіндіре алады.
Жаңа материалды меңгеру
Мұғалімнің түсіндіруі
Нақты сандар жиыны мен координаталық түзудегі нүктелер жиынын арасында өзара бірмәнді сәйкестік бар, әрбір нақты санға координаталық түзудегі бір ғана нүкте сәйкес келеді және координаталық түзудегі әрбір нүктеге бір ғана нақты сан сәйкес келеді.
Нақты сандарды ондық бөлшектер сияқты сияқты салыстыруға болады. Оң сандар үшін алдымен бүтін бөлігін салыстырады, егер олар тең болса, ондық разрядтарын салыстырады. Егер олар да тең болса жүздік разрядтарын салыстырады.
Мысалы.
Сандарды салыстыр:
6,513... және 6,520...
-1,807... және -1,808...
Нақты сандар жиынында қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары орындалады. Ондық бөлшектер арқылы жуықталған қосындысын, айырмасын, көбейтіндісін, бөліндісін табуға болады.
Мысалы:
a=1,(3) мен b=0,616616661… берілген. ab=?
Мұғалім тақтада шығарылуын көрсетеді.
Жұппен жұмыс
Жұптың әрбір мүшесіне 3 есептен тұратын карточка беріледі. Олар өз сандарын салыстырады, кейін жұптарына қалай салыстырғанын түсіндіреді.
№1
Салыстырыңыз:
а) 101,71... және 110,8...;
б) 4,446... және -0,303...;
в) -0,123... және -0,121....
№2
Салыстырыңыз:
а) 4,9(18) және 4,928...;
б) -4,315... және -4,318...;
в) -1,234... және -2,221....
Дескрипторлар:
Нақты сандарды салыстырады;
Өз шешімдерін түсіндіреді.......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Иррационал сандар және нақты сандар 1-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Иррационал сандар және нақты сандар (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Нақты сандарды салыстыру 1-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): «Квадрат түбір және иррационал өрнек» бөлімін қайталау (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Нақты сандарды салыстыру 2-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз: