Сабақ жоспары (ұмж): Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бүтін көрсеткішті дәреже
Сабақ тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.1.2.15 натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану;
Сабақ мақсаттары: 1.Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін біледі;
2.Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданады.

Оқушылармен сәлемдесу;
Оқушылар қағаз қиындыларына жазылған дәреженің қасиеттерінің формулаларын дұрыс сәйкестендіру арқылы жұптарға бөлініп отырады;
Жұптағы оқушылар дәптерлерін ауыстырып, ауызша оқу арқылы үй жұмысын тексеріп, бірін-бірі бағалайды (бір-бірінің дәптерлеріне комментарий жазу арқылы да бағалауға болады)
Алдыңғы өткен сабақ мақсатын еске түсіріп,сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақтың мақсатын ашамыз:
1.Өткен сабақтың мақсаты қандай болды?
(Натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын және оның қасиеттерін білу).
2. Натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасын тұжырымдаңыз.
3.Натурал көрсеткішті дәреженің қандай қасиеттерін білесіз?
4.Қасиеттерін жазып, түсіндіріп беріңіз.
(оқушылар дәреженің қасиеттерін айтып, тақтаға формулаларын жазады). Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері дұрыс жазылғанын презентациядағы 2-слайд арқылы тексереді.
4. (3^15∙3^4)/3^17 есепті шығарғанда дәреженің қандай қасиеттері қолданылады? Есепті ауызша орындаңыз.
5. Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болады деп ойлайсыздар? (Оқушылар өз ойларын айтады).
Сабақтың мақсаты: натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін біледі және қолданады.

1.Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады)
2.Жұптық жұмы:
а) оқушылар есептің шығарылу жолын анықтайды;
ә) бірлесіп бағалау критерийін құрамыз;
в) бағалау үшін жұптар кезекпен есепті тақтаға жазып, түсіндіреді. Қалған жұптар олардың жұмыстарын бағалау критерийі бойынша бағалайды. (қажет болған жағдайда мұғалім оқушыларға бағыт береді)
Бағалау критерийі Дескриптор
Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданады. Дәрежелерді көбейту қасиетін біледі және қолданады.
Дәрежелерді бөлу қасиетін біледі және қолданады.
Бөлшекті дәрежеге шығару қасиетін біледі және қолданады.
Көбейтіндіні дәрежеге шығару қасиетін біледі және қолданады.
Дәрежені дәрежеге шығару қасиетін біледі және қолданады.
Есептер:
№1
Есептер Шығарылу жолы Қолданылған формулалар
?∙?∙?³
(-3/7)^5:(-3/7)^4
(2^5∙(2^3 )^3)/2^13
(х^2 )^5:(х^3 )^2
(х^2∙х)^4/(х^3 )^2
№2. Нгізі 3 болатын дәреже түрінде жазыңыз:
а) 9^5; б) 〖27〗^3; в) 〖81〗^4.
№3.Есептеңіз:
а) ((5^8 )^2∙5^7)/5^20 ; б) (81∙3^6)/(3^4 )^3 ; в)〖10〗^(n+1)÷〖10〗^(n-1).
№4. Дәрежеге шығарыңыз:
а) ((〖а^2)〗^3 )³; б) (ху²/а)^5; в) (р²/q³)^3.
№5. Өрнекті ықшамдаңыз:
(k+1)^4 ∶ (k+1)^3 ∙(k+1)^2 ∶ (k+1)^3
№6. Салыстырыңыз: (7/4)^3∙ (4/7)^2 и (- 2)^0.
№7. Өрнекті ықшамдаңыз:
а)((х^5 )^4 ∙ х^7)/х^15 ; б)(а^3∙а^5 ∶ а^6)/(а^7 ∙ а^8 ∶ а^14 )
〖в) (у^3 )〗^4: (у^2 )^5; г)(у^8 )^2 ∙ (у^2 )^3;
д)((а^5 )^7∙ (а^2 )^4)/(а^3 )^14 ; е)(с^13 ∙ с^12 ∶ с^2)/(с^20∙ с^4 ∶с).

№8. Өсу ретімен жазыңыз:
(-3/4)^3; (-2/5)^2; (0,3)^2; 〖 (-1,2)〗^2.

№9. Өрнектің мәнін табыңыз:
(-1,4)^3∙(3 4/7)^3......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері 2-сабақ 7 сынып алгебра, алгебрадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, алгебра умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]