Сабақ жоспары (ұмж): Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпмүшелер
Сабақ тақырыбы: Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.2 бірмүше анықтамасын білу, оның коэффициенті мен дәрежесін табу;
7.2.1.4 бірмүшелерді көбейтуді орындау және керісінше, оны көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде көрсету;
Сабақ мақсаттары: Бірмүшеге амалдар қолдануды үйрету;
Есептер шығару барысында ережелерді қолдануға дағдыландыру; Оқушылардың іскерлік дағдыларын арттыру, топпен жұмыс жасай білу;
Сөйлеу дағдысын дамыту.

Ұйымдастыру. Амандасу.
Жағымды психологиялық ахуал тудыру.Оқушыларды ортаға шақырып, «сағат» сияқты шеңберге тұрғызып, ағылшын тілінде жазылған іс әрекетерді түсініп орындату
« Clock Buddies»
1. (Shake hands)
2. (Tap the back)
3. (Smile)
4. (Wave hands)
5. (Wink)
6. (Give a compliment)
7. (Wish anything)
8. (Send a kiss)
9. (Give massage)
10. (Rub the back)
11. (Make him smile)
12. (receive a compliment)
Ұ,М
Актуалдау үшін оқушыларға сұрақ ретінде тапсырмалар ұсыну.Ауызша орындату.
Дәреже түріне келтіріңдер:
y^3*y^2= (y^3 )^2= a^10:a^8=
Өрнектің мәні оң және теріс сан болатынын анықтаңдар:
〖(-8)〗^10 〖(-5)〗^27 7^5 〖-2〗^8
Есептеңіз:
(3*2)2-3*22 ((〖-3)〗^8)/3^7 0,125*105
Ө
Математикалық диктант:
1. t жылда неше ай бар?
2. n сағатта неше минут бар?
3. Қабырғалары a және b болатын тіктөртбұрыштың ауданы
4.Бесінші дәрежелі x пен төртінші дәрежелі y – тің көбейтіндісі
5.Қабырғасы с болатын текшенің көлемі
Балалар өз жауаптарын тақтадағы жазылып тұрған өрнектер ішінен сәйкесін тауып, тексереді.
Тақтада:
1000, 50, 5, x 4 , 12 t, 2 x 5 y 4, 3, 2 x 2 ·3 x 3, 60 n, 3 ав, с2, 2,
60
n , ав, п r 2, а 2в, 2 п r, 4, х 5 у 4, 25 авс (– 0,2) в, 2 х2 ·3х3.
Оқушылар біз нені қайталадық. Қалай ойлайсындар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы неге байланысты?
М
Мұғалім сабақ тақырыбын айтады. Сабақтың мақсатын айтып, оқушылармен бірге бағалау критерийлерін құрады.
Жаңа тақырыпты ашу: біздің сабағымыз көбейтуге, дәрежеге шығаруға, стандарт түрге байланысты.
Тақырыбымыз: Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану.
Презентация арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
Бүтін өрнектердің ішіндегі ең қарапайымы – көбейту амалын пайдаланып, сандардан, әріптерден және олардың дәрежелерінен құрастырылған өрнек. Мысалы: 2а ; abc; 0,2bc ; -5ab .Мұндай өрнектерді бірмүше деп атайды. Дәрежелеу амалы көбейтудің дербес түрі болғандықтан, көбейтуден басқа, дәрежелеу амалы бар өрнек те бірмүше болады.Мысалы: 2а2 ; а2(-3b2); 4a2b3c.
4a2b3c бірмүшесіндегі сандық көбейткіш 4-коэффициент деп, ал a2 ; b3 ;c әріп көбейткіштер деп аталады. Бір ғана саннан немесе бір ғана әріптен тұратын өрнек те бірмүше болады.Мысалы: 5; а; х; ; - бірмүшелер.
Анықтама: Сандар мен әріптерден көбейту амалы арқылы құрастырылған бүтін өрнекті бірмүше деп атайды.
Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолданып 2b3(-3)bc2 бірмүшені ықшамдайық : 2b3(-3)bc2= 2 (-3)b3bc2 = -6b4c2 .
Біз 2b3(-3)bc2 бірмүшені тек бір ғана сандық көбейткіш ,ал қалғандары әр түрлі әріп негіздегі дәрежелер түріне келтірдік. Мұндай бірмүшені стандарт түрдегі бірмүше деп атайды. Кез келген бірмүшені стандарт түрде жазуға болады. Ол үшін барлық сан көбейткіштерді көбейтіп, бірінші орынға жазады да, оған жалғастырып бірдей әріп көбейткіштердің дәреже көрсеткіштерін қосып, дәреже түрінде жазады. Стандарт түрдегі бірмүшеде әріптері бірдей әр түрлі көбейткіштер болмайды.Стандарт түрдегі бірмүшенің сандық көбейткішін бірмүшенің коэффициенті деп атайды.
8a2bc3 бірмүшесінде барлық әріптер дәреже көрсеткіштерінің қосындысы (2+1+3)=6-ға тең.Бұл қосындыны (6-ны ) 8a2bc3 бірмүшесінің дәрежесі деп атайды.Егер бірмүшеде әріп көбейткіш жоқ болса, онда оның дәреже көрсеткіші нөлге тең деп саналады.
Бірмүшелерді көбейткенде және дәрежеге шығарғанда негіздері бірдей дәрежелерді көбейту мен дәрежеге шығару ережесін қолданамыз. Мысалы:
1) -5a2bc мен 4a2b4 бірмүшелерін көбейту үшін сандық көбейткіштерді және негіздері бірдей дәрежелерді жеке-жеке топтастырамыз -5a2bc∙4a2b4=(-5∙4)(a2∙a2)(b∙b4)c =-20a4b5c
2) –х2у , 4х3у2 және -5ху бірмүшелердің көбейтіндісін анықтайық:
–х2у ∙ 4х3у2 ∙ (-5ху)= -1∙4∙ (-5) (x2x3x)(yy2y)=20x6y4
Бірмүшені дәрежеге шығарғанда көбейтіндіні және дәрежеге шығару ережелерін қолданып, шыққан өрнекті ықшамдайды: Мысалы:
1) (-2a2b )3= (-2)3 (a2)3 b3= -8a6b3
2) (-x3y2)4= (-1)4(x3)4 (y2)4= x12y8
Кері байланыс. Оқушыларға сұрақтар қою:
1.Санды өрнек,яғни жай ғана сан бірмүше болады ма?
2.Бірмүшелерді көбейту амалын орындағанда қандай ережелерді қолданамыз?
3.Ұқсас бірмүшелер дегеніміз қандай бірмүшелер болуы мүмкін?
Ұқсас бірмүшелерге мысал келтіру........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Көпмүшелерге амалдар қолдану 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің индукциясы. Бұрғы ережесі (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану 1-сабақ 7 сынып алгебра, алгебрадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, алгебра умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]