Сабақ жоспары (ұмж): Бірліктерін өзгерту. Стандарт түрде жазылған сандарға амалдар қолдану (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Бірліктерін өзгерту. Стандарт түрде жазылған сандарға амалдар қолдану (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бүтін көрсеткішті дәреже
Сабақтың тақырыбы: Бірліктерін өзгерту. Стандарт түрде жазылған сандарға амалдар қолдану
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.2.10 шамаларды бір өлшем бірліктен басқа өлшем бірлікке аудара алады және нәтижені стандарт түрде жаза алады;
7.1.2.7 сандарды стандарт түрде жаза алады және оларға арифметикалық амалдар қолдана алады;
Сабақ мақсаттары: Стандарт түріндегі жазылған сандарды салыстыруды қалыптастыру; стандарт түріндегі жазылған сандарға арифметикалық амалдарды қолдану.

оқушылармен сәлемдесу, зейінін сабаққа шоғырландыру, түгелдеу;
сабақ жоспарын хабарлау ;
мұғалім үй жұмысының шешу жолын көрсетеді, оқушылар өз жұмыстарын жасыл қаламмен тексереді.
Мұғалім оқушыларға стандарт түрде жазылған сандармен амалдар орындау арқылы “Tarsia” моделін құруға ұсынады.

Мұғалім оқушылармен талқылау барысында оларды төмендегі аударуларды орындауды сұрайды
1) 3 м см-ге;
2) 2,5 дм см-ге;
3) 267 см м-ге;
4) 34 м км-ге;
Ережелерін тұжырымдауды сұрайды. Мысалы: «См-ді мм-ге аудару үшін санды 10-ға көбейту қажет»
3,5·105 т граммға;
3,5·105 т = 3,5·105  106 г = 3,5·1011 г.

Тапсырманы орында:

1. Жер радиусы- 6370 км, Күн радиусы- 695000 км.
Метрге айналдырып, жауабын стандарт түрде жаз.
Жер радиусы Күн радиусынан неше есе кіші ?
Санның стандарт түрін санды бір өлшем бірліктен басқа өлшем бірлікке айналдырғанда қолдануға ыңғайлы
Санның физикалық шамасының алдына қойылатын тіркес 10-ның дәрежесін білдіреді:

гекто – 102 кило – 103 Мега – 106 Гига – 109

2. Аудар:
10 кВт = … Вт
15 кН = … Н

3. Тіркес сөздерді қолдана жаз :
106 Па = … МПа
1,7103В = … кВ
4. Ай Жерді толық айалып шығуына 27 тәулік, 7 сағат, 43 минут және 11секунд жұмсайды. Бұл қанша секундқа тең?
5. 155,4 м аударыңыз: а) километрге; б)сантиметрге; в) миллиметрге......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Бірліктерін өзгерту Стандарт түрде жазылған сандарға амалдар қолдану 7 сынып алгебра, алгебрадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, алгебра умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Бірліктерін өзгерту Стандарт түрде жазылған сандарға амалдар қолдану

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]