Сабақ жоспары (ұмж): Зерттеу сұрағы 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі
Сабақ тақырыбы: Зерттеу сұрағы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.2.1 тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
-зерттеу жұмысы барысында тәуелді, тәуелсіз айнымалыларды анықтай алады;
-зерттеу жұмысы барысында бақыланатын айнымалы ретінде ермексаздың тығыздығын анықтай алады.
1.Миға шабуыл
Бүгін сендер зерттеушілер рөлінде боласыңдар.
Миға шабуыл сұрақтары арқылы оқушылардың өткен сабақтағы үйренген білімдерін еске түсіру және жаңа сабаққа икемдеу.
Үлгі сұрақтар:
Зерттеу дегеннің не екенін білесіңдер ме? (Зерттеу дегеніміз қандай да бір құбылысты ғылыми тұрғыдан қарастыру).
Болжам деген не? (Болжам— бұл ғылыми ұсыныс).
Зерттеушілерге қандай қасиеттер тән болуы тиіс? (Зерттеушілер байқағыш, жауапты, зейінді, қызығушылығы мол, сауатты болады)
Қалыптастырушы бағалау:
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар
Оқушылар
- зерттеу/болжау ұғымдарын түсіндіре алады;
- зертеушілерге тән негізгі қасиеттерді ажыратып көрсете алады.
2. Жаңа тақырыпты игеру
Зерттеудің сұрағы дәл, қысқаша тұжырымдалады және оған жұмыс барысында қол жетеді. Зерттеудің сұрағын тұжырымдағанда «дәлелдеу», «негіздеу», «жасау» етістіктері қолданылады. Зерттеудің сұрағын тұжырымдағанда «талдау», «сипаттау», «анықтау», етістіктері қолданылады.
Оқушыларға жаңа ақпарат жазылған парақтар үлестіріледі.
Тәуелсіз физикалық шаманы эксперимент жасаушының өзі өзгертеді.
Тәуелді физикалық шама тәуелсіз шаманың өзгерісіне тәуелді өзгереді.
Өзгермейтін шамалардың тұрақтылығын экспериментатор өзі қадағалап, бақылап отырады, сондықтан оны бақыланатын шама деп атайды.
Оқушылар зерттеу нәтижелерін жазатын кестелер дайындайды. Кестедегі сол жақтағы бағанға тәуелсіз айнымалыны (оқушылардың өздері шамасын өзгертіп отыратын айнымалыны), ал оң жақтағы бағанға тәуелді айнымалыны жазады.
3. Эксперименттік тапсырма
Ермексаздың тығыздығын анықтау
Жұппен жұмыс
Оқушылар мысалы, ермексаздың (пластилиннің) көлемі артқан сайын оның массасы да артатынын зерттейді (эксперимент барысында көлемдері әр түрлі ермексаз кесектері қолданылады). Бұл зерттеуде көлем тәуелсіз шама. Ал көлемге тәуелді масса өзгереді, ал есептеулер нәтижесі дәлірек болу үшін экспериментатор тығыздықтың тұрақты болуын қадағалайды, барлық тәжірибелерде бір ермексаз кесегінің бөліктері зерттелетінін бақылайды. Ермексаздан текше (кубик) жасалады. Оның өлшемдері сызғышпен өлшенеді де, V=a3 формуласымен немесе V=a·b·c формуласымен есептеледі. Масса мектептегі зертханалық таразымен өлшенеді.
Оқушылар тәжірибені жасап жатқанда, мұғалім әр топтың жұмысын бақылайды. Содан кейін оқушылардан олардың неліктен осылай жасап жатқандықтарын түсіндіруін сұрайды. Тәжірибені жақсарту жолдары туралы ұсыныстары болса тыңдайды.
Қалыптастырушы бағалау:
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- критерий бойынша жұптардың бағалауы
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар
Оқушылар
- тәуелді айнымалыны өлшеп кестеге толтырады;(масса)
- тәуелсіз айнымалыны өлшеп кестеге толтырады;(көлем)
- бақыланатын тұрақтыны есептеп табады. (тығыздық)
Жұптар өз жұмыстарын бағалайды
Қорытынды: көлемді өзгерткенде масса өзгереді. Бұлар бір-біріне тәуелді/тәуелсіз айнымалылар болады. Олардың қатынасы бақыланатын айнымалы тұрақты болады. Тығыздық деп аталады.
4. Өздік жұмыс
Оқушылар «Тәуелді, тәуелсіз айнымалылар және тұрақты » кестесін толтырады.......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Зерттеу сұрағы 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қорытынды және талқылау 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ғылымның рөлі 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жарық пен көлеңке 1-сабақ (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ғылымның рөлі 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз: